- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің инвестициялық саясаттының ерекшеліктері қандай?
Инвестициялардың басты көздері қандай?
Инвестициялық сұраныс факторларын атаңдар.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерін атаңдар.
Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеудің әдістері қандай?
Тестілік сұрақтар
1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
А) неғұрлым қолайлы жағдай туғызу тәртібі;
В) ұлттық тәртіп;
С) транспоренттілік тәртібі;
Е) қатаң тәртіп.
2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
А) ұлттық тәртіп;
В) әділетті тәртіп;
С) теңқұқылы тәртіп;
D) транспоренттілік тәртібі;
Е) көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібі.
3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
А) заттай капиталға;
В) еңбек капиталына;
С) қаржы капиталына;
D) негізгі капиталға;
Е) адам капиталына
4. Қазақстандағы инвестициялық процестердің дамуын шартты түрде неше кезеңге бөлуге болады:
А) 4;
В) 2;
С) 5;
D) 1;
Е) 3.
5. ҚР-дағы тікелей шетел инвестицияларының неғұрлым көбірек үлесі ... келеді:
А) өңдеуші өнеркәсіпке;
В) қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, жалгерлікке және кәсіпорындарға қызмет көрсетулерге;
С) металлургия өнеркәсібіне;
D) жеңіл және тамақ өнеркәсібіне;
Е) тау-кен өндірісіне.
10-ТАҚЫРЫП. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері.
Ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат.
Студент, тақырыпты зерделеп шығып:
табиғат ресурстарын рационалды пайдалану жөніндегі мемлекеттік реттеудің мәнін;
Қазақстан Республикасының аргарлық саясатының бағытын, тетіктерін, әдістерін;
Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерін білуі тиіс.
Әдебиеттер: 4-9, 21-23.
10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Жер, орман, су ресурстары, жер қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, әуе бассейні табиғат пайдалану объектілері болып саналады.
Қалпына келтірушілік дәрежелері бойынша табиғат ресурстары келесі үш топқа бөлінеді:
ішінара қалпына келтірілетін (жер және әкелінетін ресурстар, әуе бассейіні);
толық қалпына келтірілетін (орман ресурстары, өсімдік және жануарлар әлемі);
қалпына келтірілмейтін (жер қойнауы).
Рационалды табиғат пайдаланудың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
қалпына келтірілетін ресурстарды ұдайы өндіру;
үнемді түрде алу және қалпына келтірілмейтін ресурстарды жұмсау;
қолайлы өмір сүру ортасын сақтау, жануарлар және өсімдік дүниесінің, ландшафтардың алуандығы;
қауіпті қалдықтарды сенімді етіп көму немесе оларды өңдеу.
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат ресурстарын пайдалануды мемлекеттік реттеу әкімшілік және экономикалық әдістерді үйлестіруге негізделеді.
Әкімшілік әдістерге мыналар жатады:
экологиялық қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту;
инвестициялық жобаларды экологиялық негіздеу талабы;
өнімдерді экологиялық сертификациялаудан өткізу және таңбалау және т.б.
Таза экологиялық өнімдер өндірушілерді ынталандырудан тұратын тікелей және жанама реттеудің неғұрлым тиімді экономикалық шараларының мысалдары болып келесілер саналады:
субсидиялар беру және қаржылық қолдаудың өзге де формалары;
мемлекеттік сатып алулар, контрактыларды (келісім шарттары) жасау кезеңіндегі басымдық;
өнімдердің «таза бөлу» дәрежесіне қатысты жеке ыңғайда қаралған (дифференцияланған) салық мөлшерлемелері және т.б.
Табиғат ресурстарын пайдалануды оңтайландыру мақсатында мемлекеттік органдар келесі міндеттерді тиімді шешуге бағытталған:
жерлерді, жер үстіндегі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғауды бақылау;
елдегі табиғат қорғау қызметін кешенді басқару, табиғат қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану бойынша бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
табиғат қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау және үкіметке ұсыну;
табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, табиғат ресурстарын пайдалану және табиғи ортаны ластанудан қорғау бойынша экологиялық нормативтерді, ережелерді және стандарттарды бекіту;
табиғат ресурстарының жағдайына әсерін тигізетін өндіргіш күштерді, кәсіпорындар мен объектілерді дамыту мен орналастырудың бас схемаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жасау;
шаруашылық қызметінің бүкіл түрлері үшін белгіленген тәртіпте жерлердің бөлінуін бақылау, өнеркәсіп, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды көмуге белгіленген тәртіпте рұқсаттар беру, геологиялық барлау жұмыстары үшін жер қойнауын беру;
қорықтар ісіне басшылық жасау, аң шаруашылығын бақылау;
табиғат ресурстарын қорғау ісіндегі халықаралық ынтымақтастық.
