Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Мемлекеттік шығыстар

Мемлекеттік шығыстар салықтармен қатар экономиканың дамуына мемлекеттің ықпал етуінің аса маңызды құралы болып саналады. Шығыстар жүйесі арқылы ұлттық табыстың маңызды бөлігі қайта бөлінеді, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты жүзеге асырылады. Барлық шығыстарды:

  • әскери;

  • экономикалық;

  • әлеуметтік;

  • сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызмет;

  • басқару аппаратын ұстау сияқты топтарға бөлуге болады.

Қысқа мерзімді перспективада бюджет-салық саясатының шаралары мемлекеттік шығыстар, салықтар және теңдестірілген бюджет мультипликаторлары әсерімен қоса жүреді.

Мемлекеттік шығыстар ұлттық өндірістің көлеміне және халықты жұмыспен қамтуға тікелей әсерін тигізеді. Осындай инвестицияларға олар сондай-ақ екінші, үшінші және т.б. тұтыну шығыстарының тізбектерін туғыза отырып, мультипликациялық немесе көбейткіш әсерін тигізеді, сондай-ақ инвестициялардың өзінің көбейткіш әсерін туғызады. Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетулерге мемлекеттік шығыстардың өсуі нәтижесінде ЖҰӨ-нің өсуін көрсетеді:

МРС=ЖҰӨ-нің өсуі / Мемлекеттік шығыстардың өсуі

МРС=∆Y/∆С

Мемлекеттік шығыстар мемлекеттік сатып алулар формасында жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғысының ұлғаюы тауарларға және қызмет көрсетулерге сұранысты ынталандырады, бірақ та ол пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың) көтерілуін туғызады, соның салдарынан тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұраныс қысқаратын болады. Ығыстырып шығару әсері – бюджеттік өктемдік жүргізу салдарынан пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың) көтерілуінен болатын сұраныстың кемуі.

Салықтар жіктеуі

Алу тәсілдері бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтар табыс табушыдан немесе мүліктен тікелей алынады. Жанама салықтар тауар бағасына қосылады және тауарларды сату кезінде алынады.

Салықтар айқындау тәсілі бойынша пропорционал, прогрессивті және регрессивті болып бөлінеді. Пропорционал салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістердің мөлшеріне қатыссыз өзгермей қалады. Прогрессивті салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістің өсуіне қарай өсіп отырады. Регрессивті салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістің өсуіне қарай төмендейді.

Бюджет деңгейі бойынша – жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Пайдалану тәртібі бойынша – жалпы және мақсатты. Жалпы бюджет белгілі бір қазынаға түседі. Мақсатты бюджет белгілі бір мақсатқа жұмсалады.

Түйін

1.Бюджет тетігі – мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорының пайда болу және оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражатының орталықтандырылған қорының сандық мөлшерін белгілеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарының пайда болу, оны пайдалану, қайта бөлу формалары мен әдістерін реттеу жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік бюджет – бұл:

- салыстырмалы (относителді) дербес экономикалық категория;

- мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қоры;

- бюджет тетігі арқылы экономикаға ықпал ету құралы;

- мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;

- заң.

3. Бюджет тапшылығы және профициті – бюджет жүйесінің пропорциялары, мемлекет кірістерінің ағындары мен мемлекеттік қаржыландыруға деген қажеттіліктер арасындағы өзарабайланыстар көрініс табатын күрделі қаржылық-экономикалық категориялар, бюджет-салық саясатының реттеуші және бақылаушы құралы болып саналады.

4. Бюджет тапшылығы мен профициті: бөлу, қор құру, ынталандыру, бақылау функцияларын орындайды.

5. Экономикалық саясатта мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың:

- несие-ақша эмиссиясы (монетизация);

- займдар шығару;

- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту тәсілдері бөліп көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қарыз – бұрынғы бюджеттік операциялар нәтижесінде шоғырландырылған, болашақтағы бюджет есебінен ол жабылуы тиіс, сыртқы әлем мен қалған экономика алдындағы үкіметтің тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.

7. Заемшы, кредитор және кепілдік беруші ретінде оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі. Кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару, қаржылық саясат бағыттарының бірі ретінде, мемлекеттің билік және басқару органдарының қалпында болады. Атап айтқанда олар бюджет тапшылығының жалпы көлемін, демек, оны қаржыландыру үшін қажет займдар көлемін, ақша айналысына, несиеге, өндіріске, жұмыспен қамтуға ықпал етудің негізгі бағыттары мен мақсаттарын және елдің жекелеген аудандарындағы шағын бизнесті қолдау жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың дұрыстығын айқындайды.

8. Мемлекеттің қарыз міндеттемелерін шығаруға және орналастыруға дайындықпен, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеумен және мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен және өтеумен, ссудалар және кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдардың жиынтығы тар (қасаң) мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.

9. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы мемлекеттің қарыз міндеттемелерін тарту, қызмет көрсету және өтеуді оңтайландыру жөніндегі шаралар мен тетіктер кешенін білдіреді.

10. Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен салық салу көлемін өзгерту арқылы мемлекеттің экономикаға ықпал етуі.