- •Тлебалдиев б.Ш. Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар Мұғалімге арналған әдістемелік құрал
- •Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар.
- •Delphi ортасымен танысу
- •Программа кодының терезесі
- •Delphi ортасында шартты оператормен танысу
- •Delphi ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу
- •Қасиеттер. Олардың түрлері. Қасиеттермен жұмыс.
- •Delphi дирекциясы. Массив жұмысы.
- •Менюмен жұмыс. Меню құрастыру.
- •Басты мәзір
- •Қосымшаға әуен және бейне қою
- •Delphi қосымшасында түстер таңдау
- •Delphi қосымшасында түссіздікті басқару
- •Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
- •Қарапайым графиктерді сызу әдістері
- •Қорытынды
- •Мазмұны
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыстың мақсаты Delphi программалау ортасының мүмкіндіктерін мейлінше кеңінен көрсететін программалар құру және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жайттарға тап болдым. Соның нәтижесінде көптеген материалдарды игеріп қана қоймай, солардың негізінде Delphi программалау ортасының мен үшін ашылмаған мүмкіндіктерін зерттеп үйрендім. Жалпы зертханалық жұмысты дайындау мен үшін пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, деректер қорын құруға болады.
«Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасы басым бағыттарының бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатгалатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Ақпараттық қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамыту мен күнделікті тұрмыста пайдалану жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру істерін дамыту арқылы іске асырылады.
Ақпараттық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті — ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болды. Ақпараттық мәдениетті ақпараттық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың ақпараттық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын ақпаратты жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.
Болашақта зертханалық жұмыстар қоры үлкейеді, және ақпарат Интернет жүйесінде тіркелетін болады, нәтижесінде қолданушылар қашықтықтан оқыту форматы бойынша ақпараттарды еш кедергісіз ала алатын болады.
Құрметті Delphi-қолданушылар!! Заман талабына сай, көпшілік «қара жұмыстарды» компьютер өз мойнына алып жатқан кезеңде қандай да бір сала бойынша мамандық иесі болу қолданушылардан білімнің жан-жақты болуын талап етеді. Delphi программалау ортасы бойынша азғантай да біліміңіз болса, сол білімді пайдаланып, программалау саласы мамандарына жүгінбей-ақ өз мәселеңізді біршама жеңілдетуге мүмкіндігіңіздің бар екендігін есіңізге салғым келеді.
