Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ метод указ.каз.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.14 Кб
Скачать

Бағалау парағы.Оқке.

Интерн №_________ Аялдама 1 Тапсырма 1

Емтихан қабылдаушы _________________

Тапсырма ретінің критерилері

0 – 0,8

1

Амандасу. Паспорттық бөлім

2

Шағымдарды анықтау, детализация

3

Өмір анамнезі. Ауру анамнезі.

4

Жалпы қарау. Арнайы белгілерді анықтау.

5

Арнайы белгілерді анықтау. Берштейн, Вигиацо, Винивартер, Греков, Дьелафуа, Корах, Крымов, Куленкампф, Спижарный – Кларк, Диагнозды нақтылау.

Қорытынды

Әріптер жүесіенде бағалау

Бағаның цифрлік эквиваленті

% құрамы

Традициялық жүйінде бағалау

А

4

95-100

«үздік»

А -

3,67

90-94

В +

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,0

80-84

В -

2,67

75-79

С +

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С -

1,67

60-64

Д +

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

49 -

«қанағаттанарлық емес»

Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________

Бағалау критерилерінің эталондары.

Аялдама № 1. Тапсырма № 1. Емтихан қабылдаушыға мәлімет:

Асқазан және 12 елі ішектің жара ауруының тесілуімен асқынған науқас. Науқастың анамнез жинағанда, жалпы қарағанда интерндеррдің орындау ретін және практикалық дағдылық мүмкіндігін бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критериілері

0 – 0,8

1

Емтихан тапсырушы науқасты кушеткаға жатуға шақырады, өзін таныстырады және өзара амандасқаннан кейін сұрастыруға көшеді. Жасын, мекен-жайын, мамандығын, жұмыс орын анықтайды

2

Шағымдарды анықтайды, шағымдардың пайда болу себебін, қай жағдайда күшейіп әлсірейтінін дәлелдеу үшін қосымша сұрақтардың көмегімен анамнезді толықтырады.

3

Өмір анамнезін хронологиялық ретпен, балалық шақтан бастап басынан өткерген ауруларды, операцияларды нақтылайды. Егер науқас қандай да бір созылмалы аурумен ауырса, ауру ұзақтығын, өткен тексерулерін, және соңғы болған өршуін анықтауды. Оның вирустық гепатитпен туберкулезбен, жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларымен ауырған – ауырмағандығын, эпидемиялогиялық ортасын нақты анықтайды. Ауру анамнезі. Аурудың басталуы және динамикасы.

4

Анамнез жинағаннан кейін жалпы қарау. Тері жамылғасының, көзге көріністің кілігей қабықтың түсін анықтайды. Шеткі лимфа түйіндерін зерттейді. АҚҚ-ын өлшейді, пульсті санайды. Іштің беткей және терең пальпациясын жасайды. Оң жақ мықын аймағында бұлшық ет дефансы бар – жоғын анықтайды. Жедел хирургиялық ауруларға тән белгілерді анықтайды

5

Асқазан және 12 елі ішектің жара ауруының тесілуімен асқынған аурудың белгілері: 1. Берштейн белгісі. Аталық бездерді көтеретін бұлшықеттердің және іштің беткей фасциясының рефлекторлы жиырылуы нәтижесінде аталық бездердің шап өзегінің сыртқы сақинасына ығысуы. 2.Вигиацо белгісі. Кіндік тұсында байқалатын теріасты эмфиземасы. Бұл белгі он екі елі ішектің артқы қабырғасында орналасқан ойық жараның тесілуінде пайда болады. Ауа бауырдың дөңгелек байламы бойымен кіндік аймағына таралып, теріасты эмфиземасын тудырады. 3.Винивартер белгісі. Он екі елі ішек аймағындағы ішастардың париетальді бөлігіндегі сары түсті дақ. Бұл он екі елі ішектің ішастардан тыс жатқан бөлігінің тесілгенін аңғартады. Симптом әдетте операция үстінде анықталады. 4. Греков белгісі. Асқазан және он екі елі ішектің жарасының тесілуінің алғашқы кезеңінде қан тамырларының соғысының сиреуі. 5.Дьелафуа белгісі. Асқазан және он екі елі ішектің жарасының асқынуы - тесілуі кезінде іштің "қанжар" сұққандай кенеттен қатты ауруы. 6.Корах белгісі. Тесілген ойық жара асқазанның кардия аймағында орналасса "тері асты эмфиземасы" сол жақ кеуде, бет тұстарына және сол жақ ұмаға таралуы ықтимал. Ойық жараның тесілуінің атипиялық белгісі. 7. Крымов белгісі. Кіндік сақинасын саусақтың ұшымен зерттеген кезде іш пердесінің тітіркенуіне байланысты ауырсынудың пайда болуы. Асқазан және он екі елі ішектің тесілген жарасына тән. 8.Куленкампф белгісі. Тік ішекті саусақпен зерттегенде асқазан және он екі елі ішектің тесілген жарасында сұйықтықтың және асқазандағы қалдық тамақ құрамының Дугласов кеңістігінде жиналуына байланысты ауырғандықтың анықталуы. Неймарк-Мельников сынамасы. Іш қуысынан алынған 2-3мл сұйықтыққа 3-4 тамшы 10% иод ерітіндісін қосқан кезде, сұйықтықтың түсі көкшіл түске ауысса, сұйықтықтың ішінде крахмал бар екендігін көрсетеді. Бұл асқазан мен он екі елі ішектің тесілуі кезінде ғана болады. 9.Спижарный - Кларк белгісі. Асқазан және он екі елі ішектің жарасының тесілуінде бауырүстілік кеңістікке ауа жиналуына байланысты перкуссия кезінде бауырдың тынық дыбысының жоғалуы.

Қорытынды

Жоғарғы балл – 4

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________

Интернге арналған емтихандық тапсырма.

Аялдама № 2. Тапсырма № 2.

Рентгенограмманы оқыңыз (компьютерлік томограмманы). Патологиялық өзгерісті анықтаңыз және қысқаша қорытынды жасаңыз.

Уақыт 6 минут.