Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Инновациялық саясат және инфрақұрылым

2005 жылдың сәуірінде 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін құру және дамыту жөніндегі Бағдарлама бекітілді. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту екі негізгі бағытты – инновациялық инфрақұрылымдарды құру мен дамытуды және инновациялық қызмет субъектілері арасындағы қатынастардың тиімді жүйесін құруды көздейді. Қазақстан Республикасының өңірлік технопарктерін дамытудың моделі әзірленіп, бекітілді. Технопарктердің физикалық инфрақұрылымдарын дамыту жұмыстары жалғасты. Оларды технопарктерде жүзеге асыру үшін инновациялық жобаларды іріктеп алу, технологиялық толықтыру, технопарктерді сертификаттау және білім беру орталықтарын, зертханалық кешендер құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. АҚ «Ұлттық инновациялық қорда» бес отандық және үш шетелдік венчурлық қорлар құрылды.

АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аумағында технологиялық бизнес-инкубатор құру жөніндегі жобаны қаржыландырады.

Ақпараттық технологиялар паркі

2003 жылдың тамызында, даму жоспарына арнайы экономикалық аймақтың ақпараттық технологиялар Паркін дамытудың Бас және қаржылық жоспарын жобалау және әзірлеу кіретін, «Ақпараттық технологиялар Паркінің» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын.

2005 жылдың 11 қазанында ЖШС «Ақпараттық технологиялар Паркін басқару жөніндегі Компания» құрылды, оның қызметі ақпараттық технологиялар салаларын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

43 жоба пысықтау сатысында, солардың ішінде 2 инфрақұрылымдық жоба, 19 жоба компания арнайы экономикалық ақпараттық технологиялар Паркі құрылысының бірінші кезегін аяқтағанға дейін кейінге қалдырылды.

Ядролық технологиялар Паркі

2005 жылы «Ядролық технологиялар Паркін» құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды, атап айтқанда, оның жарғылық капиталына мемлекеттің – АҚ «Ядролық технологиялар Паркінің» 100 пайыздық қатысуымен, акционерлік қоғам формасында технопаркті басқарушы компания құрылды.

Кластерлік бастама

2005 жылдың маусымында жеті пилоттық кластерлер: «Туризм», «Тамақ өнеркәсібі», «Мұнайгаз машина жасау», «Тоқыма өнеркәсібі», «Көлік логистикасы», «Металлургия» және «Құрылыс материалдары» кластерлерін құру және дамыту жөнінде жоспарлар жасалып, бекітілді.

Аталған жоспарларға салаларды дамытуды, кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ынталандыру үшін заңдарды жетілдірудің жүйелік проблемаларын шешу жөніндегі шаралар, стандарттау, инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері, әрбір жекелеген кластерлердің міндеттерін шешуге – бизнес – стратегияны әзірлеуге, кластерлер шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, кластерішілік кооперацияларды күшейтуге бағытталған шаралар кіреді.

Кластерлік идеяларды дамытуда, индустриалды аймақтар құру сияқты нақты өндірісті мемлекеттік ынталандырудың осындай құралын (инструментін) пайдаланудың болашағы зор болып көрінеді. Аталған тетік қазіргі уақытта Астана қаласындағы (құрылыс материалдары) және Қарағанды облысындағы (Металлургия – Металөңдеу) пилоттық кластерлерінің жобаларын жүзеге асыру шеңберінде ресми түрде қабылдануда. Жобаларды жүзеге асырып болғаннан кейін, өнеркәсіп әлеуеті бар бүкіл өңірлерге тәжірибені тарату жоспарлануда. Индустриалды аймақтарды ұйымдастырудың Тұжырымдамасы әзірленуде.