- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Өзіндік проблемалар:
Біріншіден, жоғары білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі.
Бүгінгі күнге, мемлекеттің инновациялық саясатына тез және сапалы әрекет етуге қабілетті мамандардың жетіспеушілігі Қазақстан үшін өткір проблема болып саналады. Осымен байланысты Қазақстанның инновациялық дамуы, менеджмент деңгейін арттыруға бағытталған, инновацияларды басқарудың тұтас жүйесін құруды талап етеді, өйткені ғылыми-техникалық әзірлемелердің, инвесторлар, өндірушілер және тұтынушылар үшін тартымды дайын инновациялық өнімге айналу процесін дайындығы бар және оқытылған мамандар – инновация менеджерлері ғана жүзеге асыруы мүмкін.
Білім берудің осы заманғы жүйесі мен осы заманғы менеджерлерсіз технопарктердің тиімді және динамикалы жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл ретте, үлкен тапшылығы сезіліп отырған, техникалық мамандықтарды дамытудың бірінші кезектілігі ешқандай да күмән туғызбайды, ал кадрлар еріксіз шетелден тартылады.
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық идеялар мен әзірлемелер, жоғары технологиялар мен ұлттық өнім, кадрлардың зияткерлік және білім беру әлеуеті – «ұлттық инновациялық қабылеті» – тұрақты экономикалық өсудің басты қозғаушы күші болып саналады.
Екіншіден, технопарктерді дамытуға жеке сектор шығындарының жеткіліксіздігі.
Қолданбалы зерттеулер мен ғылымға және инвестицияларды тарту жүйесін дамыту деңгейінің төмендігі Қазақстанның инновациялық жүйесінің ірі кемшілігі болып саналады, өйткені, әлемдік тәжірибеге сәйкес, атап айтқанда солар технопарктерді дамытудың негізгі факторларының бірі болып саналады.
Инновациялық технологияларға жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі, мемлекеттік ғылыми орталықтар әзірлейтін инновациялық технологиялар мен өнімдердің бір бөлігі қажетсіз болып қалатынына әкеледі, өйткені олар өнеркәсіп кәсіпорындарының өзіндік қажеттеріне бағытталмайды.
Үшіншіден, венчурлық қорлар құру проблемалары.
Жаңадан құрылған және өсу әлеуетіне ие технопарктер, әсіресе өзінің дамуының бастапқы кезеңдерінде, әрқашан да қаржыландыруды қажет етеді. Сонымен бірге, тұрақты қаржылық жағдайы болмағандықтан олар, банктік несиелер немесе көпшілік қаржы нарықтарына бағалы қағаздар орналастыру сияқты дәстүрлі көздерден қаражат аламын деп есеп құра алмайды.
Сондықтан да венчурлық инвестор іздеу жас технопарктер үшін қаражаттың жетпеуімен байланысты проблеманы шешудің бірден-бір жолы болып саналады.
Бірақ та Қазақстанда бүгінгі күнге Қазақстандағы инвестициялық пай мен венчурлық қорлардың дамуын тежейтін, бірқатар заңнамалық нормалар мен ережелер қолданылады. Мысалы, егер бұл кәсіпорын шығынсыз болса да, тиісті рейтингке ие емес кәсіпорындар акцияларын сатып алуға тыйым салу. Сондай-ақ бүгінгі уақытта, инновациялық қордың жобадан шығуы проблемалы болып саналады: ішкі ережелерге сәйкес, қор үлестік қатысуда 49%-ға ие, ал акционерлік қоғамдар туралы Заң, қоғамға, меншік капитал есебінен акциялардың 25%-ының ғана құнын өтеп сатып алуға рұқсат етеді.
Венчурлық корлардың болмауы:
инновациялық жобаларды коммерциялық дамыту тәжірибесінің жеткіліксіздігі;
инновациялық жобаларды коммерциялық банктердің қаржыландыруының жоқтығы;
зияткерлік меншік құқықтарын қажетті деңгейде қорғау үшін қаражаттың жетпеуі сияқты, бірқатар өзекті проблемалардың туындауына әкеледі.
Төртіншіден, инновациялық университеттердің дербестігінің жеткіліксіздігі.
Бүгінгі күні қазақстандық ЖОО-лар, республикада құрылатын технологиялық парктер жүйесінің негізгі элементі болатындай, өндірістік секторы бар шағын және бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәселені дербес шеше алмайды. Бұл үшін ҚР білім және ғылым Министрлігі мен ҚР мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті тараптарынан келісу мен рұқсат берудің ұзақ процесі талап етіледі. Мұнан өзге, жаңа білім, инновациялық өнімдер алу, ғылымды дамыту және оқу процесін жетілдіру, заманауй жоғары технологиялы зертхана жабдықтарын сатып алусыз мүмкін емес. Сонымен бірге ЖОО-лар осындай жабдықтарды дербес шетелден сатып алу мүмкіндіктеріне ие емес, сондықтан бағасы әлденеше есе жоғары, делдалдардың қызметтерін еріксізден пайдаланады.
Бесіншіден, жаңа технологиялық әзірлемелер нарығының конъюктурасы туралы ақпараттардың болмауы.
Осындай ақпараттардың жеткіліксіздігі, жаңа өнімдер өндірісін жоспарлайтын қазақстандық зерттеушілер мен өндірушілер үшін қиындықтар туғызады, яғни технопарктердің ғалымдары мен әзірлеушілерінің жағдайды анық бағалап, белгіленетін көрсеткіштерді осындай өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру мүмкіндіктеріне ие емес.
Осылайша, нарықтағы бәсекелестік деңгейі туралы жеткіліксіз ақпарат ала отырып, отандық өндірушілер «қараңғыдағы бәсекелестік» жағдайда еріксіз жұмыс істейді.
Алтыншыдан, шикізатты өңдеуге бағдарланған технопарктердің жоқтығы.
Қазақстандық өңдіруші салаларды, атап айтқанда, мұнайхимия саласын дамыту туралы айтқанда, республика иелік ететін, бай мұнай және газ әлеуеті әлі де толықтай жүзеге асырылмай жатқанын атап өту қажет. Мәселен, Павлодар, Атырау және Шымкенттің мұнайөңдіруші зауыттарындағы көмір сутегі шикізаттын өңдеу көлемі 55%-ды ғана құрайды, олардың 40-45%-ның ғана өндірістік қуаты пайдаланылады. Соған қарамастан дамыған елдерде осындай көрсеткіш 98%-ға дейін жетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы жағдайында соңғы уақыттарда мұнайхимия кешенін көтеру бойынша нақты іс-шаралар қабылдануда, бұл процеске ірі отандық және шетел компаниялары қатысуда.
Сонымен бірге, өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген инновациялық жобаларды енгізу мүмкін емес болып көрінеді, өйткені шағын және орта кәсіпорындар әзірге жұмыс процесіне жаңа технологияларды қолдануға дайын емес. Ірі шетел компанияларының басшылығы қазақстандық ғылымдардың жұмыстарына қызығушылық танытпауда. Олардың әзірлемелерін Қытай ғана сатып алуда.
Бүгінгі күні Қазақстанда инновациялық даму жолына көшу үшін бүкіл алғы шарттар бар. Бұл – шикізат пен қуат көздеріне ішкі қажеттіліктердің үлкен бөлігін қамтамасыз ететін, бай табиғи ресурстар; ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді іске қосу үшін елеулі уақытша жұмыс істемей жатқан өндірістік қуаттардың болуы; оның жеткілікті түрде жоғары жалпы білім беру деңгейімен үйлестіктегі арзан жұмыс күші; жеткілікті түрде дамыған ғылыми-техникалық әлеует; бірқатар технологиялық укладтар бойынша кемшіліктердің болуы.
Одан да артық санауға болатыны, осы кезге дейіннің өзінде, ғылым мен техника жетістігі негізінде елдің экономикасын дамыту үшін қажетті жағдай мен қолайлы орта жасау, теңдестірілген өндірістік инфрақұрылымдар құру және елдің жалпы ұлттық өніміндегі құрайтын шикізаттың бір бөлігін бірте-бірте жоғары технологиялы экспорттық өнімдермен алмастыру сияқты, елімізде инновациялық инфрақұрылымдар элементтерінің енгізілгендігі болып табылады.
Сонымен бірге, технопарктерді интенсивті енгізуге және елде қуатты өндірістік және ғылыми әлеуеттің бар екендігіне қарамастан, әзірге Қазақстанда шетел тәжірибесін тиімді пайдалануға қол жеткен жоқ, технопарктер ірі ғылыми орталықтар жанынан құрылуда және ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялы бизнеске тартылған жаңа компанияларды дамытуды ынталандырады. Қазіргі түріндегі технопарктер, негізінен, компаниялар ғимаратты жалға алатын, бірақ та жаңа технологияларға негізделген кәсіпорындардың өсуін қолдайтын орын емес, шоғырландырылған стандартты инфрақұрылымдық қолдау орнын білдіреді.
Олардың салаға жатушылығына қатыссыз түрде бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру өз кезегінде, олардың басты функциясы болып саналады және соның салдары ретінде, оларда технопарктер ретінде – инновациялар жасау мен енгізуді айқындайтын басты фактор болмайды.
Осылайша, жоғарыда айтылған проблемалар өзінің жедел шешімін табуды талап етеді. Осымен байланысты ақпараттық және жоғары тенологиялы өнімдер жасауға және енгізуге бағдарланған технопарктер желісін дамыту үшін қажетті жағдайлар қалыптастыру негізі болып саналатын, кешенді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қажет.
Түйін
Ағылшын экономисі Нобель сыйлығының лауреаты Джон Хикс техникалық прогресті бейтарап, еңбекті көп жұмсамайтын және капиталды көп жұмсамайтын деп бөлуді ұсынды.
Бейтарап техникалық прогресс еңбек өнімділігі мен капиталды бір мезгілді арттыруды қамтамасыз етеді.
Еңбекті көп жұмсамайтын техникалық прогресс – еңбек пен капиталды, ең алдымен еңбекті үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Капиталды көп жұмсамайтын техникалық прогресс – капитал мен еңбекті пайдаланудың, ең алдымен капиталды пайдаланудың тиімділігін арттырады.
Батыс Мемлекеттері іргелі зерттеулер шығындарының басым бөлігін қаржыландырады. Жеке капитал, жеке-құқықтық негізде ұйымдастырылатын және аралас қаржыландыру көздеріне ие әртүрлі зерттеу қорлары мен қоғамдар арқылы осындай зерттеулерге ішінара ғана демеушілік жасайды.
Қазіргі жағдайда негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығару экономикадағы құрылымдық өзгерістерді, жинақтарды (қорлануды) ынталандырудың басты құралы және шаруашылық цикліне, жұмыспен қамту мен НИОКР-ге ықпал етудің маңызды инструменті болып саналады. Оның мәні – өндірілетін өнімдер мен көрсететін қызметтерге негізгі капиталдың заттық көздерінің құнын өндіріс шығындарына калькуляцияланатын машиналардың, жабдықтардың, ғимараттар мен қондырғылардың тозу физикалық процесіне ауыстыру.
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде республикада, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, химия және мұнайхимия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, металлургия, аэроғарыш аясындағы жаңа жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жұмыстары басталды.
