Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері

Шетел инвестицияларының арқасында экономикалық өсудің жаңа кезеңіне көшуді қамтамасыз еткен бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін келесі жағдайлар қажет:

  • ұлттық және шетелдік кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құқықтық нормалар кешенін жасау, осы нормалардың относителді тұрақтылығы және оларды тәжірибеде бұлжытпай орындаудың ерекше маңыздылығы;

  • бұрындары шетел инвесторлары келтірген шығындарды ішінара өтеу;

  • әлеуметтік-психологиялық жағдайларды тұрақтандыру және ішкі саяси күрестердің ұшқары (тиімсіз) формаларынан бас тарту;

  • ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • саясаттың, оның басты бағыттарының орнықтылығы, нақты және тиімді басшылықтың болуы.

Шетел инвестицияларына қатысты ұлттық заңнамалар, сондай-ақ халықаралық және екіжақты келісімдер, инвестициялық қызметке шектеулерді алып тастау, шетел инвесторлары үшін тартымды қызмет салалары мен аяларын айқындау, дивидендтерді және пайдалардың орнын алмастыру үшін кедергілерді алып тастау, шетел компанияларына өндірістік қызметпен айналысуға рұқсат беретін қағазбастылықтарды (формалдылықтарды) ықшамдау, қосарлы салық салуды болдырмау инвестициялық белсенділіктің өсуіне оң ықпал етеді.

Кез келген мемлекетке шетел капиталының құйылуы, сондай-ақ капитал жұмсаудың тиімділігі рецепиент – елдер экономикасының инвестициялық тартымдылық факторларының болуымен айқындалады. Оларға, экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, географиялық, сыртқы факторлар жатады, солардың жиынтығы инвестициялық климатты білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялық климат пен инвестициялық тартымдылық жиі түрде синонимдер ретінде пайдаланылады. Негізінен экономистер инвестициялық климаттың экономикалық мәніне бірдей түсініктеме береді. Бірақ та, оның құрылымдарын, бағалау әдістерін нақтылау кезінде ғалымдардың көзқарастарында алшақтықтар бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

Атап айтқанда, қолайлы инвестициялық климат жоғары іскерлік белсенділік деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибеде, инвесторлар ескеретін факторлардың әртүрлі жіктеуі өмір сүреді. Мысал үшін, АҚШ-тың Сауда палатасы, қандай да бір елге капитал жұмсау туралы шешім қабылдай отырып, америкалық трансұлттық компаниялары (ТҰК) басшылыққа алатын отыз негізгі факторларды бөліп көрсетті:

  1. Жергілікті нарықтың сипаттамасы (табиғи ресурстар және географиялық жағдайлары);

  2. Нарықтың қолжетімділігі (жергілікті заңдар және нормативтік ережелер);

  3. Жұмыс күші (біліктілік деңгейі және еңбек ресурстарының көлемі);

  4. Валюталық тәуекел (өйткені трансұлттық компаниялар(ТҰК) инвестицияларды жергілікті валютамен жүзеге асырады, валюта девальвациясының тәуекелі олардың қаржылық активтерінің құнына, сондай-ақ тұрақты валютадағы пайдаға және түсімге әсерін тигізеді, (алушы елдерден алатын экспорт валютаның құнсыздануынан қорғаушы болып қызмет ете алатын болса да).

  5. Капиталды қайтару (пайдаларды донор-елге аудару мүмкіндігі).

  6. Құқықтарды және зияткерлік меншікті қорғау.

  7. Сауда саясаты (квоталардың, кеден баж салықтарының және акциздердің болуы).

  8. Мемлекеттік реттеу (мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі).

  9. Салық саясаты (салық мөлшерлемелері мен ынталандырулар).

  10. Саяси тұрақтылық (саяси тәуекел, ел басшысы ауысқан кездегі мемлекет саясатының өзгеру ықтималдығы).

  11. Макроэкономикалық саясат.

  12. Инфрақұрылымдар (көлік және коммуникация, қызметтер көрсету аясы, қуатпен қамтамасыз етушілік, ақпараттық орта).

  13. Инвестициялық ынталандырулар және тәртіптер (режимдер).

Жоғарыда айтылған факторлар жіктеуі транзиттік экономикалы елдер үшін толықтай болып саналмайды. Дамушы елдердің экономикасы өзін-өзі реттейтін нарықтық тетіктің ғана нәтижесі емес, экономиканың көптеген секторлары мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

Бізге белгілідей, кез келген экономикалық жүйенің инвестициялық климаты, оң немесе теріс бағытқа өзгере отырып, тұрақты динамикада болады. Қазақстан да осы ережелерді айналып өте алмайды, әрі қазіргі жағдайда инвестициялық климат мониторингінің міндеттері өзекті мәселеге айналады. Әлемдік тәжірибеде осындай мониторингтің үш нұсқасы неғұрлым кең таралған. Бірінші нұсқа жекелеген шаруашылық жүйелерін (экономикалық аймақтарды, өңірлерді, салаларды) бөліп көрсетусіз инвестициялық климаттың жағдайын қадағалайды. Екінші нұсқа (екі деңгейлі) тұтастай ел үшін, сол сияқты жекелеген өңірлер үшін мониторингті жүзеге асыруды көздейді. Үшінші нұсқа ірілендірілген өңіраралық экономикалық аймақтар, өңірлер мен салалар бойынша мониторинг жүргізуді болжайды.

Қазақстан Республикасы үшін үшінші нұсқа неғұрлым қолайлы болып саналады, өйткені ол: ақпараттар мониторингі жүйесін басқаруды ықшамдайды; инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсынымдар мен тікелей іс-қимылдар сапасын арттырады; елдің инвестициялық климатының пайда әкелуін анықтауға көмектеседі; әртүрлі экономикалық өңірлердің ұқсастығы мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды.

Экономикалық агенттердің инвестициялық белсенділігін жандандыру жөніндегі шаралар инвестициялық рейтингті арттыратын оның құрамды бөлігінің бірі болып саналады. Инвесторларды ынталандыру тетігіне салық, бюджеттік және қаржылық-несиелік реттеу құралдарының бүкіл жиынтығы кіруі және экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржы құралдарын ұлғайтуға, өндіріске қаражат салуға артықшылық беру үшін жағдай жасауға оң ықпал етуі, әртүрлі меншік нысандарындағы экономикалық агенттер мен бүкіл деңгейлердің мүдделерін ескеруі және тиісінше оған келесі бірінеше бөлімдерді енгізуі тиіс:

  • мемлекеттік салымдарды оңтайлы бөлуге және пайдалануға бағытталған экономикалық тұтқалар;

  • өңірлік деңгейдегі сараланған (дифференцияланған) инвестициялық жеңілдіктер;

  • барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өз жинақтарын өсіруге бағытталған әдістер;

  • халықтың жинақтарын экономиканы инвестициялау мақсаттарына іске қосу құралдары (инструменттері);

  • шетел инвестицияларын тарту бойынша іс-шаралар жасау;

  • қор нарығын және капитал жұмсауды қаржыландырудың өзге де нарықтық көздерін дамытуға жәрдемдесу;

  • негізгі капиталға, әсіресе ғылымды көп қажетсінетін салаларға, аграрлық секторға инвестициялар салуға мемлекеттік кепілдіктер бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

  • салық тетіктері және импортты өркениетті түрде ығыстырып шығару арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау;

  • қатаң бақылау енгізу арқылы амортизациялық аударымдарды (жарналарды) және оларды пайдалану тәртібін бұзғаны үшін санкциялар жүйесін енгізу арқылы банк шоттарында шоғырландыру.

Біздің елімізде:

  • жұмыспен қамтуды арттыратын, жұмыс жағдайын жақсартатын;

  • экспорт көлемін ұлғайтатын;

  • өңдеуші өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын;

  • жаңа технология мен техниканы енгізетін;

  • қуат (энергия) пен шикізатты үнемдейтін;

  • импорталмасуға оң ықпал ететін;

  • НИОКР-ды ынталандыратын кәсіпорындарға неғұрлым түбегейлі жеңілдіктер беру қажет.

Елдегі инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің тиімді тетігі:

  • инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ашық, қарамақайшылықты емес заңдар шығару, атап айтқанда «шетел инвестициялары туралы» және «тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» қолданыстағы заңдар негізінде «Инвестициялар және инвестициялық қызмет туралы» бірыңғай Заң әзірлеу және қабылдауға;

  • әлемдік капиталдар нарығындағы жарнамалық-инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыруға, халықаралық инвестициялық саммиттер, экономикалық форумдар өткізу тәжірибесін жалғастыруға;

  • инвестициялық аяда тұрақтылықты қамтамасыз етуге (мемлекет елдің инвестициялық рейтингін көтеру қажет);

  • салынған инвестициялық ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға (мультипликативті тиімділік) қол жеткізуге (мемлекет, біріншіден, бүкіл макроэкономикалық саясатқа жанасу нүктесін анықтауға, екіншіден, қысқамерзімді және ұзақмерзімді перспективаға салалар мен экономикалық аймақтар және өңірлер деңгейлерінде даму басымдықтарын айқындауға; үшіншіден, маңыздылық дәрежелері бойынша басымдықтарды қатарға тізіп (ранжирлеп), артықшылықтар беру нұсқасына сүйене отырып, оларды инвестициялық қамтамасыз ету үшін жағдайлар;

  • мемлекеттік инвестицияларды әлеуметтік-бағдарлана отырып бөлуге;

  • дүниежүзілік жүйеге ықпалдасуға бағытталған болуы тиіс.