Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

Экономиканы мемлекеттік реттеу алдыға белгілі бір мақсаттар қою мен оған жетуді болжайды. Дүниежүзі тарихы растап отырғандай, қоғамның дамуы – бұл көптеген алуан түрлі міндеттерді бірмезгілде шешу болып саналады. Проблемалардың бүкіл кешенін шеше алу үшін, оларды сезіну және оларды анық құрылымдау қажет. Экономиканы дамытудың негізгі және жоғары мақсатын ғаламдық деңгейде анықтай алу қажет. Кез келген елде ол бүкіл қоғамның ең жоғары әл-ауқатына жетуге саяды.

Негізгі мақсаттардан өзге осы заманғы әлеуметтік құрылыстың басты мақсаттарының жиынтығы – қоғамды және құқықтық тәртіпті еркін дамыту өмір сүреді.

Еркіндікті қамтамасыз ету көп ретте бір жақты түсіндірілмейді. Бұл жерде көп жағдай қоғамның жекелеген жіктері мен топтарының мүдделеріне қатысты болады. Аталған түсініктің обьективті мазмұнына жеткілікті түрде анықтама беру қиын, өйткені бұл философиялық және әлеуметтік және экономикалық категория. Оның тәуелділігі мынадай түрде көрінеді: жеке адамның еркіндігі қоғамда неғұрлым жоғары бағаланса, мемлекеттегі экономикалық еркіндік те соғұрлым маңыздырақ болады. Нарықтық экономиканың даму барысына (тіпті көмек көрсету түрінде) мемлекеттің кез келген араласуы экономикалық еркіндікті шектеу болып саналатындығы туралы пікір, міне, осындай жағдайдан келіп туындады. Экономикадағы нақты еркіндік дәрежесі, әрбір ағымдағы уақыт кесіндісінде қалыптасатын, саяси ымыраға келудің нәтижесі болып табылады.

Әзірге Қазақстандағы экономикалық еркіндік туралы түсінік нарықтық экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан түсініктерден ерекшеленеді. Қандай да бір шекте ол қоғамдық-саяси үрдістермен, халықтың ділімен (менталитетімен) (қоғамдық психологиясымен) байланысты. Қазақстан әрқашанда мемлекеттік орталықтандырудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және осындай бағдар жалпы мемлекеттік шаруашылық жүргізу үстемдік құрған кезеңде әлденеше рет күшейтілді. Құқықтық қамтамасыз етушілік, негізінен, аталған субьектілердің мүддесіне экономикалық саясат оң ықпал еткен кезде ғана жеткілікті болып саналады. Осымен байланысты реттеу стратегиясы, қабылданатын шешімдер бүкіл мүмкіндігі бойынша заңдылықтар туралы әртүрлі қоғамдық топтардың түсініктеріне сәйкес келетіндей болуы тиіс.

Қоғамдық тәртіпке іс жүзінде қол жеткізу, ең алдымен, меншікке және оны қорғауға және шаруашылық шарттар жасауға құқықтың болуымен байланысты. Осы жерде, «мемлекет қамтамасыз етуі тиіс құқықтық сенімділікке белгілі бір сенім дәрежесі болмайтын мемлекетте сауда мен өндірістік қызмет сирек өркендейді» деген А.Смиттің сөзін еске түсірген орынды көрінеді.

Мемлекеттік реттеудің басты мақсаттарын қарастыра отырып, экономикалық әдебиеттерде келесі 4 қолданбалы мақсаттар бөліп көрсетіледі:

1. экономикалық өсу (оны қамтамасыз ету ҰЖӨ-нің ұлғаюымен байланыстырылады).

2. толық жұмыспен қамтылушылық (ұзақ мерзімді жоспарда жұмысқа жарамды халықты тұрақты пайдалана отырып, барынша жоғары деңгейге жету). Жұмыссыздық дәрежесі (жұмысқа қабілетті халықтың санына жұмыс істемейтіндер санының арақатынасы) 1,5-нан 4%-ға дейін жеткен кезде толық жұмыспен қамту жағдайына жетеді деп есептелінеді.

3. бағалар деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның тұрақтылығы (егер инфляция – 1-2% құрайтын болса, сондай жағдайда ғана оған жеткен болып есептелінеді).

4. сыртқы экономикалық тепе-теңдік (ел экономикасының даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, сыртқы экономикалық байланыстар үшін оның мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады).

Осылайша, мемлекеттің экономикалық саясаты – олардың арасында иерархиялық бағыныштылық өмір сүретін, ең алдымен мақсаттардың жеткілікті түрдегі кең спектрі. Қазіргі теорияда мақсаттардың бұл жүйесін «мақсаттар пирамидасы» деп атайды.

Қазақстан жағдайына қолдануға қатысты мақсаттарға жетудің дәйектілігі, нарықтық қатынастардың жеткілікті түрде жетілмегендігімен байланысты, батыс елдерінен өзгешеленіп көрінуі мүмкін. Қазіргі уақытта ҚР үкіметінің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге баса назар аударуы, біздің республикамыздың дүниежүзіндегі барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік береді.