- •М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
- •Жалпы медицина факультетінің интерн хирургтарына арналған клиникалық емтихан өткізу үшін әдістемелік нұсқау
- •Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке)
- •4. Оқке мақсаты:
- •6. Емтиханның дайындық кезеңі (қосымша 1).
- •7. Оқке-н жоспары және өткізу реті.:
- •Оқке дайындық этапы
- •Интерн дәрігерлер мен емтихан қабылдаушыларды оқке-ң жүргізілу тәртібімен таныстыру.
- •Емтихан қабылдаушыға арналған оқке-ң жүргізілу ережесі:
- •Оқке сатыларының реттілік сызбанұсқасы.
- •1 Саты
- •Науқасты зерттеу
- •6 Саты
- •Плевральдық пункция жасау
- •7 Саты
- •Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу
- •8 Саты
- •Реанимациялық шараларды орындау
- •9 Саты
- •Лапароцентез жасау
- •10 Саты
- •Қуыққа катетер қою
- •2 Саты
- •Рентгенограмманы оқу
- •3 Саты
- •Қан тобын анықтау
- •4 Саты
- •Вене пункция жасау
- •5 Саты
- •Клиникалық жағдай
- •Тапсырмалар тізімі.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
Оқке дайындық этапы
ОҚКЕ-ның әдістемелік нұсқауын хирургияның негізгі бөлімі бойынша дайындаған кезде келесі ұйымдастыру сұрақтарын шешу қажет:
1. Емтихан аялдамаларының санын нақтылау.
2. Емтихан тапсырушы топтардың санын анықтау.
3. Әр аялдамаға тапсырмалар дайындау.
4. Әрбір аялдамаларға емтихан қабылдаушыларды тағайындау.
5. Тапсырма бағасын балл бойынша есептеу.
6. Интерндер мен емтихан қабылдаушыларды ОҚКЕ-ң жүргізілу тәртібімен таныстыру. (қосымша 2)
1. Емтихан к аялдамаларының санын нақтылау.
Аялдамалар саны базалық кафедраның оқу бағдарламасымен мүмкіндігіне байланысты.
2. Емтихан тапсырушы топтардың санын анықтау.
Топтар саны жалпы интерндер санын аялдамалар санына тең бөлумен анықталады.
3. Әр аялдамаларға тапсырмалар дайындау.
Тапсырманы дайындауда негізгі жауапкершілікті кафедра қызметкерлері атқарады.
4. Әрбір аялдамаға емтихан қабылдаушыларды тағайындау.
Емтихан өткізуге кафедра жетекшісі, профессорлар, доценттер және де кафедра мұғалімдері қатысады.
5. Тапсырма бағасын балл бойынша есептеу.
Тапсырма бағасы балл бойынша жүргізіледі – 0,1,2 балл. Емтихан қабылдаушы (+) белгісін балл санына сәйкес графаға қояды.
6. Аудиториялар дайындау.
Аудиторияда екі шығу жолы болу керек. Аудиторияда шеңбер бойынша үстелдер орналастырылады – аялдамалар. (1 сызбанұсқа). Әрбір үстелде аялдама номерімен табличка және сағат орналастырылады, сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жазба құралдары мен ОҚКЕ-ға қажетті құжаттар дайындалады. Құжаттарға жататындар: емтихан тапсырмалары, бағалау парағы, бағалау критериларының эталондары. Қажетті жағдайда аялдамалар кушеткамен, муляждармен, құрал – саймандармен, тігіс материалдарымен, рентген суреттері жинағымен, УДЗ нәтижелерімен, лабораториялық – инструментальды зерттеу әдістерімен жабтықталады. Кей жағдайда хирургиялық науқастар мен волонтерлер қатысады. Волонтерлер ретінде студенттер, клиникалық ординаторлар, аға лаборанттар және білім жетілдірушілер де қатыса алады. Олармен арнайы тренинг жүргізіледі.
Интерн дәрігерлер мен емтихан қабылдаушыларды оқке-ң жүргізілу тәртібімен таныстыру.
Емтихан алдында интерндер және мұғалімдер ОҚКЕ-ң жүргізілу тәртібімен танысады.
Қосымша 2
Түлектерге арналған ОҚКЕ-ң жүргізілу ережелері.
1. Емтиханға дейін барлық интерндерге тек номер көрсетілген бейджлер беріледі. Интерн өз бейджінің номірі емтихан бастайтын аялдама номеріне сәйкес келетінін білу керек.
2. Интерн белгі берілгеннен кейін тапсырма орындалуына байланыссыз, бірден келесі аялдамаға ауысуы керек.
3. Интерндер келесі аялдамаға сағат тілі бойынша ауысады.
4. Интерн емтихан қабылдаушыға сұрақ қоймау керек.
Емтихан қабылдаушыға арналған оқке-ң жүргізілу ережесі:
1. Әрбір емтихан қабылдаушыға емтихан соңына дейін жауап беретін аялдама бекітіледі.
2. Емтихан қабылдаушы бағалау прағына интерн бейджінің номірін жазып интерндердің тапсырманы орындалуын мұқият қадағалау керек.
3. Емтихан қабылдаушы интерндерді тапсырманың әр қадамын бағалау парағында көрсетілген критерилер бойынша бағалау керек және тапсырманың әр қадамы бойынша балл қойылуы қажет.
4. Емтихан қабылдаушы түлекке сұрақ қойып, қатынасқа түспеу керек.
5. Емтихан қабылдаушы өзінің аялдамасынан өткен барлық интерндердің бағалау парағындағы баллдарды санап, бағасын қойып, бағалау парағын кафедра жетекшісіне тапсыру керек.
6. Емтихан қабылдаушы әрбір интерннің емтихан бойынша жалпы қорытындысын шығаруған қатысуы керек.
