Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту

Экономикалық егемендік жағдайындағы Қазақстанның сыртқыэкономикалық қызметінің басты міндеттері – бұл республика экономикасының ұлттық экономиканың құрылымын жетілдіру мақсатында халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуы.

ҚР сыртқыэкономикалық қызметі дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де қатынастарды қамтиды.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайындағы сыртқыэкономикалық байланыстарды реформалау келесі шараларды жүзеге асыруды болжайды:

  • өндіріс пен сыртқыэкономикалық қызмет аяларын тікелей, орнықты және ұзақ мерзімді қосу, Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық кешенін динамикалы, теңгерілімді және оңтайлы жұмыс істейтін жүйе етіп құру;

  • оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына ықпалдасуына ықпал ететін өндірістерді коммерцияландыру;

  • дүниежүзілік шаруашылыққа қатынасы бойынша ашық үлгідегі экономиканы қалыптастыру;

  • Қазақстанның экспорттық әлеуетін өрістету және бірлескен кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына оңтайлы түрде ену.

Сыртқыэкономикалық байланыстар негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының теңгерілімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет: сыртқыэкономикалық қызметке қатысушыларды тіркеуді жүзеге асырады; мемлекеттік шекара арқылы алып өтетін тауарларды және өзге де мүліктерді декларациялайды; экспорт пен импорт тәртібін белгілейді.

Республиканың төлемқабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі Қазақстанның жағдайын жақсарту, Қазақстан тауарларының өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында сыртқыэкономикалық қызмет жағдайларын ырықтандыру нарықтық жағдайлардағы Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты бағыттарының бірі болып саналады.

Республиканың сыртқыэкономикалық қызметін жандандыру үшін квоталанатын, сыртқы саудадағы сандық шектеулерді бұзу жүзеге асырылады. Ішкі нарықтағы квоталанатын тауарлар конкурстық негізде және аукциондарда сатылатын болады.

Лицензиялау функциялары, ең алдымен олардың бағаларының әлемдік бағаларға сәйкес келуі бойынша және ұсынылатын технологиялар мен тауарлар сапасының деңгейі бойынша экспорттық және импорттық келісім-шарттарға (контрактыларға) сараптама жасауды жүзеге асыруға тиіс ведомствоаралық лицензиялық комитетке берілген болатын.

Сыртқыэкономикалық байланыстардың дамуы, шетелдік инвесторлар мен кредиторларды тарту үшін тиісті техникалық-экономикалық негіздемелері бар инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлеуді жеделдетуді талап етеді. Негізгі саудадағы әріптестермен инвестицияны өзара қорғау, бірмезгілде осы саладағы қолданылатын халықаралық келісімдерге қосылу туралы екі жақты келісімдерді дамыту қажет. Шетел инвесторларының қызмет тәртібінің тұрақты және енгізілетін өзгерістердің, олардың келісім-шарттарының (контрактыларының) өзін-өзі ақтаушылық кезеңінде осыған дейін жұмыс істейтін инвесторлар үшін жағдайды нашарлатпауы дұрыс болып саналады.

Сыртқыэкономикалық қызметті реформалау дүниежүзілік шаруашылық қауымдастығына кіру үшін алғышарттар жасау жөніндегі қажетті шараларды талап етеді. Бұл үшін:

  • кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау;

  • инфрақұрылымды: көлікті, байланысты, қаржы нарығын, банктер желісін және осы заманғы ақпараттық жүйелерді шапшаң дамыту;

  • халқаралық құқық және маркетинг саласында кадрлар, қаржыгерлер, банк қызметкерлерін және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де мамандарын даярлау:

  • сыртқы эканомикалық байланыстар аясына заңдар кешенін әзірлеу және енгізу және олардын орындалуын қамтамасыз ету және т.б.

Сыртқы эканомикалық байланыстарды реформалау Қазақстан Республикасында кезең- кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде нарықтық реформалар барысына және сыртқы эканомикалық қызметті ырықтандыру және өзге елдермен эканомикалық байланыстарды кеңейту жолымен микро- эканомикалық тұрақтандыруға сыртқы эканомикалық байланыстардың ықал етуін қолдануға екпін жасалады. 1993 жылға дейін бүкіл ішкі республикалық және сыртқы сауда мемлекеттік тапсырыстар жүйесі арқылы ретеліп келген болатын. Экспорттық лицензиялар мен квоталар 200-ге жуық тауарлар атауына қолданылды. Стратегиялық тауарлар экспорты монополиялық сыртқы эканомикалық құрылымдар арқылы ғана жүзеге асырылды. Елдермен жасалатын сауда екіжақты үкіметаралық келісімдермен реттеледі және клиринктік негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық экспортық квоталар, сондай-ақ ұлттық және жеке қауіпсіздікті білдіретін тауарларды қоспағанда, бүкіл экспорттық- импорттық лицензиялар алынып тасталды. Сыртқы саудаға монополия жойылды, баспа-бас (бартерлік) саудаға тыйым салынды, биржалық сауданы кеңейту жолында шаралар қабылданды. Республика ЕЭО, Канада,АҚШ, Жапония, Скандинавия елдеріндегі көбірек қолайлы жағдай жасау мәртебесіне ие болды. Осылардың барлығы Қазақстанның әлуметтік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта республика әлемнің 180 елімен сауда жасайды.

Екінші кезеңде қазақстандық экспорттаушылардың өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға, яғни ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға екпін жасалады. Ел, макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылыққа жеткен кезде осы кезең басталады және өндіріске инвестициялардың құйылу интенсивті процесі жүре бастайды.

Ортамерзімді перспективадағы сыртқыэкономикалық саясат:

  • өзаратиімді, шаруашылық байланыстарда ТМД елдерімен жаңа саяси және экономикалық негізде ықпалдасуды;

  • ең алдымен қазақстандық экспорттаушыларды, инвестицияларды даярлық деңгейі жоғары экспорттық өнімдер өндіруге бағыттау жолымен қолдауды;

  • үкіметаралық табысты келісімдер, импорттық кеден баждарының ставкаларын (мөлшерлемелерін) төмендету негізінде либералды импорттық саясат жүргізуді;

  • тәуелсіз қатысушы ретінде халықаралық нарыққа тауар өндірушілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

  • халықаралық сауда аясындағы қаржылық, ақпараттық және коммерциялық қызмет көрсетулерді көздейді.

Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық міндеттерін:

  • елдің экономикалық мүдделерін сақтау және оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканың дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалдасуы жағдайларында сыртқыэкономикалық қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруда сыртқыэкономикалық қызметті ырықтандыру бағытын жалғастыруға;

  • сыртқа шығарылатын тауарлардың құрылымдарын бірте-бірте әртараптандыруға (диверсификациялауға)екпін жасай отырып экспорт әлеуетін дамыту, рационалды импорт алмасу саясатын жүргізуге;

  • олар үшін сыртқы нарықтардың қолжетімді болуы үшін отандық экспорттаушылардың мүдделерін қолдауға саяды.

Түйін

  1. Дүниежүзілік сауда – бұл ұлттық шаруашылықтар арасында тауарлармен және қызмет көрсетулермен айырбас жасау, терең халықаралық еңбек бөлінісінің нәтижесі, елдердің техникалық-экономикалық даму деңгейіне және табиғи-географиялық жағдайға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге мамандануы.

  2. Сыртқыэкономикалық қызметті (СЭҚ) реттеу, ұлттық экономиканың кеңейтілген ұдайыөндірісінің сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге және отандық капиталдың кірістерін өсіруге бағытталған, экономикалық және саяси шаралар кешенін қамтиды.

  3. Қазіргі уақытта валюта бағамдары халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің және елдердің, валюта бағамының динамикасына әсерін тигізетін, экономикалық дамуын айқындайтын ішкі және сыртқы факторлардың бүкіл кешенінің аса маңызды көрсеткіштері болып саналады.

  4. Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері:

  • Тікелей бақылау, оның ішінде импорттық, кедендік және өзге алымдардың тәртібін реттеу, шетел инвестициялары бойынша кірістерді шетелге аударуды шектеу, ақысыз (өтеусіз) көмекті қысқарту және т.б.

  • Инфляциямен күрес. Капиталдың құйылуын ұлғайтады, импортты азайтады, бірақ та экспорттың өрістеуін ауыздықтайды.

  • Айырбас бағамын өзгерту.

  1. Валюталық саясат – бұл валюталық қатынастар және ақша айналымы аясындағы мемлекеттің және орталық банктің жүргізетін, ел экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне ықпал ету түпкі мақсаты болып саналатын бүкіл шаралардың жиынтығы, яғни валюталық саясат – мақсат емес, экономикалық реформаларды жүргізу құралы болып саналады. Валюталық саясат ұлттық және әлемдік экономика тоғысындағы өтпелі көпір рөлін атқарады. Валюталық саясат – елдің жалпы экономикалық саясатының, оның ішінде ақша-несие саясатының салыстырмалы дербес бөлігі.

  2. Республикадан валюталық құндылықтардың негізсіз жылыстауын шектеу, басқалай айтсақ, «капиталдың сыртқа шығуымен» күрес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен бақылаудың негізгі мақсаты болып саналады.