Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы

Ұлы тоқырау қажеттіліктеріне жауап ретінде ағылшын Дж.М.Кейнс (1883-1946 жылдары) өзінің атақты кітабы «жұмыспен қамту, пайыз және ақша жалпы теориясын» жариялаған кезде, бізге белгілідей, кейнсиандық өткен ғасырдың 30-жылдары біздің өмірімізге енді. Өзінің кітабын ол, бәсекелестік процесс үздіксіз түрде экономиканы, өзінің капитал қорын пайдаланбауға дейін ауытқитын кездегі, толық жұмыспен қамтудың тұрақты жағдайына итермелейтіндігі туралы классикалық теорияның пастулаттарын теріске шығарудан бастайды. Кейнс бойынша, «тиімді сұраныс» бар болған жағдайда, кәсіпкерлер жоғары пайда тауып, толық жұмыспен қамтуға қол жеткізуге болады. Жұмыспен қамту деңгейі, – деп жазады ол, - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс функцияларының қиылысу нүктесімен анықталады. Атап айтқанда осы нүктеден кәсіпкерлер күтетін пайда барынша көп болады. Осы нүктедегі жиынтық сұраныстың қисық функцияларының шамасына (Д), жиынтық сұраныстың функцияларымен қилысатын оны, тиімді сұраныс деп атаймыз.

Сонымен бірге Кейнс, еркін бәсекелестік күшінің есебінен экономиканың тепе-теңдік жағдайының осы нүктесіне жету мүмкін емес деп есептейді. Кейнсиандықтың төмендегідей үш түйінді тұсын атап өтуге болады:

- еркін нарық жүйесінің сыртындағы генетикалық шекараны тану;

- экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету тетігінің жоқтығы; экономиканы реттеудің негізгі факторы ретінде тауарлар мен қызметтерге сұраныстың көрсетілуі (мемлекет, жұмыспен қамтудың деңгейін арттыруға, мемлекеттік сатып алуларды кеңейтуге, несие бағасын төмендетуге әсер ете отырып, жиынтық сұранысты ынталандыруға шақырылған);

- инвестициялық белсенділікті үнемі көтермелеу сұранысты дамытудың басты құралы (инструменті) болып есептелінеді.

4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы

Монетаризм, ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы (инструменті) деп таниды. Монетарлық үлгінің үш ерекшелігін бөліп көрсетуге болады. Нарықтар жеткілікті шекте бәсекеге қабілетті және бәсекелестік жүйе макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады. Ақша экономикадағы бүкіл процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қарастырылады. Монетаризм бұл тұрғыда тұрақтандырушы бағдарламалардың либералдық-шектеуші тұжырымдамасы ретінде жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың (ортодоксалды деп те аталады) сипатты іс-шаралары болып мыналар саналады:

- бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестирлеу, мемлекеттік сектордың өнімі мен қызмет көрсетулеріне бағаларды көтеру, салықтарды ұлғайту);

- тұтыну сұранысын азайтуға бағытталатын жалақының өсуін шектеу;

- шектеуші несие-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Ұлттық банктегі мемлекеттік займдарға лимиттер енгізу, банктік пайыз мөлшерлемелерін (ставкаларын) ұлғайту;

- бағалардың үстінен және экспорт-импорт операциялардың үстінен бақылауды бәсеңдету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың құйылуын көтермелеу (қолдау);

- төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірліктерін девальвациялау.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ортодоксалды бағдарламаларын нәтижелі қолдану үшін келесідей бірқатар принципті жағдайлар қажет:

- ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;

- дүниежүзілік бағалардың қозғалуына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

- бағалардың қозғалысына тауарлар өндірудің (ұсыныстың) жоғары икемділігі;

- халық шаруашылығы ресурстарының маңызды өзара алмасымдылығы (ұсыныстың өзгергіштігімен байланысты).