Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері

Қазіргі батыс экономикасында мемлекет аграрлық секторды белсенді түрде қолдап отырады. Мемлекет аса маңызды ауылшаруашылық өнімдерінің ең төменгі бағаларын белгілеп, жыл сайын қайта қарайды. Сол арқылы өндірушілер бағалардың күрт төмен түсуінен қорғалады. Сол уақытта ішкі нарық, қосымша шет мемлекеттен әкелінетін тауарларға салынатын баж салығы жүйесінің көмегімен, арзан импорттан және бағалардың шамадан тыс ауытқуынан сақтандырылады.

Аграрлық саясат жүргізумен байланысты шығындарды мемлекеттік бюджет көтереді. Нарықтық экономикадағы агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытуды реттеу көп аспектілі болып саналады: ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу жүйесі жұмыс жасайды, азық-түлік экспорты мен импорты реттеледі, негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге квоталар белгіленеді, азық-түлік нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін кепілдік бағалар қолданылады, өнімдерді өңдеу және өткізу жүйесін реконструкциялау жөніндегі іс-шаралар субсидияланады, инфрақұрылымдар құруға, ауылдық жерлерді көркейтуге көмек көрсетіледі.

Қазақстандағы мемлекеттің реттеуші функциялары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету.

  2. Бүкіл аграрлық нарықта бәсекелестік орта қалыптастыру.

  3. Агроөнеркәсіп кешенінің орнықты дамуын қолдау, тауар өндірушілердің нарықтық жағдайға бейімделуі үшін жағдайлар жасау. Осымен байланысты тамақ өнімдері мен ауылшаруашылық шикізатына тұрақты сұранысты ұстап тұру, мемлекеттік реттеудің маңызды функциялары болып саналады.

Мемлекет, агроөнеркәсіп кешенінің өнімдеріне бағалар жүйесін реттеу, мемлекеттік тапсырыс, өңірлік қорларға азық-түлік сатып алу арқылы халықтың негізгі топтарының кірістерін қалыптастыруға әсер ете отырып, халықтың төлемқабылетті сұранысының пайда болуына оң ықпал етеді.

  1. Парасатты протекционистік саясат жүргізу, импортталатын азық-түлік тауарларына кедендік тарифтер, салықтар жүйесінің көмегімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  2. Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал туғызу, агроөнеркәсіп кешенінің бірлескен кәсіпорындарын құру, озық технологиялар мен техникалар импорты жағдайында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.

  3. Агроөнеркәсіп кешені проблемалары бойынша ғылымның шешуші бағыттарын қаржыландыру, әлемдік стандарттарға жауап беретін жаңа технологиялар жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.

Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу

Кәсіпорындардың ұсақталуына бағыт ұстау ауылшаруашылығын қоса алғанда, барлық салалардағы қалыптасқан технологиялық кешендерге нұқсан келтіреді. Кәсіпорындар санының механикалық ұлғаюы бәсекелестік қатынастарға автоматты түрде көшуге әкелмейді. Делдалдық операциялармен айналысатын шағын кәсіпорындар санының көбеюі, монополиямен, яғни делдалдардың алыпсатарлықпен бағаларды көтеруімен байланысты инфляцияның негізгі себептерінің бірі болып саналады.