Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Delphi программалу ортасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.01 Mб
Скачать

Басты мәзір

Басты мәзір қосымшасының жоғарғы бөлігінде тақырып жолынан кейін орналасады. Оны жасау үшін дельфидің standart құралдар панелінің MainMenu компоненті қолданады. Бұл компонентті визуальды емес болып табылады. Меню пункттерін жасау үшін компонент шарт белгісінде тышқанды 2 рет шертіп, шыққан қасиетіне пункт аттарын теру қажет. Меню пунктін тез қосуды жүзеге асыратын аксилиряторлық пернені анықтау үшін символ алдына & белгісін қолданады. Мысалы: открыть сөзінде О әрпін аксилиляторлық ету үшін & открыть жолын теру қажет.

Мәзір пунктін белсенді ететін пернелер комбинациясын орнату үшін обьект инспекторындағы shortcut  қасиеті таңдалады. Мысалы: көшіру (копировать) ctrl+c қиып алу (вырезать)    Ctrl+x кірістіру (вставить)    Ctrl+V

Мәзір пунктін топтарға бөлу үшін caption жолына ” – “ белгісін теру қажет. Мысалы: ағымдық мерзімді және уақытты шығаратын күн, уақыт ішкі пункттерден тұратын уақыт негізгі менюін жасау керек болсын.

Ағымдағы күннің программасы. Procedure Tform1.N2 click() Begin Label1.caption:=datetostr (now); немесе (date) End;

Ағымдағы уақыттың программасы. Procedure Tform1.N2 click() Begin Label1.caption:=timetostr (now); немесе (time) End;

Мәзірге ішкі мәзір жасау үшін мәзір конструкторының Context мәзірінен GreatSubMenu таңдаймыз, ішкі мәзірдің аттарын теру қажет.

Contex мәзірі – тышқан көрсеткішін обьектіге қойып, оң жақ батырманы басқан кезде шығады. Оны (басқан кезде) жасау үшін стандарт парағындағы PopupMenu қолданады. Бұл компоненттің негізгі қасиеттері:

1. AutoPopup (Boolean типті) – тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Сontex мәзірдің шығуын анықтайды мәні true болса мәзір шығады, ал false болса шықпайды. 2. Alignment– тышқан көрсеткішіне қатысты контекстік мәзірдің шығатын орнын анықтады. Оның мәндері paleft- көрсеткіш мәзірдің сол жақ жоғары шетін анықтайды. (қалыпты жағдайда) PaCenter, PaRight.

Обьектіге контекстік мәзір жасау төмендегі әрекеттерден тұрады: 1. Стандарт парағынан Popupmenu компонентін формаға орналастырады. 2. Обьект инспекторындағы Items қасиетінде тышқанды шертіп, шыққан терезеден мәзір пункттерін теру. 3.Формаға обьект қойып, оның Popupmenu қасиетінде мәзір атын көрсету. Мысалы: popup1. Тапсырма: Формаға «сурет» жазуын қойып, открыть, закрыть пункттерінен тұратын контекстік меню жасау керек болсын. Мәзірдің сәйкес пункттерін шерткенде image компонентіне сурет ашылатын және жабылатын программа жасау.

Ашу программасының коды: Procedure TForm1.N1.Click() Begin image1.visible:=true; Image1.Picture.loadfromfile (“c:\1.bmp”); End;

Жабу программасының коды: Stretch(true) Image1.visible:=false;

Қосымшаға әуен және бейне қою

Қосымшаға қозғалатын бейне (анимация) қоюға болады. Олар *.avi және *.wav типті файлда сақталады. Қосымшаға оларға қосу үшін System парағындағы MediaPlayer  компоненті қолданылады. Бұл компонент кәдімгі компакт дисканы ойнатқыш батырмаға ұқсайтын бaтырмаға ұқсайтын төмендегі батырмадан тұрады:

Play- қосу Pause- үзіліс Prev- алдыңғы Next- келесі Back- кейін Step- қадам Stop- тоқтату Record- жазу Eject-шығару

Бұл құрылғыны программа орындау процесінде көрінбей етіп қойып, программаға дыбыс немесе арнайы эффект қоюға болады. Егер компонент көрінсе, ол бейне магнитофон немесе аудио, CD player ретінде қолданылады. Бейнені Panel немесе Memo копоненттерінен шығаруға болады, егер олар таңдалмаса бейне өзінше стандарт терезесіне шығады. Белгілі бір бейне файлды немесе әуенді шығару үшін бұл компоненттің 3 қасиетін орнату қажет: 1. Компоненттің Display  қасиетіне бейне шығаруға қажет элемент атын көрсету. Мысалы: Panel1.

2. FileName қасиетін файыл атын көрсету, мыс: c:\Windows\clock.*avi\ 3. AutoOpen → true (қалыпты жағдайда false)

Компонентті программалық жолмен де іске қосуға болады. Procedure TForm.Greate() Begin MediaPlayer1.Display:=Panel1; MediaPlayer1.FileName:=’ c:\Windows\clock.*avi\’ MediaPlayer1. AutoOpen:=true; MediaPlayer1.Open; MediaPlayer1.Play

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]