- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясындағы (ары қарай – Стратегия) алдыға қойылған міндеттерді жүйелі іске асыру мақсаты үшін, оны жүзеге асыру жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.
Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту, құрылыс индустриясын, бұйымдар мен конструкцияларды дамыту, энергияны сақтау және т.б. жөніндегі бағдарламалар сияқты, салалық және салааралық сипаттағы 9 бағдарлама бекітілді.
Қазақстан Республикасының 20-дан аса заңдары, оның ішінде: «Техникалық реттеу туралы», «Инвестициялық қорлар туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» заңдар қабылданды: Салық Кодексіне, ҚР «Инвестициялар туралы», «Білім туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» және т.б. Заңдарға өзгерістер енгізілді.
Институционалдық даму индустриалды-инновациялық саясатты жүргізудің негізгі құралдарының (инструменттерінің) бірі болып саналады. Мемлекет құрған қаржылық және сервистік даму институттары (АҚ «Қазақстанның Даму Банкі», АҚ «Қазақстанның Инвестициялық қоры», АҚ «Ұлттық инвестициялық қор», АҚ «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» мен АҚ «Технологиялар инжирингі мен трансферт орталығы») бұл тұғыда маңызды рөл атқарады.
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде машина жасауда, құрылыс материалдары өндірісінде, химия және мұнайхимия өнеркәсібінде, ақпараттық технологияларда, металлургияда, аэроғарыш аясында жаңа жоғары-технологиялық өндірісті дамыту бойынша жұмыстар басталды.
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін құрылған даму институттары өңдеуші салаларды жаңғырту плацдармын қалыптастыруға тың жігермен кірісті. Мәселен, Қазақстанның Даму Банкі 0,5 млрд.доллардан асатын сомаға 20 инвестициялық жобаны несиеледі. Инновациялық қор, елдің тұңғыш ғарыштық серігін (спутнигін) жасауды қаржыландыруға кірісті. Сол жылдың басынан бастап қор, барлығы 44 млн.доллардан асатын сомаға 12 жобаны қаржыландырды.
Алматы қаласында ақпараттық технологиялар Паркі және үш өңірлік технопарктер құрылды. Солардың базасында машина жасау, аспап жинау және экология аясындағы инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі әзірлемелер жүргізілетін болады. Тұңғыш рет венчурлық «Әрекет» жоғары технологиялар Қоры» құрылды, бұл қор отандық ғылымның серпінді бағыттарын қаржыландыруда технопарктермен тығыз ынтымақтастық жасайтын болады.
Біздің активімізде 300-ге жуық ғылыми ұйымдар бар, машина жасауда, биотехнологияда, атом энергетикасында, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтауда, өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің генофонын сақтау мен дамытуда, фитопрепараттар, радиоэлектроника және байланыс өндірісінде мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда.
Зияткерлік (интеллектуалдық) әлеуетті генерациялау және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, қазіргі уақытта Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларының жобасы әзірленуде.
Мұнда, индустриалды дамыған елдердің, атап айтқанда, экономикада тиімді инновациялық жүйені пайдаланатын Финляндия тәжірибесін пайдалану болжанып отыр. Осы мемлекетте, осы елдің жұмыс тәжірибесін зерттеген біздің Үкіметіміздің делегациясы болып қайтты. Фин тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандық инновациялық жүйенің келесі элементтерін құру және дамыту жоспарланып отыр, ол:
ғылыми әлеует;
инновациялық инфрақұрылымдар, соның негізінде – сұраныс пен пәрменді схемаларға, дайын өнімдерді нарыққа шығарудың (жеткізудің) технологиялары мен әдістемелеріне болжам жасауды қоса алғанда, тиімді түрде оларды өндіріске енгізу және маркетингтік тетіктер;
тікелей мемлекеттік қолдау құралдарымен үйлестікке негізделген, жоғары технологиялар аясындағы ғылыми-өндірістік және білім беру процестерін кешенді қаржыландыру үшін қаржылық инфрақұрылымдар, инновациялық бастамаларды салықтық және өзге де ынталандыру жүйелері;
әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнімдерді тез арада сериямен өндіруге қабілетті инновациялық кәсіпорындар.
Әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында құрылыс индустриясы қарқын алып келеді. Тұтастай алғанда осы жылдың 10 айы ішінде тұрғын үй құрылысына өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп инвестиция бағытталды. Осы кезең ішінде 32%-ға көп тұрғын үйлер салынды. Біздің тұрғын үй құрылысы бағдарламамызды іске асыру келесі жылдан басталатын болса да, биылғы жылдың өзінде нарық, елде әзірленген және қабылданған тұрғын үйді дамыту бағдарламасын қолға ала бастағандығы байқалады.
Саланың қажеттіліктерін өтеу үшін құрылыс материалдары өндірісі де қоса дамуда. Тұтастай алғанда құрылыс индустриясы біздің экономикамыздың перспективалы, серпінді дамушы секторына айналады.
Соңғы жылдары агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің тұрақты өсуі байқалады. Бұл салада, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Мемлекеттік бағдарлама табысты жүзеге асырылуда. Тұтастай алғанда агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығы, осы секторға шетелдік және ішкі инвестицияларды салу үшін сенімді негізге айналуы мүмкін.
Біз, ұлттық көлік жүйесінің дамуына, халықаралық көлік дәліздерін құруға үлкен маңыз береміз. Соңғы жылдары теміржол магистралын, автомобиль жолдарын, телекоммуникацияны, инженерлік желілерді белсенді түрде салып, реконструкциялаудамыз.
Салық саясаты саласында біздерде салық салмағын төмендету және арнаулы салық тәртіптерін (режимдерін) қолдану аясын кеңейтуде тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында, қосымша құны жоғары өнімдер шығаратын ұйымдар үшін корпоративтік табыс салығын есептеудің жеңілдік тәртібін енгізу, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін басқару жүйесін енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, қызметтің басым түрлеріндегі жобаларды жүзеге асыратын, жаңадан құрылған салық төлеушілерді корпоративтік табыс салығынан босату жөніндегі нормалар енгізілген болатын.
Қор нарығын дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды биржаға шығару жаңадан құрылатын өндірістерді қаржыландыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді, инновациялық жобаларды дамытуға екпін жасалады. Ал тәуелсіз директорлар институтын енгізу, қаржы тәртібін нығайту және бірінші сыныпты эмитенттер үлесін ұлғайту, корпоративтік басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Инвесторлардың сенімін нығайту жөніндегі шаралар ретінде Үкімет, контрактылар (келісім шарттар) жасауда ашықтыққа жетуге, лицензиялар және рұқсаттар беруге ұмтылады. Мұнан өзге, инвесторлар құқықтарын қорғау саласындағы заңдарды одан әрі жетілдіруге баса назар аударады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стратегиясы бойынша: шикізаттық бағыттан, зияткерлік (интеллектуалдық) ресурстарға, ғылымды көп қажетсінетін және ақпараттық технологияларға негізделетін, экономикалық өсудің индустриалды формаларына көшу ұлттық экономиканың ортамерзімді дамуының басым бағыттарына айналды. Қазақстан, жасалған объективті алғышарттарды пайдалана отырып, пост кеңестік мемлекеттер жаңа индустриалды державалар, транзиттік дамушы елдер арасынан бірінші болып, ұлттық экономиканың «серпінді» секторларында инновациялық-индустриалды қалыптасу, терең және сапалы құрылымдық өзгерістер сатысына өтті.
Конгреске қатысушылар атап өткендей, шикізатқа маманданған республикалар үшін дәстүрлі болып саналатын жағдайлардың сөзсіз сақталуы жағдайында, оның бүкіл экономиканың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуын, оның құрылымдарының дәйекті әртараптандырылуын (диверсификациялануын) қамтамасыз ету қажет. Жаппай шикізаттық экспортты жүзеге асырушы көптеген елдер, жоғары және тұрақты өсу қарқындарына жетті. Норвегия, Канада, Австралия, Ұлыбритания инновациялық секторды дамыта отырып, табиғи-ресурстық аяда өзінің табиғи бәсекелестік басымдықтарын кеңейтті.
Әлемдік тәжірибе растап отырғандай, отын-шикізат базасы экспортты дамыту негізі ретінде өзін сарқып болды, яғни, экспорт, сыртқы сауда айналымы сөзсіз қысқарады, дүниежүзілік саудадағы елдердің үлесі экономикалық саясатты, ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыруға, экспорттық позицияны кеңейтуге, техникалық-технологиялық жаңғыртуға (модернизациялауға) оның мақсатты бағытталушылығын бірте-бірте қайта бағдарлауды талап етеді. әрбір елдің сыртқы экономикалық қызметі жаһанданатын дүниежүзілік шаруашылық ортада халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын, келеңсіз үрдістердің мұқият есебін, дүниежүзілік тәжірибенің талдауын пайдалану мүмкіндіктеріне сүйенуі тиіс. Ресурстық әлеует, әлемдік тәжірибе растап отырғандай, – бұл кез келген мемлекеттің аса күшті бәсекелестік артықшылығы. Ол ұлттық мақсаттарға жету үшін үнемі пайдалануы тиіс, бұл осы сектордың басым түрдегі экспортқа бағдарлануын емес, қайта бүкіл экономикалық әлеуетпен өзарабайланыстағы оның үйлесімді дамуын, ғылымды көп қажетсінетін өндірістер мен салаларды қалыптастыруға оның қатысуын білдіреді.
Қазақстанда қуатты жоғары сапалы болат және арнаулы балқымалар алу индустриалды-инновациялық дамудың басым бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Талдау көрсетіп отырғандай, дүние жүзінде, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, беріктігі жоғары, тат баспайтын, подшипниктік, легирленген және болаттың жаңа түрлеріне деген қажеттілік барған сайын өсе түсуде, арнаулы балқымалардың барған сайын жаңа түрлері алынуда.
2003-2005 жылдардағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында, ғылымды көп қажетсінетін, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, «ғылым-өндіріс-нарық» циклінің, нақты және қаржы секторының неғұрлым тиімді байланыстарын белгілеуге ынталандыратын, алдыға үлкен міндеттер қойылған.
Осы проблемаларды шешу үшін, жүзеге асыру басымдықтарын, кезеңдерін бөліп көрсететін жалпыұлттық даму бағдарламасы қажет екені ақиқат. Қазіргі уақытта, елдің қайталанбас бірегей табиғат байлықтарынан алынатын қайтарымды барынша ұлғайту үшін, қолдағы бар зияткерлік (интеллектуалдық), өндірістік, ғылыми-техникалық, қаржылық-экономикалық әлеуетті бір арнаға бағыттап, қазақстандық ғылыми мектептің әлеуетін неғұрлым толықтай пайдалану қажет. Экономиканы дамытудың дүниежүзілік, сол сияқты өзіміздің отандық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, нарық өздігінен осындай күрделі және ауқымды міндеттерді шешуге қабілетсіз, сондықтан да осы процестерді мемлекеттің реттеуі тиімді және ынталандыруы қажет. Республикада, жігерлі жағдайларда мықтап нығайтуға болатын, жеткілікті түрде күшті позициялар бар. индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру, жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлауды жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар болған жағдайда, осы нақты міндеттерді орындау үшін неғұрлым дайындығы бар отандық өндіріс аясындағы серпінді қамтамасыз етуге болады.
Шикізаттық емес сектор инвестициялық климатты түбегейлі жақсартуды қажетсінеді. Осы секторда қолайлы инвестициялық климат жасау үшін:
заңдарға, меншікті (инвесторларды) құқықтық тұрғыдан қорғаудағы олқылықтарды жоятын, билік құрылымдарынан әкімшілік және қаржылық соттардың түбегейлі тәуелсіздігін қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибелер мен ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, сот және әкімшілік реформаларды дамытуға қолданылатын құқықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
экономикада тең бәсекелестік жағдай жасау және тауар нарықтары мен капитал нарықтарында тиімді монополияға қарсы саясат жүргізу арқылы адал бәсекелестік ортаны дамыту;
бірінші сыныпты (класты) өндірістік инфрақұрылымдардың жедел және үнемі дамуын қамтамасыз ету;
корпоративтік табыс салығын (бірте-бірте және жыл сайын), жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын, әлеуметтік салық пен ҚҚС-ты төмендету жолымен өңдеуші сектордағы салық жүктемелерін азайту үшін елде сирек түрде туындайтын бюджет кірістерінің өсу қолайлы жағдайларын барынша пайдалану. Бұл, біріншіден, өндірісті инвестициялау үшін қаражаттың бір бөлігін босатуға, екіншіден – өңдеуші сектордың бәсекеқабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берер еді;
банк несиелерін арзандатуға ықпал ету және кәсіпкерлердің кең топтарының оны алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. Үкіметтік құрылымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, барлық заңдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, отандық және шетел инвесторларына заңнамалық деңгейде тең жағдайлар жасау.
Халықаралық экономикалық бәсекелестіктің өрістеуі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына басты қатер төндіреді. Экономиканы әртүрлі протекционистік шаралармен жабу жолымен, бұл қатерге қарсы тұру мүмкін емес. Оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қатал бәсекелестік күресте өзінің өмір сүруін сақтай білу ғана жаһанданудың осы дабылдарына бірден-бір нақты жауап болуы мүмкін. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы үшін оның бәсекеге қабілеттелігін арттырудан артық маңызды және жаһандық міндеттер жоқ. Ал бұл үшін бәсекелестіктен қашпай, қайта тұрақты түрде бәсекелестік күресте болу қажет.
Сондықтан да Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мемлекеттің экономикалық саясатының бірінші кезекті ұзақмерзімді міндеттері болып жария етілуі тиіс.
Қатаң бюджеттік шектеулер мен импорт тарапынан болатын нарықтағы бәсекелестік саясаты, сондай-ақ ДСҰ-ға кіруге дайындық, жеке секторды қор нарығында ашық, жұмыс жасауға және өндірісті инвестициялау, өндірістік аппаратты жаңалау, өндірісті диверсификациялау, өнімдердің жаңа тұрлерін игеру, меншік иесін компанияларды басқарудан бөлу, жоғары сыныпты менеджерлермен толықтыру, менеджмент пен корпоративтік басқару деңгейін көтеру, кәсіпорындарға қайта құрылымдау жүргізу, оларды дамытудың ең жақсы стратегиясын әзірлеу, сатып алушыларды іздеу, өз өнімін ұсыну және жарнамалау және т.б. үшін, шағын акционерлердің қаражатын тарту мақсатында күресе білуге итермелеуі тиіс.
Қазіргі уақытта, индустриалды-инновациялық даму Бағдарламалары шеңберінде жоғарыда айтылған бүкіл қаржы институттары экономиканың әртүрлі секторлары бойынша 50-ден аса инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Бұл ретте, бүгінгі күні, әлі күнге дейін инвестициялық жобалар жүзеге асырылмайтын өңірлер де бар екенін айту керек. Салалық аспектіде, негізінен, құрылыс, көлік және байланыстар жөніндегі жобалар, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп жобалары жүзеге асырылады.
Тұтастай алғанда, байыпты қаржылық саясат, негізгі экспорттық тауарларға дүниежүзілік бағаның қолайлы конъюктурасы, сондай-ақ мемлекеттің міндеттемелерін уақытылы және халықтың табысын толықтыру жолымен ішкі жиынтық сұранысты кеңейтуге бағытталған іс-шаралар, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті.
