Билет № 1
Механикалық қозғалыс. Жол және орын ауыстыру. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі. Кедергінің температураға және өткізгіштің өлшемдеріне тәуелділігі.
Жылу процестеріндегі энергияның сақталу заңдарына есеп.
1.Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің (немесе материялдық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастпқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Қозғалып бара жатқан және қозғалмай тұрған денелер жайлы келтірілген мысалдар тек қозғалсы қана емес, сондай-ақ тыныштық та салыстырмалы екенін көрсетеді. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.Қозғалыс – барлық денелерге , табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
2.Тізбек бойымен өтетін тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атаймыз.Ток күшінің кернеу мен кедергі тәуелділігін 1827 жылы Г.Ом ашты.
Тізбектің бөлігінде ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.
Өткізгіштің кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді екенін білеміз.
Қыздырған кезде барлық металдардың кедергісі артады.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:
R=
(1
+
R-
өткзгіштің
-өткізгіштің 0 С – тағы температурасы
Билет № 2
Бір қалыпты үдемелі қозғалыс. Үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру.
Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың көлемін ұлғайтқандағы жұмыс.
Зертханалық жұмыс «Қатты дененің тығыздығын анықтау».
Жалпы жағдайда бірқалыпты үдемелі қозғалыс деп үдеу векторы
модулі және бағыты жағынан тұрақты болатын қозғалысты айтады.
Билет № 3
Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.
Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенті. Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығында қолданылуы.
Тұрақты ток заңдарына есеп.
Билет № 4
Ньютонның бірінші және екінші заңы.
Қысым. Паскаль заңы. Паскаль заңының көрінуіне мысалдар.
Кулон заңына есеп.
Билет № 5
Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Томсон формуласы.
Жарқтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңы.
Зертханалық жұмыс «Серіппенің қатаңдық коэффициентін анықтау».
Билет № 6
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты.
Архимед заңы. Денелердің жүзу шарттары. Кеменің жүзуі. Ауада ұшу.
Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығына есеп.
Билет № 7
Дененің салмағы және салмақсыздық. Үдеумен қозғалған дененің салмағы. Салмақсыздықтың пайда болуына мысалдар.
Жарықтың сыну заңы. Толық шағылу.
Электр тізбегін есептеуге есеп.
Билет № 8
Электр зарядтарының өзара әсері. Кулон заңы.
Балқу мен қатаю. Меншікті балқу жылуы.
Механикалық жұмыс пен қуатты табуға есеп.
Билет № 9
Дененің импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Зертханалық жұмыс «Үйкеліс коэффициентін анықтау».
Билет № 10
Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия. Энергияның сақталу заңы.
Түзу және дөңгелек токтың магнит өрісі. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері.
Жылу балансының теңдеуіне арналған есеп.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады
Потенциалдық(латынша потенция – мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің(немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Мысалы,Жер бетімен салыстырғанда жоғары көтерілген дененің потенциялдық энергиясы болады.Өйткені жоғарыдан құлағанда дене жолындағы кейбір заттарды қозғалысқа келтіреді, яғни жұмыс істейді.
E=mgh
Кинетикалық (грекше кинетикос – қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалыс салдарынан туындайтын энгергияны айтады
E=(mv^2)/2
Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты әрекет етуші өрістің күш сызықтарының бағытына перпендикуляр болатын белгілі бір күштермен әрекет етеді
