Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Delphi программалу ортасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.01 Mб
Скачать

Тлебалдиев б.Ш. Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

Рецензент

...

Delphi программалау ортасы. Зертханалық жұмыстар.

Borland корпорациясының Delphi программалау ортасының программалық нұсқалары мен бірнеше модификацияларын шығаруы біршама өзгерістерді енгізді деуге болады. Программалардың компиляция жасау уақытының азаюы программаның жұмыс істеу жылдамдығының артуы алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Turbo Pascal жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерек қорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

Delphi - Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа  дайын­дау, программа мәзiрiн құру, анимация, мультимедиа процес­терiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қо­сымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әре­кеттердi орындау мүмкiн болып отыр. Көптеген опера­тор­лардың жазылуы Turbo Pascal тіліне ұқсайды.

Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосым­шаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi-мен жұмыс iстеушiлерге арналған.

Delphi-дi Turbo Pascal программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiк­темелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайда­лану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түр­лерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын про­цедуралар (әдiс­тер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу програм­маларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де програм­малауды үй­ренуге болады. Ол үшiн программа мәтінін сынақтан өткізіп, аралық қателерді түзету қажет болады.

Әр қолданушының өзінің жұмыс істеу стилі болады. Әлемнің түкпір түкпірінен сан мыңдаған қолданушылар Delphi программалау ортасында жұмыс жасайды. Күнделікті жаңа программаларға деген қажеттіліктер туындап жатыр. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыруда Delphi программалау ортасының тигізер көмегі сөзсіз. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалау орталарының қажеттілігі әлі де артып отыр.

Программа  құруға ыңғайлы  тамаша ортаның бірі – Delphi  ортасы таңдап алынды. Оны  оқып  үйрену, түсіну және  логикалыңқ  ойлауға  өте  қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың құрылымдық тәртібін және программалаудың  басқа  тілдерге  қарағанда  жалпы  жақсы дамыған. Оның  қызықты  рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен  қатар  қызықты есептер  шығару  мүмкіндіктері  бар. Delphi  типті жүйені  тез және визуальды  құру  ортасы деп аталады. Себебі  ол  өзіне  компилятормен  қоса  редактор  және  көптеген дайын  программалар  жиынтығын  қамтиды. Delphi программалау ортасында көптеген дайын  компоненттер  бар.

Delphi-де  программа  құру  жақсы жабдықталған  компьютерді  қажет  етеді. Компьютер конфигурациясы орта деңгейде болуы керек. Delphi – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен  “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және  “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді. Delphi тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын  кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]