- •М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
- •Жалпы медицина факультетінің интерн хирургтарына арналған клиникалық емтихан өткізу үшін әдістемелік нұсқау
- •Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке)
- •4. Оқке мақсаты:
- •6. Емтиханның дайындық кезеңі (қосымша 1).
- •7. Оқке-н жоспары және өткізу реті.:
- •Оқке дайындық этапы
- •Интерн дәрігерлер мен емтихан қабылдаушыларды оқке-ң жүргізілу тәртібімен таныстыру.
- •Емтихан қабылдаушыға арналған оқке-ң жүргізілу ережесі:
- •Оқке сатыларының реттілік сызбанұсқасы.
- •1 Саты
- •Науқасты зерттеу
- •6 Саты
- •Плевральдық пункция жасау
- •7 Саты
- •Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу
- •8 Саты
- •Реанимациялық шараларды орындау
- •9 Саты
- •Лапароцентез жасау
- •10 Саты
- •Қуыққа катетер қою
- •2 Саты
- •Рентгенограмманы оқу
- •3 Саты
- •Қан тобын анықтау
- •4 Саты
- •Вене пункция жасау
- •5 Саты
- •Клиникалық жағдай
- •Тапсырмалар тізімі.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
- •Бағалау парағы.Оқке.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
№2 хирургиялық аурулар кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
М.Оспанов атындағы БҚММУ
ОІЖ және ТЖ проректоры
доцент_____ Түсіпқалиев А.Б.
Жалпы медицина факультетінің интерн хирургтарына арналған клиникалық емтихан өткізу үшін әдістемелік нұсқау
Ақтөбе, 2012 ж.
Әдістемелік нұсқауды құрастырғандар: №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Б.С.Жақиев және кафедра қызметкерлері.
Кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № «___»______2012ж.
Кафедра жетекшісі:
Әдістемелік нұсқау интернатура бойынша ОМК отырысында талқыланды
Хаттама № «___»______2012ж.
ОМК төрайымы: м.ғ.к., доцент Жақиева Г.Р.
Оқу әдістемелік орталықта бекітілді
Хаттама № «___»______2012ж.
ОМО басшысы: м.ғ.к., доцент Ким С.В.
Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке)
2. Уақыты –
3. Мотивация (себеп): Рольдік ойын кезіндегі интерндердің жоспарланған іс-әрекеттерді шешу кезіндегі табысы олардың хирургиялық аурулардың диагностикасының негізгі принциптері туралы және емдеу жолдары жөніндегі біліміне байланысты. интерндің практикалық дағдыларды меңгеруі, клиникалық әр-түрлі жағдайларда дұрыс тактиканы таңдауы және хирургиялық ауруларды оперативтік емдеу техникасын дәл орындауы оқытушылардың оқу процессі кезіндегі үлкен жауапкершілігін көрсетеді.
4. Оқке мақсаты:
4.1. Оқыту:
- интернге қойылған тапсырмаларды орындауға жағдай туғызу;
- интерндердің клиникалық білімдеріне объективтік бағаны қамтамасыз ету.
4.2. Тәрбиелік:
практикалық дағдыларды меңгеруге интерндердің жауапкершілік сезімін арттыру.
5. Өткізу орны: оқу аудиториясы, хирургиялық бөлім.
6. Емтиханның дайындық кезеңі (қосымша 1).
7. Оқке-н жоспары және өткізу реті.:
7.1. Ұйымдастыру бөлімі:
Емтихан басталар кезде кафедра меңгерушісі ОҚКЕ-ға кафедра жұмысшылары арасынан хатшыны тағайындайды.
Хатшы емтиханның басталуына 3-5 минут қалған кезде интерндерге бейдждарды таратады, тізімдегі фамилиялардың тұсына шрифтінің номерін қояды және тізімді кафедра меңгерушісіне тапсырады.
7.1.1. Хатшы интерндердің 1-ші тобын шақырады. Әр интерн емтиханның өткізілуіне қойылған ережелерге сай өздерінің белгілі бір аялдамасына орналасады. (қосымша-2) – 2 мин.
7.1.2. Әр аялдаманың емтихан қабылдаушысы интерндерге тапсырма беріп, оның бейджінің номерін бағалау қағазына тіркеп қояды.
7.2. Емтиханды өткізу:
7.2.1. Интерндер бұйрық бойынша белгілі бір аялдаманың тапсырмасын орындауға кіріседі. (қосымша-3)
7.2.2. Емтихан қабылдаушы интерндер тапсырмаларын орындағаннан кейін емтихан тапсырушыларды аялдамаға арнайы дайындалған баллдық критерияларға сай бағалайды. (қосымша-4)
7.2.3. Аялдамаларда тапсырманы орындау үшін 6 мин. Беріледі. Осы уақыт өткеннен кейін хатшы белгі береді, соған қарап интерндер өз тапсырмаларын тоқтатып басқа аялдамаға көшеді.
7.2.4. Осылайша интерндер барлық белгіленген аялдамалардағы тапсырмаларды орындайды, содан кейін бір мезгілде емтихандарын бітіріп, аудиториядан шығып кетеді.
7.2.5. Бір – бірінен мағұлматтар ала – алмауы үшін, 1-ші топ шығысымен аудиторияға келесі топ шақырылады.
7.2.6. Соңғы интерндер тобы аудиториядан шығысымен, әр аялдаманың емтихан қабылдаушысы интерндердің бағалау қағазындағы баллдың санын санайды, және оны емтихан хатшысына тапсырады.
7.3. Емтиханды қорытындылау:
7.3.1. Хатшы әр интерннің мәліметтерін ОҚКЕ-ңың арнайы құжаттарына енгізеді. (қосымша-6)
7.3.2. Интерндердің мәліметтері толық толтырылғаннан кейін, кафедра меңгерушісі арнайы құжаттарға тізімге байланысты шешім жасайды.
7.3.3. Емтихан қабылдаушылармен кафедра меңгерушісі арнайы құжаттарға қолдарын қояды.
7.3.4. Хатшы «Емтихан қорытындылары» арнайы дайындалған бланкілерге қорытынды балл мен бағаны қояды, интерннің өзіне жеке беруді қамтамасыз ету үшін конвертке салып береді.
7.3.5. Жиналған балдар бойынша 1.2.3. орындарды иеленгендер интерндер марапаттарады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Каримов Х.Я., Рахат Атун, Джон Фуллер, Глинянова Л.М. Опыт организации и проведения объективного струетурированного клинического экзамена при подготовке врачебных кадров (Центрально-Азиатский Научно-практический журнал, 2001-Vol. №1. с. 39-45.).
Нагаева Т.К. OSKE – инновационный метод оценки знаний и умений (Учебное пособие – Бишкек, 2002-107с.).
Муминов Т.А., Даулетбанова М.И. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских ВУЗов (Учебно-методическое пособие, Алматы 2003-144 стр.).
Қосымша 1
