Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Жалпы проблемалар

Біріншіден, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялардың тапшылығы.

Аталған проблемалардың тереңдеуі:

  • инвестициялардың маңызды үлесі шикізат секторына салынатындығы;

  • республикадағы экономикалық қызметтен алынатын негізгі кірістер, экспортқа бағдарланған және көп дәрежеде шетел инвесторларының қолында шоғырланған жерқойнауын пайдалануға келетіндігі сияқты себептермен байланысты туындайды.

Бұл ретте, біздің еліміз әзірге өзінің ішкі қаржылық мүмкіндіктерін (қор нарығы мен банк аясының қаражатын) отандық экономиканы әртараптандыруға (диверсификациялауға) бағыттау жағдайында емес. Оның себептері: шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстан өндірісіне инвестициялардың болмауы: рентабелділігі төменжағдайда үлкен тәуекелдерге бару.

Екіншіден, нарыққа технологиялық жаңалықтар енгізудің осы заманғы тетіктерінің болмауы.

Бүгінгі күні Қазақстан ғалымдары, көпжылдық зерттеулер нәтижелері мен идеаларға негізделген көптеген әзірлемелерге ие. Бірақ та, оларды өндіріске енгізу проблема болып қалуда, ал оны сату бірді-екілі жағдайлар болып саналады.

Шетелдік әзірлемелер өзінің сапалық сипаттамалары бойынша неғұрлым артықшылықты болып саналады және тиісті қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайларда отандық кәсіпорындар оны жиі пайдаланады. Мұнан өзге, патенттерді қолдау, зияткерлік меншікті бағалау проблемалары және лицензиялар беру тетіктері зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру мен өндірісте кеңінен қолдау үшін ғылыми әзірлемелерді беруді тоқтатады.

Үшіншіден, ішкі нарықта озық технологиялар мен өнеркәсіп жаңалықтарына төлемқабілетті сұраныстың болмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет, көрсету аясына жатады және олардың өнімі нарықта қажетсініледі. Бірақ та, ғылыми қызмет көрсету мен ғылымды көп қажетсінетін өнімдердің қазақстандық нарығы қазіргі уақытта жеткіліксіз дамыған. Отандық кәсіпорындардың басым көпшілігі өзіне ғылымның қызмет көрсетуін «сатып ала алмайды». Мұнан өзге, технологиялық және инновациялық өнімдерге сұраныс деңгейінің төмендігі, экономиканың минералдық ресурстарды өндіруге құрылымдық бағдарланушылығымен байланысты туындайды.

Қазақстан нарығы бүгінгі күнге отандық ғалымдардың және әзірлеушілердің көрсететін қызметтерін толықтай төлеуге дайын емес.

Төртіншіден, өндірістік әлеуеттің кемшілігі.

Ғылыми-техникалық ақпараттар Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының (ары қарай – Қаз Мем ҒТАИ) мәліметтері бойынша, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметпен, зияткерлік өнімдер шығарумен айналысатын 455 мемлекеттік, қоғамдық және жеке ҒЗИ, жобалау-конструкторлық ұйымдар мен кәсіпорындар, оның ішінде 77 ғылыми-зерттеу ұйымдары, 11 жобалау-конструкторлық (технологиялық), 13 ғылыми-техникалық (өндірістік) орталықтар, 7 ұлттық орталықтар, 17 ғылыми-техникалық профилдегі кәсіпорындар жұмыс істейді. «Зерттеу – әзірлеу – жобалау – жасау» кешенінің элементтері арасында белгілі бір диспропорция туындайды.

Қазақстанда республикадағы бүкіл ғылым аясының 80%-ы зерттеу бөлігіне және 20%-ға жуығы жобалау-конструкторлық және тәжірибелік-өндірістік бөлікке келеді, өйткені осы құрылымдар ғылыми-техникалық әзірлемелерді тауар жағдайына дейін жеткізуі тиіс.

Мысал үшін, АҚШ-та бір оқымыстыға тәжірибелік-өнеркәсіп өндірісінің екі конструкторы, жобалаушы және төрт қызметкері келеді.