- •М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
- •Жалпы медицина факультетінің интерн хирургтарына арналған клиникалық емтихан өткізу үшін әдістемелік нұсқау
- •Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке)
- •4. Оқке мақсаты:
- •6. Емтиханның дайындық кезеңі (қосымша 1).
- •7. Оқке-н жоспары және өткізу реті.:
- •Оқке дайындық этапы
- •Интерн дәрігерлер мен емтихан қабылдаушыларды оқке-ң жүргізілу тәртібімен таныстыру.
- •Емтихан қабылдаушыға арналған оқке-ң жүргізілу ережесі:
- •Оқке сатыларының реттілік сызбанұсқасы.
- •1 Саты
- •Науқасты зерттеу
- •6 Саты
- •Плевральдық пункция жасау
- •7 Саты
- •Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу
- •8 Саты
- •Реанимациялық шараларды орындау
- •9 Саты
- •Лапароцентез жасау
- •10 Саты
- •Қуыққа катетер қою
- •2 Саты
- •Рентгенограмманы оқу
- •3 Саты
- •Қан тобын анықтау
- •4 Саты
- •Вене пункция жасау
- •5 Саты
- •Клиникалық жағдай
- •Тапсырмалар тізімі.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
Оқке сатыларының реттілік сызбанұсқасы.
(хирургиялық аурулар)
Шығу
1 Саты
Науқасты зерттеу
6 Саты
Плевральдық пункция жасау
7 Саты
Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу
8 Саты
Реанимациялық шараларды орындау
9 Саты
Лапароцентез жасау
10 Саты
Қуыққа катетер қою
2 Саты
Рентгенограмманы оқу
3 Саты
Қан тобын анықтау
4 Саты
Вене пункция жасау
5 Саты
Клиникалық жағдай
Кіру
Тапсырмалар тізімі.
Хирургиялық аурулар бойынша квалификациялық емтихан негізінде ОҚКЕ-ға клиникалық дағдылар
№ |
Түлектерге арналған тапсырмалар |
Макс. Балл. |
Уақыт/ минутпен |
1 |
Жедел хирургиялық аурумен алдыңызда науқас. Анамнез жинап, науқасты жалпы қарау жүргізіңіз. Алғашқы диагноз қойыңыз. |
4 |
6 |
2 |
Рентгенограмма оқыңыз (ком-қ тамограмма). Патологиялық өзгерістердің барын анықтап қысқаша қорытынды беріңіз |
4 |
6 |
3 |
Қан тобын анықтаудағы өзіңіздің практикалық дағдыңызды көрсетіңіз |
4 |
6 |
4 |
Венепункция жасағанда өзіңіздің практикалық дағдыңызды көрсетіңіз. Өзіңіздің әрекетіңізді түсіндіріңіз |
4 |
6 |
5 |
Сізге клиникалық жағдайды сипаттау берілген. Анамнезімен, зерттеу нәтижелерімен танысып, оны бағалаңыз. Алқашқа диагнозын қойыңыз. Оны жазбаша негіздеңіз. Сіздің тактикаңыз. |
4 |
6 |
6 |
Плевра құысына сұйықтық немесе ау жиналған жағдайда плевра пункциясын жасауда өзіңіздің практикалық дағдыңызды көрсетіңіз |
4 |
6 |
7 |
Жұмсақ тканьдердің жарақатында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізгенде өзіңіздің практикалық дағдыңызды көрсетіңіз |
4 |
6 |
8 |
Реанимациялық шараларды жүргізу мүмкіншілігіңізді көрсетіңіз. |
4 |
6 |
9 |
Сіздің лапароцентез жүргізу мүмкіншілігіңізді көрсетіңіз. Процедураның жүргізу барысында өзіңіздің әрекеттеріңізге ауызша түсінік беріңіз |
4 |
6 |
10 |
Қуыққа катетер қоюдағы өзіңіздің практикалық дағдыңызды көрсетіңіз |
4 |
6 |
|
Барлығы |
40 |
60 |
Интернге арналған емтихан тапсырмалары.
Аялдама № 1. Тапсырма № 1.
Сіздің алдыңызда жедел аппендицитпен науқас. Анамнезін жинап жалпы қарау керек. Алғашқы диагноз қойыңыз.
Уақыты 6-минут.
Бағалау парағы.Оқке.
Интерн №_________ Аялдама 1 Тапсырма 1
Емтихан қабылдаушы _________________
№ |
Тапсырма ретінің критерилері |
0 – 0,8 |
1 |
Амандасу. Паспорттық бөлім |
|
2 |
Шағымдарды анықтау, детализация |
|
3 |
Өмір анамнезі. Ауру анамнезі. |
|
4 |
Жалпы қарау. |
|
5 |
Арнайы белгілерді анықтау. Бартомье-Михельсон белгісі. Волкович-Кохер белгісі. Воскресенский белгісі. Габай белгісі. Образцов белгісі. Раздольский белгісі. Ровзинг белгісі. Ситковский белгісі. Диагнозды нақтылау. |
|
|
Қорытынды |
|
Әріптер жүесіенде бағалау |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
% құрамы |
Традициялық жүйінде бағалау |
А |
4 |
95-100 |
«үздік» |
А - |
3,67 |
90-94 |
|
В + |
3,33 |
85-89 |
«жақсы» |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В - |
2,67 |
75-79 |
|
С + |
2,33 |
70-74 |
«қанағаттанарлық»
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
С - |
1,67 |
60-64 |
|
Д + |
1,33 |
55-59 |
|
Д |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
49 - |
«қанағаттанарлық емес» |
Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________
Бағалау критерилерінің эталондары.
Аялдама № 1. Тапсырма № 1. Емтихан қабылдаушыға мәлімет:
Жедел аппендицитпен ауруы бар науқастардан анамнез жинағанда, жалпы қарағанда интерндердің орындау ретін және практикалық дағдылық мүмкіндігін бағалаңыз.
№ |
Дағдыларды бағалау критериілері |
0 – 0,8 |
1 |
Емтихан тапсырушы науқасты кушеткаға жатуға шақырады, өзін таныстырады және өзара амандасқаннан кейін сұрастыруға көшеді. Жасын, мекен-жайын, мамандығын, жұмыс орын анықтайды |
|
2 |
Шағымдарды анықтайды, шағымдардың пайда болу себебін, қай жағдайда күшейіп әлсірейтінін дәлелдеу үшін қосымша сұрақтардың көмегімен анамнезді толықтырады. |
|
3 |
Өмір анамнезін хронологиялық ретпен, балалық шақтан бастап басынан өткерген ауруларды, операцияларды нақтылайды. Егер науқас қандай да бір созылмалы аурумен ауырса, ауру ұзақтығын, өткен тексерулерін, және соңғы болған өршуін анықтауды. Оның вирустық гепатитпен туберкулезбен, жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларымен ауырған – ауырмағандығын, эпидемиялогиялық ортасын нақты анықтайды. Ауру анамнезі. Аурудың басталуы және динамикасы. |
|
4 |
Анамнез жинағаннан кейін жалпы қарау. Тері жамылғасының, көзге көріністің кілігей қабықтың түсін анықтайды. Шеткі лимфа түйіндерін зерттейді. АҚҚ-ын өлшейді, пульсті санайды. Іштің беткей және терең пальпациясын жасайды. Оң жақ мықын аймағында бұлшық ет дефансы бар – жоғын анықтайды. Жедел хирургиялық ауруларға тән белгілерді анықтайды |
|
5 |
Жедел аппендициттің белгілері: 1.Бартомье-Михельсон белгісі. Науқас сол жақ қапталымен жатқан қалпында оң жақ мықын аймағына пальпация жасау кезінде аурудың күшеюі. 2.Волкович-Кохер белгісі. Ауырғандық алғашқы уақытта төс асты аймағында, кейде семсер тәрізді өсіндінің астында пайда болып, 1-3 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ауысады. 3.Воскресенский белгісі. Дәрігер жатқан науқастың, сол қолымен көйлегінің төменгі жиегінен тартады. Оң қолдың II, III, IV саусақтарының ұшын төс асты аймағында орналастырады. Науқас дем алған кезде (іш қабырғасы босаңсығанда) саусақтарының ұшымен іш қабырғасына орташа қысыммен соқыр ішек аймағына қарай төменге бағытталған, өте тез жылжымалы қимыл жасайды. Осы жылжымалы қозғалыс кезінде науқас оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшейгенін байқайды. 4.Габай белгісі. Ретроцекальды орналасқан құрт тәрізді өсіндінің жедел қабынуында (жедел аппендицит) бұл белгі оң нәтижелі болады. Оң жақ Пти үшбрышы аймағын саусақтармен басып, содан соң оларды бірден тартып алады (Щеткин-Блюмберг белгісін анықтағандай). Сол кезде ауру сезімі пайда болады. 5.Образцов белгісі. Оң жақ мықын аймағын пальпация жасау кезінде, науқас оң аяғын жамбас-сан буынынан бүгіп, тізе буынынан бүкпей, тіке көтереді, осы уақытта оң жақ мықын аймағында ауырғандық күшейеді. 6.Раздольский белгісі. Балғашамен немесе саусақпен іш қабырғасына перкуссия жасаған кезде жедел аппендицит кезінде оң жақ мықын аймағында ауырғандық анықталады. 7.Ровзинг белгісі. Дәрігер сол қолымен тоқ ішектің құлдырау бөлігіне сәйкес іш қабырғасының сол жақ мықын аймағын басады, басып тұрған қолды алмай, оң қолымен алдыңғы іш қабырғасы арқылы тоқ ішектің жоғары орналасқан бөлігіне соққы береді. Ровзингінің ойы бойынша, тоқ ішек ішіндегі газдар соққы кезінде жоғарғы бөліктеріне ауысады да, соқыр ішек қабырғасына дейін жетеді. Егер жедел аппендицит болса ауырсыну оң жақ мықын аймағында пайда болады. 8. Ситковский белгісі. Науқас сол жақ қапталымен жатқан кезде оң жақ мықын аймағында ауырсынудың пайда болуы немесе күшеюі. |
|
|
Қорытынды |
|
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________
Тнтернге арналған емтихан тапсырмалары.
Аялдама № 1. Тапсырма № 1.
Сіздің алдыңызда жедел холециститпен науқас. Анамнезін жинап жалпы қарау керек. Алғашқы диагноз қойыңыз.
Уақыты 6-минут.
