- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі реттеушілік функциялары қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?
2. Агроөнеркәсіп кешеніндегі монополияға қарсы саясаттың кемшіліктері неде?
3. АӨК, оның құрылымы, аграрлық сектордың көп укладтылығы.
4. Мемлекеттің агроөнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыттары.
5. Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.
6. ҚР агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын қандай көрсеткіштермен бағалауға болады?
Тестілік сұрақтар
1. Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына жеңілдікпен несие беру жүйесін ұйымдастырудың бірнеше тәсілі бар. Айтылған қаржы институттарының қайсысы несиелеу функцияларын орындамайды:
А) кооперативтік ауылшаруашылық банктері;
В) мемлекеттік банктер;
С) мемлекеттің бақылауы және қолдауы жағдайындағы мамандандырылған банктер;
Д) бюджеттік несиелеу;
Е) валюталық қорлар.
2. Агроөнеркәсіп кешенінің көпукладты экономикасын қалыптастыру және дамыту бірнеше кезеңде жүзеге асырылды:
А) 5;
В) 1;
С) 3;
Д) 2;
Е) 4.
3. Мемлекеттің агро азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты:
А) ауыл халқын азық-түлікпен барынша қамтамасыз ету;
В) ауылдық жерлерді орнықты дамыту;
С) ауылдың дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру;
Е) Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі.
4. Азық-түлік қауіпсіздігі ... болып бөлінеді:
А) тұрақты және өзгермелі;
В) икемді және қатаң;
С) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
Д) жалпы және жеке;
Е) созылмалы және уақытша.
5. Қазақстан Республикасындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы жалпы өнімдерінің үлесі қандай пропорцияларда болады:
А) 50:50;
В) 30:70;
С) 80:20;
Д) 40:60;
Е) 60:40.
11-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-БЮДЖЕТТІК ӘДІСТЕРІ
11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
11.2 Мемлекеттік борышты басқару стратегиясы
11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:
мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымын;
бюджет балансын;
бюджет тапшылығын;
мемлекеттік борышты басқару стратегиясын;
мемлекеттің фискалдық саясатын білуі тиіс.
Әдебиеттер: 3-8; 12, 23.
11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын құру және оны кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттарына пайдалану және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жолымен қоғамдық өнім құнын қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің өзге қатысушылары арасында туындайтын ақша қатынастарын білдіреді.
Бюджет экономикаға бюджет тетігі арқылы ықпал етеді.
Бюджет тетігі – бұл мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорының пайда болу және оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражатының орталықтарылған қорының сандық мөлшерін белгілеу, оның пайда болуының және бюджетті атқару процесінде қаржы ресурстарын пайдалану, қайта бөлу формалары мен әдістерін реттеу жолымен жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекеттік бюджет – бұл:
салыстырмалы (относителді) дербес экономикалық категория;
мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қоры;
бюджет тетігі арқылы экономикаға ықпал ету құралы;
мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары;
құқықтық заң.
Мемлекеттік бюджет кірістер мен шығыстардан тұрады. Олар құндық бөлудің белгілі бір кезеңдерін білдіреді. Екі категория да обьективті: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражатымен қамтамасыз етеді; шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес орталықтандырылған ресурстарды бөледі. Кірістер мен шығыстар құрамы мен құрылымы экономикалық саясатты жүзеге асыру бағыттарына қатысты болады.
Бірқатар мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін ағымдағы шығыстар бюджетіне және даму бюджетіне бөлу тәжірибесі қолданылады. Даму бюджетіне инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруға ақша бөлу және кеңейтілген ұдайы өндіріспен байланысты өзге де шығындар кіреді.
Кірістер мен шығыстардың осындай тізбесі мен топтамасы бюджет жіктеуімен айқындалады. Бюджет жіктеуі – бұл бюджет кірістері мен шығыстарын, мемлекеттің қаржы органдарының бүкіл бюджет қызметінің негізі болып қаланған бірыңғай белгілері бойынша жүйеленген топтастырылуы.
Мемлекеттік бюджет мынадай принциптерге негізделеді:
1. біртұтастық бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Біртұтастық мемлекетте бірыңғай бюджет жүйесінің болуын, мемлекеттік кірістердің, шығыстардың, қаржылық құжаттардың, бюджеттік жіктеулердің ортақ күшін; бюджеттік жоспарлаудың бірыңғай ұйымдастырылуы мен методологиясын білдіреді. Бюджет қаражатының қозғалысына мемлекет тарапынан тиімді бақылаудың белгіленуі біртұтастық принципінің міндеттері болып саналады.
2. Толықтық үкіметтің бүкіл жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығыстардың, бүкіл қаржылық операцияларының, бюджетте шоғырландырылуын білдіреді.
3. Нақтылық (реалдылық) мемлекеттің қаржылық операцияларының бюджетте шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттегі бөлінген мақсаттар бойынша атқарылуының сәйкестігін көздейді.
4. Жариялылық бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді тапшылық мөлшерімен және оны жабу тәсілдерімен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау талабын білдіреді.
Бюджет тапшылығы мен профициті – бюджет жүйесінің пропорциялары, мемлекет кірістерінің ағындары мен мемлекеттік қаржыландыруға деген қажеттіліктер арасындағы өзарабайланыстар көрініс табатын (көрсетілетін) күрделі қаржылық-экономикалық категориялар – бюджет-салық саясатының реттеуші және бақылаушы құралы болып саналады.
Бюджет тапшылығы мен профициті:
бөлу;
қор құрушы;
ынталандырушы;
бақылаушы функцияларды орындайды.
Кірістердің шығыстардан асып кетуі бюджет профицитін құрайды. Шығыстардың кірістерден асып кетуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады.
Бюджет тапшылығының себептері:
Елдің халық шаруашылығы өндірісіндегі жалпы құлдырау;
Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
Тауар массасымен жабылмайтын шамадан тыс ақша эмиссиясы;
Мемлекеттік шығыстарды тиісті түзетусіз экономиканы ынталандыру мақсатында салықтарды қысқарту;
әскери шығыстарды қаржыландырудың үлкен көлемі;
«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту жөніндегі шаралар:
Қаржыландырудан несиелеуге көшу;
Мемлекеттік займдар;
Салық салуды қатайту;
Мемлекетті басқару жөніндегі шығыстарды азайту.
Бюджет тапшылығының (профицитінің) түрлері:
1. циклділік – нарықтық экономикада болмай қоймайтын және салық түсімдерінің автоматты түрде қысқаруы (ұлғаюы) мен іскер белсенділіктің төмен түсуі (жоғарылауы) астарында (фонында) мемлекеттік трансферттердің ұлғаюымен (қысқаруымен) туындаған, коньюнктуралық құбылысты көрсетеді. Сондықтан да мемлекеттің коммерциялық ұйымдардың, үй шаруашылықтары секторларының жинақтарындағы және тұтынуларындағы ауытқу құбылыстарының әсерлерін бәсеңдету мақсатымен экономиканың қалыптасқан тұрақтандырғыш жүйелерін жасау, бюджет-салық саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
2. Құрылымдық – экономиканы дамытуда ірі мемлекеттік салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі салдарынан немесе төтенше жағдайлар (лаңкестерге қарсы операциялар жүргізу, табиғат аппаттарын немесе өзге де төтенше жағдайларды жою) нәтижесінде туындайтын бюджет тапшылығы.
3. ресми - өлшенетін тапшылық.
4. жасырын – Орталық Банктің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің квазифискалды (квази бюджеттік) қызметімен байланысты жасырын тапшылық.
Квазифискалды операциялардың қатарына мыналар жатады:
- банк ссудалары есебінен немесе өзара төленбеген қарызды (орындалмаған міндеттемелерді) жинақтау жолымен мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыспен артық қамтуды қаржыландыруы және жалақыны нарықтық мөлшерлемелерді (ставкалардан) жоғары төлеуі;
- экономикалық реформалардың бастапқы сатыларында Орталық Банктен бөлініп шыққан коммерциялық банктерде жұмыс істемейтін ссудалардың (мемлекеттік кәсіпорындардың кешіктірілген борыштық міндеттемелерінің, үй шаруашылықтарына, фирмаларға және т.б. жеңілдік несиелердің) үлкен портфелінің жинақталуы. Бұл несиелер негізінен Орталық Банктің жеңілдік несиелері есебінен төленеді, әрі өтпелі экономикадағы «нашар қарыздар» портфелінің көлемі аса айтақаларлықтай болады;
- Орталық банктің (өтпелі экономикада) валюталардың айырбас бағамын тұрақтандыру, үкіметке (бидай, күріш, кофе және т.б.) пайызсыз және жеңілдікпен несиелер беру және жұмыс істемейтін ссудаларға қызмет көрсетуге коммерциялық банктерге қайта қаржыландыру несиелерін беру, сондай-ақ Орталық Банктің жеңілдік мөлшерлемелері (ставкалары) бойынша ауылшаруашылық, өнеркәсіп және тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру және т.б. жөніндегі шаралардан шеккен шығындарды қаржыландыруы.
Экономикалық саясатта мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың келесі тәсілдері бөліп көрсетіледі:
несие-ақша эмиссиясы (монетизация);
займдар шығару;
мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері:
1. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару меншігіндегі мүліктен қайтарусыз түсетін меншікті ресурстар.
2. Заемдық – қаржы нарығындағы уақытша жұмсалмай жатқан бос ресурстар қайтарушылық сипатқа ие, мемлекеттік қарызды ұлғайтуға жатады, оларға қызмет көрсету бойынша пайыздық шығыстарды талап етеді.
Тапшылықты монетизациялау жағдайында сеньораж – ақшаны басып шығарудан мемлекеттің алатын кірісі пайда болады. Сеньораж ақша массасының өсу қарқынының нақты ІЖӨ-нің өсу қарқынынан асып кетуінен туындайды, бұл бағаның орта деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Нәтижесінде бүкіл экономикалық агенттер өзіндік инфляция салығын төлейді және олардың кірістерінің бір бөлігі өскен баға арқылы мемлекеттің пайдасына қайта бөлінеді.
Инфляция деңгейінің көтерілуі жағдайында Оливер-Танзи әсері – салық төлеушілердің мемлекеттік бюджетке салық аударымдарын төлеу мерзімдерін сапалы түрде созуы туындайды.
Инфляцияның өрістеуі салықтар төлеуді «кейінге қалдыру» үшін салық төлеушілердің ынтасын туғызады, өйткені «салық төлеуді созу» кезінде ақшаның құнсыздануы болады, нәтижесінде одан салық төлеуші ұтады. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өсе түсуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын монетизациялау нақты ақша эмиссиясымен тікелей қоса жүрмейді, өзге формаларда, мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға пайыздық жеңілдік мөлшерлемелері (ставкалары) бойынша несиелер беруді кеңейтуі түрінде немесе кейінге қалдырылған (мұрсат берілген) төлемдер формасында жүзеге асырылады. Соңғы жағдайда үкімет, оларға мерзіміне төлем жасамастан, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алады. Егер сатып алулар жеке секторда жүзеге асырылатын болса, онда болуы мүмкін төлемеушілік жағдайларынан өзін сақтандыру үшін өндірушілер бағаларын күні бұрын төлейді.Бұл бағаның жалпы деңгейі мен инфляция деңгейінің көтерілуіне «серпін» береді.
Егер кейінге қалдырылған (мұрсат берілген) төлемдер мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарда жинақталып қалатын болса, онда бұл тапшылық жиі түрде Орталық банктен тікелей қаржыландырылады немесе мемлекеттік бюджеттің жалпы тапшылығын ұлғайта отырып, жинақтала береді. Сондықтан да кейінге қалдырылған (мұрсат берілген) төлемдердің монетизациялаудан өзгешелігі, бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес тәсілі болып санала тұрса да, тәжірибеде бұлайша бөлу барынша шартты болып есептеледі.
Егер мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару көмегімен қаржыландырылса, онда пайыздың орташа нарықтық мөлшерлемесі (ставкасы) көтерілетін болады, бұл жеке сектордағы инвестициялардың азаюына, таза экспорттың кемуіне және ішінара – тұтыну шығыстарының азаюына әкеледі. Бюджет тапшылығын қарыздық қаржыландыру жиі түрде тапшылықты монетизациялаудың инфляцияға қарсы балансы ретінде қарастырылады. Бірақ та қаржыландырудың қарыздық тәсілі инфляцияның өсу қатерін жоймайды, оның өсуін уақытша ғана кейінге қалдырады.
Егер мемлекеттік займ облигациялары халықтың және коммерциялық банктердің арасында орналастырылатын болса, онда оларды Орталық Банкте тікелей орналастыруға қарағанда, инфляция қарқыны баяулау болады. Бірақ та, соңғысы бұл облигацияларды бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алуы және инфляциямен қысым жасаудың өсуіне ықпал ететін, өзінің квазифискалдық қызметін кеңейтуі мүмкін.
Мемлекеттік облигацияларды бюджеттен тыс қорларға төмен пайыздық мөлшерлемелермен (ставкалармен) міндеттеп (мәжбүрлеп) орналастырған жағдайда, бюджет тапшылығын қарыздық қаржыландыру негізінен, қосымша салық салу тетігіне айналады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту проблемасы бюджет тапшылығын өзіндік қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді перспективада кешенді салық реформасы базасында мөлшерлемелерді (ставкаларды) төмендетуге және салық салу базасын кеңейтуге рұқсат етіледі. Қысқа мерзімді кезеңдегі салық мөлшерлемелерін (ставкаларын) төмендету, біріншіден, экономиканың қалыптасқан тұрақтылық дәрежесін төмендетумен; екіншіден, олардың өзгермейтін ұсыныстары жағдайында (инфляция деңгейін шектеу мақсатында) ақшаға сұранысты арттырудағы экономиканың жандануына ақша нарығының реакциясы ретінде туындайтын, пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың) көтерілуі фонында мемлекеттік емес секторды ығыстырып шығару әсерінің өсуімен; үшіншіден, Лаффер қисығында сипатталатын заңдылықтарға сәйкес, бюджетке түсетін салық түсімдері мен салық салу мөлшерлемелерін (ставкаларын) бір мезгілде төмендетуден бюджет тапшылығының ұлғаюы мүмкін екендігімен қоса қабаттаса жүреді.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдерінің бірде бірі қалғандарының алдында абсолютті артықшылыққа ие емес және толық инфляциялық емес болып саналмайды.
