Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар

1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже

ХVІІ және ХVІІІ ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, сол кезде үстемдік еткен экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өнеркәсіпті дамыту үшін мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделді. Ертедегі және бертіндегі меркантилизмнің аражігі ажыратылады.

«Ақша балансы» теориясы ертедегі меркантилизмнің (оны монетарлық жүйе деп атайды) негізгі бастаулары болып саналады. Ақша байлығын көбейтуге бағытталған мемлекеттің саясаты соған негізделді. Оның негізгі ережесі, сыртқа шығарылған тауарлар құнының әкелінген тауарлар құнынан барынша артық болуын қамтамасыз ету қажеттілігіне саяды.

Меркантилистер нарықтық қатынастарды талдау аясын ұлттық ауқымнан әлемдік ауқымға дейін кеңейтті, өйткені олар, атап айтқанда, баю мүмкіндіктерін өзге елдермен тиімді сауда жасаумен байланыстырды. Ал, қазіргі ғылым олардың бұл идеалары, меркантилистердің негізгі адасулары екенін дәлелдеп отыр. Меркантилистердің іліміндегі тауар айрбасын реттеудегі мемлекеттің белсенді рөлі туралы ереже ерекше назар аударуға лайық. Мемлекеттің осы рөлін жүзеге асыру кеден баж салықтарын, салықтарды және фискалдық саясаттың өзге де формаларын енгізу жолымен ішкі нарықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау ретінде түсіндіріледі.

2. Экономикалық либерализм идеалары

Экономикалық либерализм идеаларын нарықтық экономикаға қолданатындай етіп, А.Смит алғаш рет неғұрлым толықтай негіздеді.

1776 жылы, авторды әлемдік даңққа бөлеген, А.Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» кітабы жарыққа шықты. Ол еңбек бөлінісіне, оның өнімділігінің өсу басты факторы ретінде сипаттама беруден бастайды.

А.Смит адамның бір тауарды екінші тауармен айырбастауға бейімділігін, еңбек бөлінісін туғызатын себеп ретінде көре білді. А.Смиттің пікірінше, өзге адамдар өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану қажеттілігінен тұратын, өзінің пайда табу мүддесін жүзеге асыру, осы айырбастың негізіне жатады. Әрбір адам өзге адамдарға өзінің қызметін көрсетіп, оларға өзінің еңбегі мен оның нәтижелерін ұсына отырып, өзінің мақсатына жетеді. Өйткені адамның дарыны мен таланты, қабілеті сан алуан, шексіз, олар еңбектің бір түрінің нәтижелерін екінші бірімен айырбастаудың алғышарты болып қызмет етеді, ал өзара пайда табу соның салдары болып саналады. Оның табиғи дарыны мен кәсіби шеберлік деңгейі неғұрлым жоғары болса, қоғамның әрбір мүшесінің қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінен алар орыны да соғұрлым қомақты, берік, мықты болады.

А.Смит ілімінің негізгі идеасы, соған сәйкес, осы процеске мемлекеттің араласуы болмаған жағдайда жеке және қоғамдық мүдделердің өзара қарым-қатынасы оңтайлы болатынын бекітуден тұрады, әрі, реттеу функциялары нарықтық күштердің «көрінбейтін қолымен» жүзеге асырылатын болады. Сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, нарықтық және нақты бағалар категорияларының өзарабайланысын және өзара тәуелділігін талдай отырып, А.Смит қазіргі экономикалық теорияда жетілген бәсекелестік нарығы деп аталған үлгі (модель) жасады.

А.Смиттің ізбасарлары, оларды Д.Рикардо, Ж.Сэя, Д.Милл, А.Маршалл есімдерімен байланысты классикалық мектепке жатқызды.