Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру

Инновациялық инфрақұрылымдар объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бірқатар артықшылықтар беруді көздейді. Мысалы, еркін экономикалық аймақтағы ақпараттық технологиялар Паркінде (Алатау кентіндегі) корпоративтік салық жартысына азайтылған, оған қатысушылар жер және мүлік салығынан толықтай босатылған, ал қызмет көрсетуді өткізу бойынша айналымдар қосымша құн салығынан (ары қарай – ҚҚС) босатылады. Одан да артығырағы, әкелетін тауарларға кеден төлемдерінен босатылады және даму институттары жеңілдікпен қаржыландырылады.

Салыстыру үшін мынадай мысал келтіреміз: Қытай үкіметі технопарктерді дамытуға фирмалардың қатысуын (олардың меншік түрлеріне қатыссыз түрде) келесі түрде ынталандырады: перспективалы технологияларды пайдаланатын кәсіпорын, оның әдеттегі мөлшерінен 15% шамасында табыс салығын төлейді, ал өнімдерінің 70%-ы экспортқа баратын фирмалар – 10% ғана төлейді. Мұнан өзге, жаңадан құрылған кәсіпорын аккредитациялаудан өткен кезден екі жылға салықтар төлеуден босатылады. Егер жаңа корпустар салу ішкі капитал жұмсау есебінен жүзеге асырылса – құрылысқа салық алынбайды. Фирмалар сыртқы нарықтарға өнімдер өткізу кезінде экспорттық салықтардан босатылады.

Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі

Қазақстанның технологиялық парктерінің қызметін талдау олардың дамуының келесі бірқатар осы заманғы үрдістерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

1. Технопарктер санын ұлғайту

Елде соңғы онжылдықта оннан аса технопарктер құрылып, тіркелуден өтті. Атап айтқанда, соңғы екі жылда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ары қарай – ЖШС) «Технопарк «Алгоритм» (Орал қаласы); ЖШС «Қарағанды өңірлік технопаркі»; ЖШС «Алматы технологиялық паркі» және т.б. сияқты бірқатар технопарктер құрылған болатын. Ұлттық технопарктердің ішінен. Ақпараттық технологиялар Паркін (АТП) (Алатау кенті);»Тоқымақ» ядролық технологиялар паркін (Курчатов қаласы); Ғарыштық мониторинг технопаркін (Приозерск қаласы) және т.б. атап өтуге болады.

Сондай-ақ, мұнайхимия өнімдерін шығару және елдің мұнайгаз кешенінде жоғары технологиялы өндірісті дамыту, негізгі қызметінің бағыттары болатын, Ұлттық индустриалды мұнайхимия технопаркін құру (Атырау қаласы) жұмыстары жүруде.

Таяудағы бес жылда технопарктер республиканың ұлттық инновациялық жүйесінің аса маңызды элементіне айналуы мүмкін, өйткені атап айтқанда инновациялық құрылымдардың бұл объектілері осы заманғы технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және жоғары технологиялы өнімдер шығаруға ықпал ететін элементтер болып саналады.

2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы

Бүгінгі күні, іргелі ғылымдардың дамуымен, қолдағы бар ғылыми-техникалық әлеуетті, минералдық шикізат ресурстарын, өндірістік инфрақұрылымдарды және облыстық даму басымдықтарын (өңірлік университеттер оның ядросы бола алатын) ескере отырып, Қазақстанның әрбір облысында технопарктер құру арқылы өңірлік инновациялық тетікті іске қосу қажет болып саналады.

Осымен байланысты елде өңірлік технопарктердің санын ұлғайту байқалуда: соңғы екі жылда өңірлік технопарктер: «Алгоритм» технопаркі; «Бизнес-Сити» технопаркі; Алматы өңірлік технопаркі және т.б. құрылған болатын. Осылардың барлығы өңірлік және жергілікті дамуды ынталандыру, өңір экономикасының инновациялық өнімдерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.