- •Тлебалдиев б.Ш. Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар Мұғалімге арналған әдістемелік құрал
- •Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар.
- •Delphi ортасымен танысу
- •Программа кодының терезесі
- •Delphi ортасында шартты оператормен танысу
- •Delphi ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу
- •Қасиеттер. Олардың түрлері. Қасиеттермен жұмыс.
- •Delphi дирекциясы. Массив жұмысы.
- •Менюмен жұмыс. Меню құрастыру.
- •Басты мәзір
- •Қосымшаға әуен және бейне қою
- •Delphi қосымшасында түстер таңдау
- •Delphi қосымшасында түссіздікті басқару
- •Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
- •Қарапайым графиктерді сызу әдістері
- •Қорытынды
- •Мазмұны
Қасиеттер. Олардың түрлері. Қасиеттермен жұмыс.
Қасиет обьектілі бағытталған программалардың негізгі ұғымдардың бірі. Қасиет қосымшаны жобалау және орындау кезінде компоненттердің сыртқы түрі мен сипатын басқаруға мүмкіндік береді де, қосымша интерфейсті жасау 2 операциядан тұрады: компоненттер палитрасынан компонент таңдау және оны формаға орналастыру.
Компонент қасиетін тағайындау әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген қасиет мәндері белгілейді. Әдетте компоненттердің көптеген қасиеттерінің мәнін тағайындау, жобалау этапында обьект инспекторы арқылы жүзеге асады. Обьект инспекторы экранның сол жағында орналасады. Кейбір жағдайда қасиет мәні меншіктеу операторы арқылы меншіктеледі. Компонент қасиетінің мынадай түрлері болады.
Name қасиеті (TComponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Әрбір жаңа типте автоматты түрде компонент аты және нөмірі пайда болады. Мысалы: Form1, form2,…edit1,edit2…Button1,button2… Әр компоненттің қалыпты жағдайдағы атын ыңғайлы етіп өзгертіп алуға болады. Мыс, терезені жабатын кнопка атын Btnclose т.с.с
1. Caption қасиеті (TCaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. OldString типті мысалы: бірінші формаға екінші кнопка қойып олардың тақырыбын ИӘ, ЖОҚ етіп жазуға болады. Ол үшін сәйкес кнопканы шертіп қасиеттер терезесінен 1) Caption: ИӘ
2. Button1.Caption: ’Иә’; Button1. Caption: =’Иә’; Form1.Caption:=’Калькулятор’
3. Color қасиеті (TColor типті) компонент түсін, фонын анықтайды. Тұрақты Түсі. СlAqua ашық көгілдір ClBlack қара CLBlue көк CLGreen жасыл
4. Cursor қасиеті компонент қозғаған кездегі mouse көрсеткішінің түрін анықтайды. Mouse көрсеткішінің өз бетінше жасауға да болады. Ол үшін кез келген графиктік редактор немесе Delphi-дің Image Editor қолданылады. Сервис→ Image Editor.
Мысалы: CrDefault-көрсеткіш қалыпты жағдайда стрелка түпінде. CrNone- көрсеткіш көрінбейді CrArrow- стрелка түрінде CrCross- крест түпінде CrDrag-қағаз бетіндегі стрелка түрінде CrHourCass-құмсағат түрінде т.с.с
5. Enabled қасиеті (Boolean типті). Компонент белсенділігін анықтайды. Егер қасиет мәні true (ақиқат) болса, кампонент белсенді. Егер Edit редактордың көмегімен жазу мәнін өзгертпеу қажет болса, edit1.Enabled:=false; өзгертуге болатын болса Enabled:= true.
Компонент мәнін өзгерту немесе өзгертпеуді Read only қасиетінің мәнін сәйкесінше true, false етіп қойып та өзгертуге болады.
edit1. Read only:=false; болса мәтінді өңдеу мүмкін емес. Ондағы тексті тек оқу ғана мүмкін. 6. Text қасиеті (TCaption типті) компонентпен байланысты жолдан тұрады. Мысалы: edit1.text:=’Hello’ edit1.text:=InttoStr 7. Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі мәтін шрифтін анықтайды. TFont класының негізгі қасиеті: - Name (TFont Name типті)- шрифт атын анықтайды. Мыс: Areal немесе Times New Roman - Size (TFont Style типті )- шрифт өлшемін пунктпен береді.(1 h/m=1/72 дюйм) - Height (Integer типті)- шрифт өлшемін пиксельмен береді. - Style (TFont Style типті) – шрифт cтилін орнатады және төмендегі мәнді қабылдауы мүмкін:
fs Italic- курсив
fs Bold- полужирный
fs Unterline- асты сызылған
fs StLineOut- үсті сызылған
- Color (TColor типті) текст түсін басқарады. Site Hight бір – бірімен өзара тәуелді, біреуіне мән тағайындағанда 2 – автоматты түрде өзгереді. Мысалы: Edit1.Font.Color:=clgreen; Edit1.Font.Height:=25; Edit1.Font.Style:=[fs Bold]
8. Hint (String типті ) қасиеті компонентке көмекші ақпарат қою үшін қолданады. Қосымша ақпарат шығу үшін Boolean типті ShowHint қасиетінің мәнін true етіп қою керек. Мысалы: procedure TForm1.form Create (Sender:TObject); Button1.showHint:=true; Button1.Hint:=’Бұл батырма’; Application Hint Color:=clred; Application.Hint Pause:=200;
Application айнымалысы (TApplication типті) обьектілі айнымалы болып табылады. Delphi жаңа жоба жасағанда бұл обьектіні автоматты түрде анықтайды. Жоғардағы мысалда қызыл түсті қосымша ақпарат 200мил.сек аралығында экранға шығады.
9. Visible қасиеті компонент көрінуін басқарады. (bollean типті) true болса, компонент көрінеді, керісінше жағдайда көрінбейд. Мысалы: edit1.Visible:=’true’; edit1.Visible:=’false’
