Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

4. Меншік құрылымы

Қазақстанның, сол сияқты Еуропаның басым көпшілік елдеріндегі технопарктерде аралас меншік құрылымы байқалады, яғни қоғамдық және жеке секторлар ғылыми-технологиялық парктерді ұйымдастыруға бірлесіп қатысады. Мысалы, меншік құрылымы Еуропаның бірқатар елдерінде келесідей түрде көрінеді: 45% – аралас меншік, 38% – қоғамдық, 17% – жеке меншік.

Қазақстандық мысал ретінде, құрылтайшылары АҚ «ЦИТТ» және облыс әкімі атынан бас басқарма (ары қарай – ББ) (Қарағанды облысының экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы) болып саналатын, Қарағанды қаласындағы технопаркті бөліп көрсетуге болады.

Технопаркті дамыту тұжырымдамасы жобасының негізгі қатысушылары – Орал қаласында АҚ «ЦИТТ», АҚ «Өңірлік зерттеу орталығы» (ары қарай – ӨЗО) «Градиент» (құрылтайшысы – Батыс Қазақстан облысының әкімі), АҚ ҒЗИ «Гидроприбор», сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары.

Алматы қаласындағы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен жоба) технопарктің болжанып отырған құрылтайшылары болып мыналар саналады: АҚ «ЦИТТ», АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» және өңірдің бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары.

Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы

Қазақстанның технопарктерінің бір бөлігіне бизнес-инкубаторлар, яғни шектеулі уақыт ішінде (2-ден 5 жылға дейін) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындар жалға алатын ғимарат немесе бірнеше ғимараттар кіреді. Осы уақыт ішінде фирма өзін-өзі көрсетіп, технопарктен сыртқа шығуы тиіс (әлемде технопарктердің 88%-ы бір немесе бірнеше бизнес-инкубаторларға ие). АҚШ-тың бизнес – инкубаторларының ұлттық қауымдастығының мәліметтері бойынша, табысты жұмыс жасайтын компаниялар мен банкрот-компаниялардың арақатынасы әдеттегі жағдайларда 20:80-ді құрайды, ал бизнес-инкубаторларда, керісінше – 80:20.

Мына бір жайды айтып өту қажет: Қазақстан Республикасындағы инкубаторлар клиенттерінің негізгі үлесін өндіріспен айналысатындар (тамақ өнімдері, киім тігу, жиһаз жасау, қолөнершілік және сувенирлер жасау) және қызмет көрсету аясында жұмыс жасайтындар (оқыту, консалтинг және құрылыс-жөндеу жұмыстар аясындағы) құрайды және бизнес-инкубаторлар клиенттерінің 2%-ы ғана технологиялық бизнеспен айналысады, ал шынтуайтында бизнес-инкубатор, идеялар туындаған ерте кезеңдердің өзінен жоғары технологиялы компанияларды тәрбиелеп өсіруі тиіс.

Қазақстандық технопарктер ұсынатын қызмет көрсетулердің ішінен, бүгінгі күнге келесілерді атап өтуге болады:

-өндірістік және әкімшілік алаңдарды жалға беру;

- технологиялық жабдықтар прокатын ұйымдастыру;

- жалпы коммуналдық және коммуникациялық қызметтер көрсету.

Өз кезегінде, әлемдегі 70%-дан аса технопарктер «базалық» қызмет көрсетулерді ұсынады. «Базалық» қызмет көрсетулер технологиялық парктер үшін бірегей болып саналады және қосымша құн деңгейі жоғары өндіріске қызмет көрсетуге жатады. Аталған қызмет көрсетуге мыналар жатады:

  • басқару қолдауы;

  • оқыту;

  • венчурлық капитализмге немесе тұқымдық капитал қорларына қол жетімділік;

  • зияткерлік меншік мәселелері бойынша консультация беру;

  • зертханалық жабдықтар;

  • фирмалардың орын алмастыруына көмектесу;

  • венчурлық және тұқымдық капиталдың меншікті қорлары.