Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде онда болатын егемендікке ие болу, өңірлерде және жер-жерлерде кең өкілеттіктерге ие басқару аппаратын құру, әртүрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың жұмыс жасау процестері әлеуметтік саясат жүргізуге жаңа тұрғыдан келуді талап етеді.

Республикадағы билік органдары қабылдайтын заңнамалық актілер, өзге нормативтік құжаттар, әлеуметтік аяда болатын процестерді реттейді.

Қазақстан Республикасының заңдары, Республика Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары, ведомствалық нұсқаулықтар, ережелер, ұсынымдар әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеудің аса маңызды тұтқалары болып саналады.

Орта мерзімдік перспективадағы әлеуметтік саясаттың аса маңызды басымдықтары болып мыналар саналады:

    1. жұмыс қамту шебін кеңейтуге, перспективалық жұмыс орындарын сақтауға және жұмыссыздықты қысқартуға, сондай-ақ тұтыну және инвестициялық сұраныстың белсенділігін арттыруға, өндірісті жандандыруға жәрдемдесу;

    2. тиімді еңбек нарығын орналастыру, өзін-өзі ақтамаған еңбектің төмен бағасын жою, ұлттық экономиканың өсуіне қарай оның деңгейін көтеру;

    3. өмір деңгейін көтеру, халықтың мүліктік жікке бөлінуін қысқарту, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар, медициналық қызмет көрсетулер) және деңгейлерін қалыптастыру;

    4. әлеуметтік аядағы салаларды қалпына келтіру, дамыту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру.

Түйін

  1. Қазіргі жағдайда жұмыссыздықты түсіндіру үшін жиі түрде жұмыссыздықтың кейнсиандық үлгісі пайдаланылады. Неоклассикалық үлгіде жұмыссыздық, еңбек бағасы ретінде нақты жалақы қатысатын, жұмыс күшіне сұраныс функциясы мен оның ұсыныс функциясы арқылы айқындалады.

  2. Жұмыссыздықтың кейнсиандық үлгісі макроэкономикалық тұрақсыздық формасы ретінде көрінеді және тауарлар мен қызмет көрсетулерге жиынтық сұраныстың жетіспеушілігінен тікелей туындайды, соның салдарынан фирмалар жұмыс күшіне деген сұранысты қысқартады.

  3. Жұмыспен қамту мен еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тетігі нарықтық экономикалық елдер үшін ортақ болып саналады және оған әдістердің үш тобы: экономикалық әдістер, ұйымдық әдістер, әкімшілік-заңнамалық әдістер кіреді.

  4. Мемлекеттік саясат іс-шаралары сондай-ақ келесі түрде саралануы (дифференциалануы) мүмкін:

  • негізінен, бос жұмыс орындарын толтыруға және жұмыспен қамту органдарының шектеулі қаржылық мүмкіндіктері шегінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төлеуге жәрдемдесуге саятын, енжар (пассивті) жұмыспен қамту саясаты;

  • жаппай жұмыссыздықты жоюға бағытталған, инвестициялық, қаржылық, несие, салық саясатының көмегімен жүзеге асырылатын, белсенді жұмыспен қамту саясаты.

  1. Бағдарламалық – мақсатты әдіс, нормативтік әдіс, баланстық әдіс, жұмыспен қамту мен еңбек нарығын перспективалық болжамдық негіздеудің нақты әдістері болып саналады.

  2. Дамыған елдердегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, реттеудің ортақ, тұрақты қолданылатын тетіктері жоқ. Олар қандай да бір елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, мәдени дәстүрлеріне, еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктеріне, мемлекеттің рөліне және т.б. қатысты бір-бірінен ажыратылады.

  3. Әлеуметтік аяда, оның ауқымы әлеуметтік саясаттың ауқымын айқындайтын мемлекеттік сектор үстемдік етеді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың жалпыға бірдей қолжетімділігін, әлеуметтік төлемдердің әмбебаптығын, мемлекеттің қайта бөлу қызметінің тегіс қамтитын сипатын білдіреді. Шектеуші әлеуметтік саясат, әлеуметтік аяның дәстүрлі институттарын толықтыру функцияларын барынша азайтуға саятынын білдіреді.

  4. Қазақстан Рпесубликасының заңдары, Республика Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары, ведомствовалық нұсқаулықтар, ережелер мен ұсынымдар, әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеудің аса маңызды тұтқалары болып саналады.