Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні

Өнеркәсіп саясатының обьектісі болып, бүкіл салалардың жиынтығы, олардың салалық құрылымы мен өнеркәсіп салаларының ғылыми-техникалық деңгейіне ықпал ететін бүкіл құрылымдық құрылымдар кіретін, бүкіл өнеркәсіп кешені айқындалады.

Барлық деңгейлердегі өзінің басқару органдары атынан мемлекеттің өзінен басқа, ірі корпорациялар, қаржы-неркәсіп топтары, АҚ және өз мүдделері бар басқа да құрылымдар сияқты көптеген өзге шаруашылық субьектілері өнеркәсіп саясатының субьектілері бола алады.

Шынайылық, қол жетімділік, экономикадағы қалыптасқан шаруашылық жағдайларының есебі басты талаптар болып саналатын, дұрыс таңдап алынған мақсатты айқындамалар өнеркәсіп саясатын тұжырымдау кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан да, өнеркәсіп саясатына ұзақ мерзімді және кезең-кезеңдік процесс ретінде осы саясаттың орта мерзімді және техникалық мақсаттарын бөліп көрсетуді басты мақсаттар деп болжайтын кейбір авторлардың көзқарастары заңды болып көрінеді.

Қазақстан Респбуликасының аграрлық-шикізаттық мамандануын жою және кәсіпорынның жоғары техникалық-технологиялық деңгейі мен өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің пәрменді тетігі негізінде нарықтың тиімді олигополистік құрылымдарын қалыптастыру басты мақсаттар түрінде болжанады.

Орта мерзімді мақсат – бұл экономиканың индустриалды базисін құрылымдық және технологиялық қайта құру, кеңейтілген ұдайы өндірісті қалпына келтіру.

Тактикалық мақсат, өндірістің басылуын жою, экономиканың қозғалысын орнықты өсу және тұрақтылық сипатқа келтіру сияқты ағымдағы міндеттерді шешеді. Көрініп тұрғандай, бұл мақсаттар әртүрлі уақыт шектерін көрсетеді және қабылданған өнеркәсіп саясатының басты мазмұнын жүзеге асырудың логикалық сатылары болып табылады.

Экономикалық саясатта тұтастай пайдаланылатын бүкіл кең арсенал өнеркәсіп саясатын жүзеге асырудың негізгі әдістері және құралдары болып қатысады. Оларды келесі 3 топқа бөліп көрсетуге болады: заңнамалық-құқықтық, қаржылық-несие және әкімшілік (олардың экономикалық құралдарының тиісті жүйесімен).

Жоғарыда айтылғандар негізінде, өнеркәсіп саясатына, экономиканың индустриалды деңгейін арттыру және өзгеруші ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу мақсаттарында, оның құрылымдық және ғылыми-техникалық әлеуетін енгізе отырып, елдің өнеркәсіп кешеніне тікелей және жанама әсер етудің мемлекеттік шаралар жүйесі ретінде анықтама беруге болады.

Экономикалық әдебиеттерде өнеркәсіп саясатының келесідей әртүрлі жіктеулері кездеседі:

а) экономикалық өсу сипаты бойынша – теңдестірілген және теңдестірілмеген тип;

б) өнеркәсіп кешеніне ықпал ету тәсілі бойынша – активті және пассивті тип;

в) бағыттаушылығы бойынша – жалпы жүйелік және селективті тип;

г) мазмұны бойынша – экспортқа бағдарланған, экспорт алмасу, инновациялық тип;

д) ауқымдылығы бойынша – жалпы ұлттық және өңірлік.

Оларды тәжірибеде қолдану нақты жағдайларға және ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне, оның өнеркәсіп кешенінің қалыптасқан даму деңгейіне және қабылданатын стратегиялық мақсатты айқындамаларға қатысты болады. Нақты шаруашылық тәжірибеде өнеркәсіп саясатының әртүрлі типтері белгілі бір жиынтықта және үйлесімділікте пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына қолдануға қатысты, теңдестірілмеген өсу саясатын, бірқатар отандық экономистер өнеркәсіп саясатының неғұрлым ықтимал нұсқасы деп есептейді, өйткені қаржы ресурстарының шектеулілігі жағдайында өнеркәсіптің бүкіл салаларын бір мезгілде қайта құру мүмкін емес. Сондықтан да селективті көтермелеу жолымен, аталған кезеңде сыртқы нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете алатын салаларды ғана дамыту қажет. Іс негізі бойынша бұл экспортқа бағдарланған өнеркәсіп саясатын қолдануды білдіреді.

Әлемдік тәжірибе өнеркәсіп саясатының белгілі бір принциптерін орнықтырды. Оған мыналар жатады:

- ұлттық экономиканың сапалық өзгерістеріне жетуге бағытталушылық;

- өнеркәсіп өндірісінің әлемдік өлшемдеріне бағдарланушылық;

- өнеркәсіп өндірісінің басым салалары мен аяларын айқындау;

- өндірілетін өнеркәсіп өнімдеріне тиімділік пен жаппай сұраныс;

- өнеркәсіп саясатының бүкіл оны құрайтын элементтерінің өзара байланысуы;

- сыртқы экономикалық қызметпен өзара байланысуы;

- қолдағы бар өнеркәсіп әлеуетіне тірек жасау;

- билік тармақтары, ведомстволар мен кәсіпорындар арасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша функциялардың айқын бөлінуі.

Қазақстан жағдайында өнеркәсіпті жаңғырту (модеринизациялау) – бұл ұзақ мерзімді және кезең-кезеңдік процесс. Сондықтан да өнеркәсіп саясатын қалыптастыру кезінде:

- өңірлер экономикасының мамандандырылуы;

- өнеркәсіптің салалық құрылымы;

- техникалық-технологиялық уклад;

- шаруашылық байланыстары;

- өнеркәсіп кәсіпорындарының типтері мен мөлшерлемелері сияқты қалыптасқан жағдайларды ескеру қажет.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саясатының алдыға қойған мақсатты айқындамаларын жүзеге асыру нақты кезеңдерді бөліп көрсетуді болжайды. Мәселен, «ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясында» келесі кезеңдер бөліп көрсетілген:

1 кезең – 2003-2005 жылдар;

2 кезең – 2006-2010 жылдар;

3 кезең – 2011-2015 жылдар;

Бұл өнеркәсіп кешенінің ғана емес, тұтастай түрде бүкіл ұлттық экономиканың нақты даму жолдарын көрсетеді.