Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз ВОП ГОС.АТЕСТАТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.29 Mб
Скачать

45 Науқас 2 жыл бойы гемабластозбен ауырады. Анамнезінде миокард инфарктісі. Экг-да жиі қарыншалық экстрасистолалар. Қандай цитостатикалық дәріні науқасқа қолдануға болмайды?

/

Цитозар;

/

Рубомицин;

/

Винкристин;

/

Миелосан;

/

Циклофосфан

!

Цефалоспориндердің 2 қатарына қандай дәрілер жатады:

/

цефуроксим

/

цефазолин

/

цефтриаксон

/

клафоран

/

цефотаксим

!

Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақпен естіледі, митральді клапаннан қосымша тонның ашылуы (перепел ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті естіледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, науқасты вертикальді жағдайда жатқан кезде жақсы естуге болады:

/

Митральді стеноз

/

Митральді жетіспеушілік

/

Аорталық жетіспеушілік

/

Аорталық стеноз

/

Үшжармалы клапан жетіспеушілігі

!

Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар мына пневмонияға тән:

/

стафилококкты

/

клебсиеллалы

/

аденовирусты

/

пневмококкты

/

микоплазмалы

!

Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 65-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да қандай өзгеріс анықталуы мүмкін:

/

оң қарынша гипертрофиясы

/

сол қарынша гипертрофиясы

/

сол жүрекше гипертрофиясы

/

қарыншаішілік блокада

/

Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

!

Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді ?

/

тәуліктік мониторлеу ЭКГ

/

вентрикулография

/

коронароангиография

/

электроэнцефалография

/

эхокардиография

!

Науқас, 55 жаста соңғы жылдары 15 минут бойы созылатын төсінің жоғарғы 3/1 бөлігіндегі ауырсыну сезімдеріне шағымданады, нитроглициерин қабылдағаннан кейін ауырсыну сезімдері басылады; АҚ – 120/80 мм с.б. пульс – 62 рет, ЭКГ – де патологиялық ауытқу жоқ. Физикалық жүктемеден кейін, жоғарғы толерантылық байқалмайды. Ауырсыну кезінде ЭКГ-да кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылағанын байқауға болады. Сіздің диагнозыңыз қандай:

/

Вариантты стенокардия

/

Нейроциркуляторлы дистония

/

Күш түсу стенокордиясы

/ Кардиалгия

/

Обструктивті кардиопатия

!

Науқас 45 жаста, оң жақ табанның бірінші саусағындағы қатты ауырсынуға, тері түсінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезі бойынша: жақында алкоголь қабылдаған. Осы көрініс артиттің қандай түріне тән:

/

Подагралық

/

Ревматикалық

/

Деформирлеуші

/

Ревматоидты

/

Туберкулезді

!

Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекірушағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:

/

Стенозирлеу

/

Пенетрация

/

Перфорация

/

Малигнизация

/

.қан кету

!

Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі, асцит байқалған. Болжам диагноз

/

Бауыр цирозы

/

Созылмалы гепатит

/

Созылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі

/

Нефротикалық синдром

/

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

!

Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

/

АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

/

АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

/

АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

/

АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

/

АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

!

Науқас В., 47 жаста жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ, сыздап ауырсынуға шағымданады. Бұл шағымдарын екі күн бұрын салқын тиюмен байланыстырады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, сол жақ қырымен жатқанда барлық систоламен диастоланы алатын және денесін алға еңкейткенде күшейетін, тембрі бойынша «қар сықырына» ұқсайтын шулар естіледі. АҚ-110/70 мм .с.б. Қанда: лейкоциттер- 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм /сағ. ЭКГ-да: купол тәрізді STI, II, III, V3-V6 сегментінің көтерілуі. Науқасқа қандай препарат қарсы көрсетілген?

/

гепарин

/

кетонал (кетопрофен)

/

мовалис (мелоксикам)

/

аевит

/

милдронат

!

Науқас М. 65 жаста, соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасқа дәрі енгізудің әрекетін анықтаңыз.

/

Жасанды ритм беруші имплантациялар

/

Калций антоганистері + АПФ ингибиторлары

/

Амиодарон+калий препараттары

/

Коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу

/

Бета-блокаторлар+жүрек гликозидтері+диуретиктар

!

Науқас М., 40 жаста әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің нашарлауына, аяғының ісінуіне шағымданады. 8 жыл бойы бүйрек ауруларымен ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері түсінің бозаруы. Қан анализінде: Нв-80 гр/л, эр – 3,2 млн., лейк – 6,8 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: үд.салмағы – 1015, белок – 1,8 г/л, лейк – 6-7 к/ай, эрит – 3-4 к/ай. Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі қажет болып табылады:

/

Бүйректің пункциялық биопсиясы

/

Хромоцистоскопия

/

Бүйректің жалпы рентгенографиясы

/

Бенс-Джонс белогын анықтау

/

Зәрді бактериологиялық зерттеу

!

Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

/

Бауырдың алкогольді циррозы Портальді гипертензия,декомпенсация,

/

Аутоиммунды генездегі цирроз

/

Бауырдың вирусты циррозы Портальді гипертензия субкомпенсация,

/

Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

/

Бауырдың холестатикалық циррозы

!

Сульфониламидтердің қантты төмендетуші әсері неге негізделген:

/

β жасушаларында инсулиннің секрециялануының жогарылауы

/

Бүйректік глюконеогенездің тежелуіне

/

Эндогенді инсулин әсерінің артуына

/

ішекте глюкоза резорбциясының бәсеңдеуі

/

Глюкагон секрециясының тежелуі

!

Науқас 27 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, қан аралас сұйық нәжістің күніне 8-9 рет болуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Ректороманоскопия жүргізілді:онда ішектің қуысы тарылған, шырышты, ісінген, қызарған, эрозирленген, кей жерлерде қанталаған диметрі 0,9 смдейінгі жаралар анықталды. Науқасты жүргізу әрекетіңіз:

/

жедел гастроэнтерология бөліміне жатқызу

/

Үйде 5-10 күн бойы бақылау

/

жедел хирургия бөліміне жатқызу

/

жедел инфекция бөліміне жатқызу

/

Күндізгі стационар жағдайында емдеу

!

Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз:

/

Бүйрек перфузиясын жақсарту

/

жүрек лақтырысын төмендету

/

осмотикалық диуретиктерді өолдану

/

біріншілік гиперальдостеронизмді қолдану

/

қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату

!

Анамнезінде пансионат, қонақ үйде душпен, кондиционермен қолданған;

айқын интоксикациямен фебрильді қызба, миалгиямен, артралгия, жөтел, абдоминальды ауырсыну, диарея;қанда - лимфоцитопения лейкоцитозбен, ЭТЖ 50 мм/сағ.Осы симптомдар мына пневмонияға тән:

/

легионеллезды

/

хламидиялы

/

микоплазмалы

/

пневмококкты

/

стафилококкты

!

Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін зерттеу әдісі болып табылады.

/

Бүйректің пункциялық биопсиясы

/

Экскреторлы урография

/

Радиоизотопты зерттеу

/

Клиника- лабораторлы зерттеу

/

Бүйректің компьютерлі томографиясы

!

Науқас Е.., 45 жас.Дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады.Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Қандай ауру туралы ойлауға болады.

/

экссудативті плеврит

/

ошақты пневмония

/

өкпе туберкулезі

/

өкпе абсцессі

/

өкпе гангренасы

!

Науқас 25 жаста, бір ай бойы қызбаның болуына, 6кг дене салмағының төмендеуіне, тәулігіне 5-6 рет сұйық нәжістің болуына шағымданды. Анамнезі бойынша: ошақты пневмониямен ауырған. Объективті: қолтық асты және шаптағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

/

ВИЧ-инфекция

/

Сепсис

/

Өкпе туберкулезі

/

Іш сүзегі

/

Малярия

!

Науқас М., 78 жаста артериальды гипертензиямен ауырады. Қуық безіндегі аденома бойынша урологта есепте тұрады. Науқасқа АҚҚ төмендету үшін және зәр шығару каналының бітелуін азайту үшін аталған дәрілердің қайсысын науқасқа тағайындаған дұрыс?

/

кардура (доксазозин)

/

эсмолол

/

урегит (этакринді қышқыл)

/

нолипрел (периндоприл)

/

верапамил

!

Науқас 35 жаста, 15 жыл бойы ревматоидты артрит диагнозымен тіркеуде тұр. Вирусты инфекциядан кейін жөтел, қақырық, буындарда ауырсыну сезімі күшейген. Объективті: Білезік буынының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер байқалған. Өкпесінде қатты дыбыс. Құрғақ сырылдар. Қанында: Гемолглабин 102 гр/л., эритроциттер -4,2 х 1012, лейкоциттер 3,6 х 109, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Рентгенограммада өкпе суретінінің күшейгені байқалады, емдеу тактикасы.

/

Кортикостероидтер

/

Цитостатиктер

/

Алтын препараттары

/

Антибиотиктер

/

Аминохинолин қатардағы дәрілер

!

52 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Осы жағдайда аурудың соңы қандай болады.

/

Сауығу

/

Перитонит

/

Ұйқы безінде киста қалыптасу

/

Өлімділік

/

Малигнизация

!

Гипогликемиялық команың емінде енгізуге әсерлі болып табылады:

/

к/т 40% глюкозы ерітіндісін ақырындап енгізу

/

к/т 5% глюкозы ерітіндісін енгізу

/

к/т норадреналин енгізу

/

к/т глюкокортикоидтарды енгізу

/

тәтті емес чай

!

Қабылдауда науқас 26 жаста,дене қызуының 38,7°C дейін көтерілуіне,іш ауруына,тәулігіне 7─9 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін

/

Спецификалық емес жаралы колит

/

Тік ішек рагы

/

Уиппл ауруы

/

Крон ауруы

/

Жедел дизентерия

!

Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

/

ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

/

ЖИА. Үдемелі і стенокардия

/

ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II

/

ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III

/

ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

!

Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.

/

Гликоздті интоксикация

/

Гипертоникалық криз

/

Қайталанған инфаркт миокардісі

/

Декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі

/

Ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

!

62 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну, қышқыл кекіру метеоризм, іш-қату мен іш-өтуінің кезектесуі мазалайды. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, құрғақ тері, тырнақ сынғыштығы көрінеді. Сіздің әрекетіңіз.

/

Табиғи асқазан сөлі+ панзинорм+мильгамма

/

Домперидон+креон+бифидум бактерин

/

Циметидин+панзинорм+но-шпа

/

Цизаприд+алмагель+хилак форте

/ Сорбифер+алмагель+гепабене

!

Науқаста қантты диабеттің 1-ші типті бар, физикалық жүктемеден кейін науқас есінен танып қалды, гликемия 1.0 ммоль/л. Дәрігер не істеу керек

/

Глюкагон енгізу

/

Инсулин енгізу

/

10% глюкоза ерітіндісін енгізу

/

Коллоидты ерітінді енгізу

/

Физиологиялық ерітінді енгізу

!

43 жастағы науқасты дене салмағының артуы,әлсіздік,бетінің ісіуі,терісінің құрғауы, ішінің қатуы, аменорея, есте сақтауының нашарлауы мазалайды. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ90/60 мм с.б.б. пульс─52 рет.Т3 және Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Науқасқа қандай ем көрсетіледі:

/

Тиреоидты препараттар

/

Тиреостатты препараттар

/

Диуретиктер

/

йод препараттары

/

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

!

Қабылдауда 58 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Міндетті түрде қандай ем тағайындау керек?

/

цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к

/

Эр-масса құю 250 мл

/

фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к

/

Хеферол 350 мг 2 р/д

/

аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к

!

Науқас 48 жаста, 2 жыл бұрын холецистоэктомияны басынан кешірген, содан кейін іштің желденуін және іш өтуі тоқтамаған. Осы жағдайда қандай дәріні қолданылады:

/

фестал

/

Креон

/урсосан

/

Маалокс

/

Мезим-форте

!

Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады?

/

селективті бета-блокаторлар

/

жүрек гликозидтері

/

альдостерон антагонистері

/

Ілмекті диуретиктер

/

гликозидті емес инотропты дәрілер

!

Науқастардағы ауыспалы немесе интерметирлеуші қызба мына ауруларда кездеседі:

/

Малярияда

/

Өкпе абсцессінде

/

Өкпе түеркулезінде

/

Сепсисте

/

Пневмококкты пневмонияда

!

Жүкті әйелдердің диффузды токсикалық жемсауында төмендегі препараттардың қайсысы қолданылады:

/

Пропилтиоурацил

/

мерказолил

/тирозол

/

Левотироксин

/

калий йодиді

!

Науқас И., 62 жаста кеуде артындағы тыныс алуға байланыссыз және ұстама тәрізді үдемелі қысып ауырсынуға шағымданады. Нитроглицеринді қабылдағанда нәтиже болмаған. Осы науқасқа қандай зерттеулер жүргізу қажет?

/

ЭКГ, тропонин Т

/

сцинтиграфия Tl201 мен

/

ЭхоКГ добутаминмен

/

физикалық жүктемемен ЭКГ

/

тәуліктік мониторинг ЭКГ

!