- •Күн құдайына;
- •Көшпелі мал шаруашылығы;
- •Өздерінің жерлерін кеңейту;
- •Түркі тілдес халықтардың Шығыстан Батысқа қарай ағылуы және түркілердің ерте феодалдық мемлекеттерінің қалыптасуы.
- •Есім хан (Шығай хан баласы);
- •Жайық маңында мал жаюға тыйым салудан;
- •Шыңғыс ханның ұрпақтары.
- •17 Млн. Десятина;
$$$ 1 Қазақстан тарихы пәнінің оқыту нысаны не болып табылады?
B) Адамзаттың Қазақстан территориясында пайда болуы, қалыптасуы және дамуы;
$$$ 2. Қоғамның белгілі кезеңдерін немесе оның құрамдас процесстерін зерттейтін әдіс:
C) Кезеңдеу;
$$$ 3. Археологиялық деректерге жататындар:
D) Қабірлер, тұрақтар, қалашықтар;
$$$ 4. Этнографиялық деректерге жататындар:
А) Аңыз, шежіре,эпос;
$$$ 5.Қай ғылым саласы тарихи білімнің даму тарихын және тарих ғылымындағы кейбір келіспеушілік мәселелердің шешудің негізгі жолдарын атап көрсетеді?
В) Тарихнама;
$$$ 6 Алғашқы Қазақ тарихшылары деп кімдерді атайды?
С) Қ.Жалайри, Х.Дулати;
$$$ 7 Қазақстан тарихы бойынша алғаш рет жүйелі түрде еңбек жазған кім?
А) А.Левшин;
$$$ 8. Неолит кезеңінде қандай жаңа шаруашылық түрлері қалыптасты:
С) Жер өңдеу мен мал шаруашылығы;
$$$ 9. Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың қоныстануы қай дәуірге жатады:
E) Палеолит дәуіріне.
$$$ 10. Неолит дәуірінің кезеңі:
A) б.э.д 5-3 мың жылжық;
$$$ 11. Қазақстандағы палеолит кезеңіне тән тұрақтар қай жерде:
C) Қаратау тауы;
$$$ 12 Тас ғасырдың қай кезеңінде адамдар тас кесуді үйренді:
С) Неолит;
$$$ 13 Қазақстан территориясындағы адамдардың алғашқы қауымдық ұйымы:
D) алғашқы қауым;
$$$ 14 Қай дәуірде адамдар керамикадан ыдыс жасауды үйренді:
А) Неолит;
$$$ 15 Кейінгі полеолиттің хронологиялық шеңбері:
А) 35-30 м.ж -12-10м.ж. бұрын;
$$$ 16 Қай кезеңде адамдар жануарларды қолға үйрете бастады:
С) Неолит;
$$$ 17 Қай кезеңде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты:
С) Мезолит;
$$$ 18 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының қай кезеңінде аналық ру қалыптасты?
Е) Жоғарғы палеолит.
$$$ 19 Қазақстанда игеруші шаруашылықтан өндіруші мал шаруашылығына көшу қай кезеңде басталды?
С) Неолит;
$$$ 20 Социогенез – бұл:
A) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;
$$$ 21 Неолит төңкерісі – бұл:
B) Өндірмейтін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу;
$$$ 22 Адамдардың қазіргі типінің пайда болуы ежелгі адамдардың өмірінің қандай кезеңімен байланысты:
D) Жоғары палеолит;
$$$ 23 Антропогенез – бұл:
C) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;
$$$ 24 Қола дәуіріне қай орнамент жатады;
B) геометриялық;
$$$ 25 Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінуіне негіз болған...
А) Тайпалардың мал шаруашылығына және егін шаруашылығына бөлінуі;
$$$ 26 Физикалық жағынан андроновтықтар:
А) Европеоидтар;
$$$ 27 Қай дәуірде қоғамдық құрылымдар аналық ру аталық руды ауыстырды?
В) Қола дәуірі;
$$$ 28 Андроновтық тасқа қашалған суреттердің ең көп шоғырланған жері:
C) Жетісу;
$$$ 29 «Көзілдірік» және «алақан» тәріздес алқалар, жартылай оралған сырғалар қай мәдениетті сипаттайды?
A) Андронов;
$$$ 30 Андронов мәдениетінің тұрақтары мына қаланың маңынан табылды:
A) Ачинск;
$$$ 31 Б.з.д. II м. ж. мына технология ойлап табылды:
A) Қоланы өңдеу;
$$$ 32 «Авестада» Қазақстан жерінденгі халық қалай аталды:
D) Турлар;
$$$ 33 Қай тайпаның көшуі «Ұлы қоныс аударудың» басы болды?
C) андроновтықтар;
$$$ 34 А. Македонскийдің сақ тайпасына жасаған алғашқы жорығы қай ғасыр?
D) б.э.д IV ғ;
$$$ 35 Қаңлы тайпасының территориясы:
B) Оңтүстік Қазақстан;
$$$ 36 Сақ тайпасының өнеріне жататын стиль:
D) аңдық;
$$$ 37 Қаңлылардың жазба деректердегі астанасы?
E) Битянь.
$$$ 38 Ежелгі сақтарды өзінің еңбегінде жазған:
B) Геродот;
$$$ 39 Қазіргі Қазақстанның қай бөлігінде массагеттер тайпасы қоныстанды? С) Арал және Каспий теңіздері даласында;
$$$ 40 Б.з.д. IV-III ғ.ғ. Қытайдың солтүстік шекарасында қоныстанған тайпалық бірлестіктердің бірігу процесі жүрді: Оларды Сюнку және Дунху деп атады. Бұл тайпалардың кейінгі атауы:
А) Ғұндар;
$$$ 41 Қазіргі Қазақстанның қай бөлігін сақ-тиграхаудтар мекендеген:
В) Жетісу;
$$$ 42 Б.з.д II ғ. Үйсін тайпалары сақ- тиграхаудтар жерлеріне қай аймақтан келді:
С) Орталық Азия;
$$$ 43 Б.з.д. II ғ.үйсіндердің біраз бөлігі қай территорияға қоныстана бастады?
С) Жетісу;
$$$ 44 Сақтар Іле алқабына өте тығыз орн\ты. Мұнда қандай қорымдар болды:
А) Бесшатыр,Есік, Түрген;
$$$ 45 Атақты «Алтын Адам» қай жерден табылды: С) Есік қорғанынан;
$$$ 46 Қазақстанды мекендейтін тайпалардың темірді пайдалану кезеңі:
С) Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. ;
$$$ 47 Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” сақтардың қай тайпалық құрылымына жатады:
C) Тиграхауда сақтары;
$$$ 48 Ұлы Жібек Жолы қай ғасырда пайда болды:
B) Б.з.д. II ғ. ;
$$$ 49 Сақтардың киімдері және жерлеу орындарының регалиялары бойынша, сақтардың өздерінің патшасын неге теңестіргенін көруге болады:
Күн құдайына;
$$$ 50 Азиялық скифтер деп аталған тайпалар:
Сақтар;
$$$ 51 «Сақ кезеңінде» (б.э.д. І мың жылдықтың ортасы) қандай шаруашылық кеңінен таралды:
Көшпелі мал шаруашылығы;
$$$ 52 Сақтардың қоғамы қандай үш түрге бөлінді?
Жауынгерлер, абыздар, қауымшылар; $$$ 53 Ғұндардың Қазақстан аумағына басып енуі қашан болды?
Б.э.д. ІІ – І ғ.ғ. ;
$$$ 54 Диодор қай тайпа туралы былай деп жазды: олар Скифияның көп бөлігін жаулап, жеңілмейтіндерді жеңіп, жерлерін шөлге айналдырды?
С) Сарматтар туралы;
$$$ 55. Қазақстан қай ғасырда Түрік қағанатына бағынды:
D) VI ғ. ;
$$$ 56. 542ж. «түрік» сөзі алғаш қандай жазба деректерде кездеседі:
D) Қытай;
$$$ 57. Түрік қағанатының Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі қай жылы аяқталды:
A) 603ж.;
$$$ 58 VII ғ. Батыс түрік қағанаты қай қағанның тұсында күшейді:
C) Джегуй-қаған;
$$$ 59. 704ж. Жетісуда қай түрік тайпасы саяси үстемдікке ие болды?
A) Түргеш;
$$$ 60. Арабтарға қарсы соғысқан түргеш тайпасының көсемдері қалай аталады?
B) Уш- Элик;
$$$ 61 Оғыз мемлекеті қай елдің көмегімен 965 жылы Хазар қағанатын, ал 985 жылы Волга Бұлғарларын жеңді:
C) Киев Русі;
$$$ 62 Қимақ қағанатының күйреуі:
A) XI ғасырдың басы;
$$$ 63. 751 жылы Атлах қаласында кімдер арасында соғыс болды:
A) қытай мен арабтар;
$$$ 64. X ғ. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала:
B) Янгикент;
$$$ 65 Батыс Түрік қағанаты қай мемлекеттен ойсырай жеңілді?
D) Тань империясы;
$$$ 66. Қимақ қағанатының орпталығы:
C) Ертіс өзені бойында;
$$$ 67. 561 – 563 ж антиэфталиттік одаққа түріктер кімдермен келісті:
A) Иранмен;
$$$ 68. XI ғ. қай тайпа оғуз мемлекетін ыдырауға мәжбүр етті?
B) қыпшақтар;
$$$ 69. 715 – 738 ж Түргеш қағанаты қай қағанның тұсында күшейді?
E) Сулук.
$$$ 70.Қарлұқ қағанатының жойылуы:
A) 940 ж.;
$$$ 71 .Қимақтар Қазақстанның қай жерінде орналасты?
D) Солтүстік Қазақстан;
$$$ 72. Жазбаша деректерде Отрар қаласы қалай аталған:
В) Тарбанд;
$$$ 73. Көрші тайпаларға шапқыншылықтары кезінде түркілер қандай басты мақсатты көздеді:
Өздерінің жерлерін кеңейту;
$$$ 74. Түркілердің этногенезінің (шығу тегінің) қоғамдық белгісін анықтаңдар?
Түркі тілдес халықтардың Шығыстан Батысқа қарай ағылуы және түркілердің ерте феодалдық мемлекеттерінің қалыптасуы.
$$$ 75 Оғыздар мемлекеті туралы алғаш кімнің еңбегінде айтылады?
Әл Якубидің;.
$$$ 76 «Қарақытайлар» деген кімдер?
B) қидандар;
$$$ 77. 1007ж. найман мен керейттер қай дінді қабылдады:
D) христиандық;
$$$ 78. Қарахандық династиясының басшысы:
A) Сатұк Боғра хан;
$$$ 79 Қарахан династиясының билігі қай жылы қарақытайларға ауысты:
B) 1141 жылы;
$$$ 80. Жетісуда Қарлұқ қағанатының орнына келген мемлекет:
D) Қарахaн мем лекеті;
$$$ 81. Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен әскер қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Ол қалай аталды:
В) Икта;
$$$ 82. Қарақытай мемлекеті қай жерде орналасқан:
C) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Түркістан;
$$$ 83.VIII–X ғ. қыпшақтар қай мемлекеттің құрамында болды:
D) Қимақ мемлекеті;
$$$ 84. XIII ғ Жетісудан қарақытайларды ығыстырған тайпа:
C) наймандар;
$$$ 85.Дешті- Қыпшақ атауы қай ғасырда пайда болды:
A) XIғ.;
$$$ 86. Қыпшақтардың орыс жазбаларындағы атауы:
C) половец;
$$$ 87.Қыпшақ мемлекетінің бірлестігі ненің нәтижесінде құлады:
А) Монғол шапқыншылығы;
$$$ 88.Қыпшақтардың байлығының негізгі көрсеткіші:
А) Жылқы саны;
$$$ 89.Қай жылы Қарахан мемлекеті исламды өзінің мемлекеттік діні ретінде жариялады:
A) 960 ж.;
$$$ 90.Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі кімдердің шапқыншылығының салдарынан тоқтатылды:
B) Моңғолдар шапқыншылығы;
$$ 91.Дешті Қыпшақ мына территорияны алып жатты:
E) Ертістен Днестрге дейін.
$$$ 92. 1141 ж. қай тайпаларға Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі көшті:
D) Қарақытайларға;
$$$ 93. Х – ХІІ ғ.ғ. наймандардың мемлекеті қайда орналасты?
Ертіс пен Орхонның арасында;
$$$ 94. Ежелгі түрік жазуы қалай аталды:
С) Руникалық;
$$$ 95. XI ғ түркі әдебиетінің өкілі:
А) Ж.Баласағұн;
$$$ 96. М.Қашқаридың айтуы бойынша қай тіл түркі тілі мен қатар Жетісу қалаларына таралды:
С) соғды тілі;
$$$ 97. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының тармақтарында ҮІ- ХІІғғ қай қалалар орналасты:
В) Тараз, Суяб;
$$$ 98. Суфизм деген не?
B) Исламдағы мистикалық бағыт;
$$$ 99. Сопылық ақындардың қайсысы XII ғ. Қазақстанның оңтүстігінде ислам мен мұсылмандық мистицизмді таратуда үлкен роль атқарған:
D) Қожа Ахмет Яссауи;
$$$ 100. «Екінші ұстаз» Әл-Фараби жазған белгілі трактатты көрсетіңіз:
B) «Ғылымның шығуы»;
$$$ 101. 19 ғасырда табылған ежелгі түрік руникалық жазбалардың мәтіндерін оқыған қай ғалымдар:
D) Томсен В., Радлов В.В.;
$$$ 102. Х-ХІІ ғғ. Қазақстанның қай жерінде жәрмеңкелік сауда дамыды?
B) көшпелі өмірмен шекаралас қалаларда;
$$$ 103. Білге қаған мен Күлтегін құрметіне жазылған тас ескерткіштері қай тілде жазылған?
C) Руналық;
$$$ 104. Шыңғыс хан қолының Қазақстан жерін алғаш кірген жылы?
B) 1219 ж;
$$$ 105. Бату хан қай жылы Волга Бұлғар, Чехия, Валахия, орыс князьдіктерін өзіне бағындырды?
D) 1236-1242 ж.;
$$$ 106. XIV ғ. I жартысындағы Алтын Орда қай ханның кезінде күшейді:
A) Өзбек хан;
$$$ 107. Шыңғыс ханды моңғол басшысы етіп сайлаған құрылтай қай жылы өтті:
C) 1206 ж.;
$$$ 108. Моңғолдардың Орта Азияға жүргізген үстемдігінің біткен жылы:
B) 1221 ж.;
$$$ 109. «Ұлы Ясса» дегеніміз:
В) Заң;
$$$ 110. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы:
D) Батый хан;
$$$ 111. 1219 ж. қандай оқиға Шыңғыс ханның Мауереннахрға басып кіруі тездетті:
B) 1218 ж. Шыңғыс хан жіберген сауда керуенінің Отырар қаласында тоналуы;
$$$ 112. Мауреннахрға моңғол әскерлері Жетісу арқылы Ертістен келді. Олардың әскерлерінің саны қандай болды?
E) 150 мың адам.
$$$ 113. ХІ-ХІІ ғғ.моңғол тайпалары қай жерді мекендеді?
A) Орхон және Керуленде;
$$$ 114. Шыңғыс хан кезіндегі Моңғол империясының астанасы:
D) Қарақорым;
$$$ 115. Алтын Ордада қандай тайпалар аз болды:
B) моңғолдар;
$$$ 116. Мауереннахрдың территориясы қай жер:
C) Амудария мен Сырдария өзені арасы;
$$$ 117. Моғолстан мемлекетіне кірген тайпалар:
A) Дулат, қаңлы, үйсіндер, т.б.
$$$ 118. XIV ғ.Ақ Орда орталығы қай қала болған?
A) Сығанақ;
$$$ 119. Моғолстан мемлекеті Қазақстанның қай жерін қамтыды?
B) Оңтүстік, Оңтүстік – Шығыс Қазақстан;
$$$ 120.Сығанақ маңында Әбілқайыр хан әскері мен қалмақтар арасында шайқас қай жылы болды:
C) 1457 ж.;
$$$ 121.Моғолстанның алғашқы ханы:
B) Тоглук-Тимур;
$$$ 122. Әмір-Темірдің ел билеген жылдары:
C) 1370-1405 ж.;
$$$ 123. Әбілхайыр ханның ел билеген жылдары:
D) 1428-1468 ж.;
$$$ 124. Қазақстанда моңғолдар кезеңінен кейін пайда болған:
E) Ақ Орда.
$$$ 125. Ақ Орда қай ұлыс жерінде орналасқан еді:
A) Жошы ұлысы;
$$$ 126.Ноғай ордасының территориясы:
A) Еділдің төменгі, Аралдың маңы,Каспийдің солтүстігі;
$$$ 127.Көшпелі өзбек мемлекеті қашан пайда болды:
C) XV ғ.;
$$$ 128.Ноғай ордасының негізін салушы:
B) Едіге;
$$$ 129. XVIғ. басында қай қала Ақ Орданың әкімшілік орталығы, Әбілқайыр хандығының орталығы болған:
А) Сығанақ;
$$$ 130. XIVғ. ортасында Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Батыс бөлігі –Мәуереннахр деп аталды,ал шығыс бөлігі қандай атауға ие болды:
С) Моғолстан;
$$$ 131.Куликово шайқасындағы Мамайдың жеңілісін пайдаланып Алтын Орда билігін өз қолына алған кім?
B) Тоқтамыс хан;
$$$ 132. Түріктенген моңғолдың барлас тайпасынан шыққан Әмір Темір жеке өзі Орта Азияны 1370 ж. бастап неше жыл биледі:
B) 35 жыл;
$$$ 133.Ақ Орданың алғашқы ханын көрсетіңіз:
D) Орыс хан;
$$$ 134. XV ғ. аяғында қазақ хандары ішкі саясатында негізгі маңызға ие не болды?
B) Сырдария маңы қалаларын біріктіру үшін болған соғыс;
$$$ 135. Ұлы жүзге қай рулар кіреді:
D) Үйсін , дулат, албан, суан ,т.б.;
$$$ 136.Қазақ хандығының негізін салушы:
E) Жәнібек, Керей.
$$$ 137.Біртұтас қазақ халқының қалыптасуының алғы шарты және оның мемлекеттігін моңғол ұлыстары - Дешті-Қыпшақтағы және Орта Азиядағы (Мауреннахр) Шыңғыс ұрпақтарының иеліктерінің ыдырауымен түсіндіріледі. Ал оның қалыптасуының аяқталуы қай мемлекеттің құрылуымен байланысты:
D) Қазақ хандығы;
$$$ 138.Кіші жүз құрамына қай рулар кірді?
E) Қаракесек,адай,жағалбайлы.
$$$ 139. Орта жүздің құрамына қай рулар кірді?
A) Найман,қыпшақ, арғын;
$$ 140. XV ғ. аяғында Қазақ хандығы қай жерде құрылды:
В) Жетісу;
$$$ 141. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
В) 1465 ж.;
$$$ 142. Батыс Қазақстан жерлері қай жүздің құрамына кірді:
C) Кіші жүз;
$$$ 143. Қандай ханның тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды:
E) Есім хан.
$$$ 144. Қазақ хандығы XVI ғ. басында қай ханның тұсында күшейді:
B) Қасым хан;
$$$ 145. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылды:
D) Тәуке;
$$$ 146. Қазақтың қай ханы тұсында XVII ғ. алғашқы төртінші бөлігінде Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аудандар, орта Сырдария ағысындағы қалалар үшін күрес аяқталып, Ташкент 200 жылға Қазақ хандығының құрамына кіреді?
