Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде

Негізгі капитал амортизациясы – бұл оның физикалық және моралдық тозуы, ескеру процесі.

Оның құнының бір бөлігін салық салынбайтын амортизациялық қорға жыл сайын есептеп шығару негізгі капиталдың тозуы мен ескіруінің қаржылық көрсетілуі болып саналады, өйткені бұл қор пайдадан емес, өндіріс шығындарынан құралады. Бұл қор, шаруашылық объектісін жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұруға шақырылған, ерекше түрде капитал жұмсауды қаржыландыруға қызмет етеді.

Амортизациялық аударымдардың (жарналарды) мөлшерін классикалық есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

,

Мұнда А – жыл сайынғы амортизациялық аударымдардың мөлшері; Кп – негізгі капиталдың бастапқы құны; Ко– пайдаланудан оның шығып қалады деп болжанып отырған кезіндегі негізгі капиталдың қалдық құны; Т – жылдардағы негізгі капиталдың заттық көздерінің қызмет мерзімі.

Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы

Оларды пайдаланудың нақты кезеңіне қарағанда, неғұрлым қысқа мерзімде құралдарды амортизациялық қорға есептен шығару жедел есептен шығару деп аталады.

Қазіргі жағдайда негізгі капиталды жедел амортизациялық деп есептен шығару жинақтауды (қорлануды) ынталандырудың, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің басты құралы және шаруашылық циклге, жұмыспен қамтуға және НИОКР-ге ықпал етудің маңызды инструменті болып саналады. Оның мәні – машиналардың, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылғылардың өндіріс шығындарындағы калькуляция жасалатын тозудың физикалық процесін негізгі капиталдың заттық көздерінің құнын өндірілетін тауарлар мен қызметтерге ауыстыру.

Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері

Қазіргі уақытта нарықтық экономикалы елдерде амортизациялық есептен шығарулардың келесі түрлері қолданылады:

  • желілік немесе пропорционал;

  • қосымша (амортизациялық аударымдардың сомасы есептен шығарылатын объектінің бастапқы құнынан асып кеткен кезде);

  • ерекше (шаруашылық қызметін жалпы немесе селективті жандандыру мақсатында бұрын белгіленген жеңілдіктерден тыс амортизациялық аударымдар нормасын ұлғайтқан кезде);

  • алдын-ала.

Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы

Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығаруды жаппай қолданудың келесідей зардаптары бар:

1. Оларды амортизациялық қорда салықтардан жасыру есебінен шаруашылық субъектілерінің нақты таза пайдалары ұлғаяды.

Баланстық пайданың азаюына қарай оған салық салу неғұрлым төмен мөлшерлемелер (ставкалар) бойынша жүргізілетіндік есебінен (пайдаға салынатын салықтың прогрессивтік (үдемелі) мөлшерлемелері есебінен), нақтысында, пайдаға салынатын салық есебінің қосымша қысқаруы болады.

2. Капиталдың айналымдылығы жылдамдайды.

  1. Ұлттық табыстағы жинақтау қарқыны мен үлесі артады.

  2. Негізгі капитал мөлшерінің өрістеуі және соның нәтижесі ретінде, өндірістік қуаттардың артық жинақталып қалуы болады.

  3. Жедел амортизациялық есептен шығару, өндіріс шығындарын жасанды түрде арттыра отырып, бағаның көтерілуіне ықпал етеді.

  4. Жедел есептен шығару нәтижесінде баланстық пайдалардың жасанды азаюы пайдадан бюджетке түсетін салық түсімдерінің азаюына әкеледі. Бюджет кірістерінің құрылымы өзгереді.

  5. Баланстық пайданың азаюы, дивидендтер түрінде төленетін пайда бөлігінің абсолютті мөлшерін азайтуға әкеледі, олардың деңгейін төмендетеді.

  6. Экономикаға жедел амортизациялық есептен шығарудың басты ықпал етуі – бұл оны ЭМР-дің қуатты құралына айналдырады.

  7. Жедел амортизациялық есептен шығару негізгі қорлардың баланстық құнын нарықтық құннан ажыратумен байланыстырылады.

  8. Жедел амортизациялық есептен шығару есебінен инвестицияларды қамтамасыз ету кезінде ол маңызды бөлігінің: өндіріс – өткізу – пайда – капитал жұмсаудың салықтардан босатылуымен қоса жүреді.