Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Delphi программалу ортасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.01 Mб
Скачать

Delphi ортасында шартты оператормен танысу

Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретінде қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. Басқару операторлары программа қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты тексерту, таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор кейбір шарттарды тексеруге және тексеру нәтижесіне байланысты ағымдағы немесе келесі әрекетті орындауға мүмкіндік береді. Шартты оператор “Иә” немесе “Жоқ” деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді.

Шартты оператор құрылымы мынадай: if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>;

Шарт оператор келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір программалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), программаның басқа бір тармағы жүзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритмдерінің “Таңдау” немесе “Аттап өту” мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс.

Delphi ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу

Таңдау операторы программаның мүмкін болатын бірнеше жалғасының бірін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы мынандай: Case< таңдау кілті> of <таңдау тізімі> [else<операторлар>] end; Таңдау операторлар келесі алгоритм арқылы жұмыс істейді: Case операторы айнымалының мәнін мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі операторларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес.

Жоғары  деңгейлі программалау тілі процедуралық, логикалық, обьектілі бағдарлы болып үш түрге бөлінеді, соңғы кезде Windows  ортасында жарыққа шыққан және ОБП негізінде құрылған програмалау типтері.Visiual Basic(VB), Borlad  Delphi, Borland CFF, ОБП-ның негізгі ұғымдары: обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс. Delphi программалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Оның бірінші нұсқасы 1994 ж шығып, кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 нұсқаулары көрінеді. Delphiде программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процесін ұйымдастыру, ОLЕ технологиясын пайдаланып басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу әрекеттер орындауға болады, Delphiдің интеграцияланған ортасы көп терезелі жүйе болып табылады. Delphi интерфейсі 5 терезеден тұрады: негізгі терезе (Delphi-Progect1). 1. Обьект ағашын шалу терезесі (Object Tree View). 2.Обьект инспекторының (бақылаушысының) терезесі (Object Inspector). 3.Форма коструктордың терезесі (Form1). 4. Код редакторының терезесі (Unit1.pas). 5.Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit1.pas). Кез келген терезені шығару үшін негізгі менюден view пунктін таңдау керек.

Delphi -де дайындалатын программа жоба деп аталады. Форма программаны дайындау алдында салынатын программаның сұхбат терезесі. Жоба құру үшін формаға кампоненттер палитрасынан компонент орнатылады. Компоненттердің түрлі қасиеттері болады. Қасиет(сипатттама, параметр) айнымалардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін  сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Delphi қосылған кезде форма қасиеттеріне қалыпты жағдайдағы алғашқы мәндер меншіктеліп  қосылады. Программа құру форма немесе компоненттердің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Ол объект инспекторы арқылы жасалады. Бұл терезенің 2 астарлы беті бар: propertiеs(қасиеттер), events(оқиғалар) мысалы: name (атауы), captіоn (тақырыбы), colоr (түсі) тсс. Delphi де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап

ретінде өзгеруі: мысалы: Onclick -тышқан түймесін 1 рет басу. OnDblclick -тышқан түймесін 2 рет басу. OnKeypress-пернені басу. OnCreate -форманы құру және т.с.с.

On – префиксі атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Жоба екі бөлімнен тұрады: Автоматты түрде Progect1 атауы бір жобаның файлы (негізгі модуль) типі .dpr және  Unut1.ras атауы берілген код модулі  типі .рas. Модульге оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп атаймыз. Формадан код терезесіне немесе керісінше өту үшін F12 пернесі қоданылады. Процедураның жалпы түрі:

Procedure <атау> (Sender:TObject); (сипаттау бөлімі) begin (программа денесі) End;

Мұндағы: Sender құрылысын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайтын параметр. Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде DFM сипаттау файлы және рas  модуль файлы жасалады. Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерінің сипаттаудан тұрады. Ол файлдың мәтінін көру үшін форманың  контекстік менюден View as Text, керісінше өту үшін контекстік менюден View as form. Мысалы, button батырмасынан тұратын қарапайым форманың файлды сипаттау мәтінін қарастырайық.

Object Form1, Tform1. Left=192 Top=107 Caption:=’Менің алғашқы программам’; …. End; Object Button1; TButton Left=88 … End;

Басқада Visual компоненттері сияқты (Visual – көзбен көру экрандық) формаға да қасиет, әдіс және оқиға тән т.б. форманың көруінуін және көрінбеуін басқару үшін төмендегі әдіс қолданады:

Show -форманы көрсетеді, hide – жасырады. Мысалы: Form2.Show; Form1.Hide

Форманың көрінуін төмендегі  қасиеті арқылы да басқаруға болады. Visilble: True & False. Мысалы: Form1. Visilble: False; Форманы жабу үшін close әдісін қолданады. Мысалы: Form1.close; free-форманы жою әдісі – мысалы: Form1.free

Әр форманың тақырып қатарының сол жағында шарт белгі (пиктограмма немесе иконка) болады. Ол TIcon типті қасиеті арқылы анықталады. Формада стандарт икондарды өзгертуге болады. Ол үшін Tools (сервис) →Image Editor. Файлдың типі *ico болады. Формаға шарт белгі жүктеудің программалық жолы. Form1.Icon.LoadFromfile (‘c:\4307\1.ico’); Форманың өлшемін Windows State қасиеті арқылы басқаруға болады. WS Normal, WS Minimized, WS Maximized.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]