Билет № 14
Планк гипотезасы. Фотоэффект. Фотоэффект заңдары. Фотоэффектінің қолданылуы.
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Атмосфералық қысымның дененің жер бетінен орналасу биіктігіне тәуелділігі.
Зертханалық жұмыс «Математикалық маятниктің көмегімен денеің еркін түсу үдеуін анықтау».
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек жекеленген үзікті үлес түрінде ғана шығарады немесе жұтады.Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады
1887 жылы орыс ғалымдары Генрих Герц пен Столетов ашқан.Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлктрлік эффект(қысқаша фотоэффект) деп атайды.
Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент дейді, ол техникада көптен қолданылады.
Фотоэффект өндірісте, тұрмыстық техникада және ғарыш аппараттарында кең қолданылады. Оның дәстүрлі қолданылатын орындары фототелеграф(кескіндерді сым арқылы алысқа беру), теледидар және дыбысты кино болып табылады.
Жердің бетін ауа қабығы – атмосфера қоршап тұр.
Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады.Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді.Атмосфера –газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Атмосфералық қысымды сынап бағананың биіктіігі бойынша есептейді. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 милиметр сынап бағана алынады
1 мм сын.бағ.=133,3 Па=1,33гПа
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр(грекше барос – ауырлық,метрео – өлшеймін) деп аталады.
Атмосфераның құрылымы өте күрделі, Оның негізгі қабаттары тропосфера,стратосфера, мезосфера және термосфера деп бөлінеді.
Газдар сығылғыш болғандықтан, Жер бетіне жақын ауа қабаттарына оның үстінгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады.Соның салдарынан атмосфера Жердің бетінде неғұрлым тығыз келеді.
Ал ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғарылаған сайын нашар сығылады. Сол себепті оның тығыздығы кеми береді.Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды. Өйткені, шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді,сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған сайын азая береді. Ауа қысымының биіктігі тәуелді болатыны осыдан
Билет № 15
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу заңдары.
Атом құрылысы. Резерфорд тәжірибесі. Атом ядросының құрылысы.
Зертханалық жұмыс «Резистор кедергісін анықтау».
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп аталады
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері бірдей, ал тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөлеітеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
I
=
U=
R = R1+R2+ . . . Rn
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екнші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллеіль жалғау деп атайды
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбәр өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең;жалпы кедергі кемиді.
U=U1=U2=. . . = Un
I=I1+I2+ . . . +In
1/R=1/R1+1/R2 + . . . 1/Rn
U/R=U/R1+U/R2 ; 1/R=1/R1+1/R2
Резерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi планетарлық модель деп Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп атайды
Әрбір
электронның немесе протонның заряды
бір элементар зарядқа(е=1,6*
Кл) тең
Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің менделеев кестесіндегі реттік санына тең
Резерфорд шәкірті Чэдвик ядро құрамына кіретін жаңа бөлшек – нейтронды ашты. Енді кез келген элемент атомының ядросы екі түрлі бөлшектен протоннан нейтроннан туратыны белгілі болды.
