- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
2004 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына, Ұлттық Банктің республикада ақша-несие саясатын жүргізуіне қатысты бірқатар принципті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Мәселен, егер қолданыстағы заңнама бойынша ұлттық валютаның ішкі және сыртқы орталығын қамтамасыз ету Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып саналса, ал өзгерістерге сәйкес бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету Ұлттық Банктің негізгі мақсатына айналады.
Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық тергеттеудің принциптеріне көшудің жария етілген шеңберлерінде Ұлттық Банктің негізгі мақсаттарын неғұрлым дәл тұжырымдау қажеттілігі осы өзгерістердің негізгі себебі болып саналады. Тиісінше, ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген өзге міндеттер екінші кезекті болып саналады.
Оның «болашаққа бағытталушылығы», атап айтқанда орта және ұзақ мерзімді кезеңде оның инфляцияға әсер ету болжамын ескере отырып, таяу жылдарға арналған ақша-несие саясатының параметрлерін қабылдау инфляциялық тергеттеу принципінің басты ерекшелігі болып саналады.
Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін жауапкершілікті күшейту жағдайында, Ұлттық Банк, инфляциялық тергеттеу принципін пайдаланатын кейбір елдер сияқты, инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін «базалық инфляция» индексінен шығара отырып, инфляция бойынша алдағы уақытта бағдарлар белгілейтін болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесе отырып базалық инфляцияны анықтау әдістемесін әзірлейді. Репо операциялары бойынша мөлшерлеме (ставка) қабылданатын негізгі жедел көрсеткіштің әсері мен базалық инфляцияның өзгеруін бағалауға мүмкіндік беретін трансмиссиялық тетік үлгілерін әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Осындай үлгі инфляция бойынша міндеттемелерді қатаң сақтауға мүмкіндік береді және жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатына сенімді арттыруға ықпал ететін болады.
Негізгі мақсаттарды орындау үшін ҚР Ұлттық Банкі келесі міндеттерді:
1) мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу мен оны жүргізуді;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруды;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жалғастыратын болады.
Осы міндеттер негізінде Ұлттық Банк қызметінің келесі басым бағыттары айқындалды.
Ақша-несие саясатын әлемдік стандарттарға, нақтысында, еуростандарттарға барынша жақындату ақша-несие саясаты саласындағы басым бағыттар болады.
Ашық нарықтағы операциялар – бағалы қағаздарды сату және сатып алу, ең алдымен, репо операциялары және қысқа мерзімді ноттар шығару ақша-несие саясатының негізгі құралдары болып саналады. Мұнан өзге, Ұлттық Банк векселдері қайта есепке алу, банктерге қысқа мерзімді несиелер беру (күндік және овернайт), сондай-ақ банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу үшін депозиттер қабылдау жолымен банктерді қайта қаржыландыруды және ресми мөлшерлемелерді (ставкаларды) реттеуді жүзеге асыратын болады.
Инфляциялық тергеттеуге көшуге дайындық жоспарында Ұлттық Банк, өзінің ресми мөлшерлемелерінің (ставкаларының) реттеушілік рөлін күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асырады. Алдағы 3 жылда ашық нарық операцияларымен өтімділікті реттеуді кеңейту, нақтылай айтқанда, бағалы қағаздардың қайталама нарығын дамытуға көмектесу шаралары белсенді түрде қолға алынатын болады. Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар қабылданатын болады, бұл Ұлттық Банктің реттеушілік мүмкіндіктерін ұлғайтуға және қаржы нарығының икемділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сыртқы нарықтарда Қазақстандық тауарлардың бағаға бәсекелестік қабілетін ұстап тұру үшін Ұлттық Банк, ақша сұранысы мен ұсынысына қатысты, валюта бағамының ауытқуын теңгенің өзгермелі айырбастау бағамының тәртібін сақтауға ниетті болып отыр. Тиісінше, Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және теңгенің айырбас бағамындағы алып сатарлық (спекуляциялық) секірістерді болдырмау қажеттілігі жағдайында ғана ішкі валюта нарығына аз түрде ғана қатысуды жүзеге асыра отырып, оны қалыптастыруға араласпайтын болады.
Вексель айналысын дамыту: векселдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің тізімін қалыптастыру, вексель айналысының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және орталық депозитарийлер арқылы векселдер есебінің рәсімдерін әзірлеу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері, тауарлар мен қызметтер көрсетудің 3 айдан артық импортын жабуды қамтамасыз ететін деңгейде ұсталып тұратын болады. 2006-2008 жылдарда Ұлттық Банктің алтын валюта резервтерінің 1,3 еседен аса өсуі күтілуде.
Ақша агрегаттарының жылдық өсімдері экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жылдық кезең ішінде ақша базасы мен ақша массасының 1,8 есе өсуі күтілуде, бұл осы кезең ішіндегі экономикалық өсу қарқынынан жоғары. Осылайша, соңғы 3-4 жыл бойы байқалып келе жатқан экономиканы монетизациялаудың өсу үрдісі сақталатын болады. Бұл ретте, ақша массасының өсу қарқынының басып озуы, егер еңбек өнімділігінің өсуі, әсіресе мұнай өндірумен байланысты емес секторлардағы жалақының өсу қарқынынан асып кететін болса, инфляциялық процестердің күшею қатерін білдірмейтін болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы да бюджеттік мекемелердің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруді көздейтін белсенді әлеуметтік саясат жүргізетін болады.
Ақша-несие саясатын және бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Несие серіктестіктері мен ипотекалық компаниялар, сондай-ақ өзге де қаржылық институттардың шоттарын енгізе отырып, келісімді негізде қаржы секторына шолу жасау жоспарлануда. Сондай-ақ қаржылық есептілікті жетілдіру және Бас бухгалтерлік кітапқа және оның қызметін реттеу Ұлттық Банкке жүктелген, ұйымның көмекші есебіне қойылатын талаптарды белгілеу болжанады.
Мұнан өзге, халықаралық стандарттарға сәйкес төлем балансы мен сыртқы қарыздың статистикасын қалыптастыру, операциялардың статистикалық есебі жетілдірілетін болады.
Ақша-несие саясатын жетілдіру мақсатында нақты сектордағы кәсіпорындар мониторингінің белсенділігі арттырылатын болады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы валюталық тәртіпті ырықтандыру басым бағыттарға айналады. Бұл резиденттердің операцияларды шетел активтерімен жүзеге асыру кезінде шамадан тыс әкімшілік кедергілерді жою және валюталық реттеу тәртібін жұмсартуды болжайды. Валюталық операциялармен байланысты тәуекелдерді қадағалау және бақылау үшін, банктердегі, зейнетақы жинақтау қорларындағы және сақтандыру компанияларындағы тәуекелдерді мәжбүрлеп реттеудің тиімділігін арттыру бағытында іс-шаралар қолға алынатын болады.
Валюта заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында 2009 жылы, қаржы нарығының заманауи талаптарына барынша жауап беретін және Қазақстанның халықаралық капитал нарығына неғұрлым белсенді қатысуын көздейтін, заңға толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Валюталық шектеулерді бәсеңдету жөніндегі шаралар отандық қаржы нарығының өсуіне, қаржы құралдарының дамуына және нақты сектор үшін қосымша қаржы ресурстарын тартуға оң ықпал ететін болады.
Оларды Еуропалық одақ стандарттарына барынша толық жақындату, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы алдағы 3 жылдағы басым бағыттар болады. Төлем құралдарының жаңа түрлері дамиды деп күтілуде.
Микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесін енгізу және дамыту жолымен төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай ұлттық желілер құруға ерекше назар аударылатын болады.
Одан кейінгі жылдары, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, кеден және салық төлемдерін төлеу жүйесін қалыптастыру, жеке (заңды) тұлғалардың бірыңғай нөмеріне (ЖН, БИН) және т.б. көшу жөніндегі жалпы ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде төлем жүйелерінің Ұлттық банкаралық жүйесін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылатын болады. Сондай-ақ сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарын төлем карточкаларын қабылдайтын және қызмет көрсететін жабдықтар желісін кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу саласындағы ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға оң ықпал ететін болады. Сақтандыру нарығын, бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға және банк жүйесінің орнықтылығын нығайтуға, банктердің экономиканың нақты секторына несие беруді одан әрі ұлғайту үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту, алдағы 3-4 жылда оның бүкіл сегменттерінің халықаралық стандарттарға жақындауы бағытында жүргізілетін болады. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын орнықты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру жалғастырылады.
Таяудағы 3 жылда банктердің депозиттік базаларының одан әрі өсуі, банктердің несие қызметін кеңейтуі және несиелер бойынша экономикада сыйақыларды (мөлшерлемелерін) одан әрі төмендетуі күтілуде.
ҚР Ұлттық Банкі өзінің қызметін құрылатын қаржылық реттеу және қаржы нарығын қадағалау Агенттігімен және қаржы ұйымдарымен тығыз үйлестіретін болады.
Қаржы нарығын қадағалау тетіктері мен рәсімдерін жетілдіру мақсатында, банк жүйесі үшін Базель комитетінің принциптері, сақтандыру нарығы үшін сақтандыру қадағалауларының халықаралық қауымдастығының талаптары (IAIS), бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымдарының бағалы қағаздар нарықтарын реттеу принциптері. (ISOCO), Еуропалық одақтың жекелеген нормалары мен директивалары сияқты, қаржы нарығының жекелеген сегменттерін реттеудің халықаралық стандарттарын одан әрі енгізу жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады. Жүйелік тәуекелдің өрістеуі және/немесе дағдарыстық жағдай туындаған кездегі жедел іс-қимыл жасау схемасы әзірленеді. Сондай-ақ, банктер қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшуі бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады, бұл банктер жасайтын қаржылық есептіліктің барабарлығын және сенімділігін қамтамасыз етеді.
Ұлттық Банк Үкіметпен және Қазақстан аудиторлар Палатасымен бірлесе отырып, сертификацияланған бухгалтерлік институтын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады. Аудитті дамытудың бірыңғай стратегиясы мен халықаралық аудит стандарттарына негізделген банктер аудитіне қойылатын бірыңғай тәсілдер мен талаптар және аудитті дамытудың бірыңғай стратегиясы әзірленетін болады.
Банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және шағын несие беретін ұйымдардан тұратын, үш деңгейлі несиелеу жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарлануда.
Ипотекалық несиелеу жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Солардың ішінде: ипотекалық несиелерге кепілдік беру Қазақстандық қорын құру, ипотекалық несие беру мерзімдерін 20 жылға дейін ұлғайту, ипотекалық несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемелерін (ставкаларын) одан әрі төмендетуді атап өтуге болады. Мұнан өзге, Ұлттық Банк шаралары төлем жүйесін жетілдіруге және қозғалатын және қозғалмайтын мүлікпен жасалған мәмілелерді тіркеуге, Қазақстандық қор биржасындағы агенттік облигациялар листингінің рәсімдерін алып тастауға, халыққа ипотекалық несие беру көлемінің өсуін ынталандыруға бағытталады.
Ұлттық Банк, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамыту бойынша Үкімет жұмысына көмектесетін болады.
Депозиттерді сақтандырушы Халықаралық қауымдастықтың ұсынымдарын ескере отырып, жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру жалғастырылады. Атап айтқанда, сақтандыру жарналарының дифференцияланған мөлшерлемелерін (ставкаларын) анықтау мақсатында қатысушы-банктердің тәуекелдерін бағалау бойынша әдістемелер әзірленетін болады. Депозиттер және несиелер бойынша нарықтық мөлшерлемелерді (ставкаларды) төмендетуге ықпал ету мақсатында кепілдік берілетін депозиттер бойынша сыйақылардың ең жоғары ставкаларын төмендетуге бағытталған саясат жүргізіледі.
Таяу жылдары сақтандыру қызметін қадағалау және мемлекеттік реттеу жүйелері жетілдіріліп, сақтандыру нарығында адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолға алынатын болады.
Экологиялық сақтандыру және төтенше сипаттағы өзге де тәуекелдерді сақтындыру салаларында бірыңғай мемлекеттік саясат айқындалады.
Ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау жүйесі құрылатын болады. Міндетті сақтандыру, өмірді сақтандыру және сақтандырудың өзге де әлеуметтік маңызды түрлері, қайта сақтандыру және сақтандыру нарығына шетелдің қатысуын кеңейту сияқты сақтандыру қызметінің түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. Толыққанды сақтандыру статистикасын қалыптастыру, сондай-ақ салалық мониторинг құру және өндірістік тәуекелді бағалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Инвестициялаудың ұжымдық формалары арқылы халықтың жинақтарын тартудың тетіктерін жетілдіру, бағалы қағаздар нарығын дамытудың басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Мемлекет негізгі күшті инвестициялық қорлардың дамуына бағыттайтын болады. Осы міндеттерді жүзеге асыру «Инвестициялық қорлар құру туралы» жаңа Заңның қабылдануына және бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың нормативтік базасын жетілдіруге оң ықпал ететін болады.
Қаржы құралдарының спектрін кеңейту үшін Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, қарыз міндеттемелері нарығын және өзге де қаржы құралдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Айналым жасайтын депозиттік сертификаттар мен коммерциялық қағаздар, агенттік облигациялары нарыққа жіберіледі.
Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру үшін ақпараттарды ашудың халықаралық стандарттарына көшу, лицензияланатын обьектілердің реттелуін жетілдіру, адал бәсекелестікті ынталандыру, листингтік талаптарды жетілдіру жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымдарын дамыту үшін трансфер-агенттер желілері дамып, ақпараттық жүйелер жетілдіріліп, операциялар тіізбесі кеңейеді және брокерлік және дилерлік ұйымдарды капиталдандыру деңгейі артатын болады. Сондай-ақ орталық депозитарий тіркеуші (регистратор), төлем агенті функцияларын атқаратын ұйым құрылатын болады.
Алдағы жылдары Ұлттық Банк ЕурАзЭҚ елдерінің орталық банктерімен бірлесе отырып, ЕурАзЭҚ елдерінің жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы нарықтарын интеграциялаудың өзге де бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Мұнан өзге, Ұлттық Банк Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтар жұмысына белсене қатысуға ниет танытып отыр.
Түйін
1. Ақша-несие саясаты несие мен ақша айналысы жағдайына жоспарланған іс-қимыл жолымен жиынтық сұранысты реттеу мақсатындағы Орталық Банк қолданатын өзарабайланысты шаралар кешенін білдіреді.
2. Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктер елдің орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақтауы тиіс депозиттер сомасының бір бөлігі. Міндетті резервтердің нормалары депозиттер көлемінен пайыздармен белгіленеді. Олар салымдардың түрлеріне қатысты көлемі бойынша ажыратылады.
3. Егер есептік мөлшерлеме көтерілетін болса, онда Орталық Банктен қарыз (займ) алу қысқарады, демек, ссудалар беру жөніндегі коммерциялық банктердің операциялары азаяды. Орталық Банктің есептік мөлшерлемелерді (ставкаларды) өзгертуін Орталық Банк саясатының индикаторы ретінде қарастыруға болады.
4. Ашық нарықтағы операциялар – бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Ақша мен реттеудің бұл құралы Орталық Банктің мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу-сатуын болжайды.
5. ҚР Ұлттық Банкі негізгі мақсаттарды орындау үшін:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүзеге асыру;
- төлемжүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу міндеттерін жүзеге асыруды болжайды.
6. Ақша-несие саясатын әлемдік стандарттарға, нақтылай айтқанда, еуропалық стандарттарға барынша жақындату ҚР ақша-несие саясаты саласындағы басым бағыттар болып қала береді.
