- •Мазмұны
- •Қажеттілігі
- •1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •1.2 Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
- •1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
- •1.4 Мемлекеттің экономикалық функциялары
- •1.5 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар
- •1. Меркантилистер іліміндегі мемлекеттің рөлі туралы ереже
- •2. Экономикалық либерализм идеалары
- •3. Дж.Кейнстің реттелетін нарық теориясы
- •4. Нарықтың жұмыс істеуінің монетарлық теориясы
- •5. Ұсыныс тұжырымдамасы – эмр-дің жаңа
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
- •2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
- •2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
- •2.4 Статистикалық әдістер
- •2.5 Арнаулы әдістер
- •2.6 Экономикалық нормативтер
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:
- •2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:
- •3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:
- •4. Экономикалық шаралар – бұл:
- •5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... Әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:
- •Оның шетелдік тәжірибесі
- •3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру
- •Ұлттық меншік
- •3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі
- •3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Ақш экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •4.1 Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері
- •Өтпелі экономика
- •Нарықтық жүйе
- •Аралас жүйе
- •4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары
- •4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:
- •2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:
- •5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:
- •Факторлар мен мемлекеттік
- •5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары
- •5.2 Макроэкономикалық саясаттың түрлері
- •1. Жинақ және инвестициялар
- •2. Жұмыс күші ұсынысы
- •5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өсу теорияларында:
- •6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
- •6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:
- •2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:
- •4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:
- •7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде
- •7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ғтп-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері
- •7.3 Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – эмр құралы (инструменті) ретінде
- •Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығарудың экономикалық маңызы
- •Жедел амортизациялық есептен шығару түрлері
- •Негізгі капиталды жедел есептен шығарудың экономикалық зардабы
- •7.4 2003-2015 Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы
- •Инновациялық саясат және инфрақұрылым
- •Ақпараттық технологиялар паркі
- •Ядролық технологиялар Паркі
- •Кластерлік бастама
- •Қазақстан Республикасындағы технопарктердің қазіргі жағдайын талдау
- •1. Қазақстандағы технопарктердің негізгі сипаттамалары
- •2. Ықпал ету деңгейлері бойынша технопарктердің бөлінуі
- •3. Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері
- •4. Меншік құрылымы
- •Қазақстанның технопарктерінің – бизнес – инкубаторының негізгі элементтерінің болуы мен құрылымы
- •5. Қазақстандық технопарктердің қызметін салықтық ынталандыру
- •Қазақстанның технопарктерін дамыту үрдісі
- •1. Технопарктер санын ұлғайту
- •2. Технопарктер жүйесіндегі өңірлік дамудың басым болуы
- •3. Орта және шағын қалаларда технопарктер санының ұлғаюы
- •4. Мамандандырылған технопарктер үлесін ұлғайту
- •5. Технопарктер жанындағы бизнес-инкубаторлар санының ұлғаюы
- •Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
- •Жалпы проблемалар
- •Өзіндік проблемалар:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
- •Инфляция. Филипс қисығы
- •8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері
- •Бағдарламалық-мақсатты әдіс
- •Нормативтік әдіс
- •Баланстық әдіс
- •8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
- •8.4 Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасында әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:
- •9.1 Инвестициялық қызметтің мәні
- •9.2 Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері
- •9.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:
- •2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:
- •3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... Инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:
- •10.1 Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •10.2 Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері
- •Агроөнеркәсіп кешенін монополияға қарсы реттеу
- •Бюджеттік-салықтық реттеу
- •Несиелік реттеу
- •10.3 Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы
- •11.2 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы
- •11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты
- •Мемлекеттік шығыстар
- •Салықтар жіктеуі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Негізгі тетіктері
- •12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
- •12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік реттеу
- •13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
- •13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:
- •2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?
- •3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?
- •4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?
- •5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?
- •14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні
- •14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:
- •15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу
- •15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері
- •15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
- •15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
- •Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
2. Жұмыс күші ұсынысы
Салықтарды шегергеннен кейін нақты жалақының көлемін арттыратын, еңбек қызметінен алған табысқа салық мөлшерлемелерінің (ставкаларының) төмендеуі, еңбек ұсынысын ұлғайтудың ықтимал жолдарының бірі болып саналады. Бұл өз кезегінде, еңбек ұсынысының ұлғаюына оң ықпал етеді. Сонымен бірге, еңбек қызметінен алатын табысқа салықты төмендету жағдайында, жинаққа салықты төмендету немесе инвестицияларды субсидиялау жағдайы сияқты, жоғалтқан табыстың орнын қалай толтыруға болады деген мәселе басты болып саналады. Салықтар әрқашан да дерлік экономикаға келеңсіз әсер етеді, бірақ та осылай екен деп, салықтарды алып тастауға тағы болмайды. Ең соңында, қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік сектордың көрсететін қызметтерінің маңызы сондай-ақ зор екенін атап өту қажет. Осылайша, мемлекеттік кірістердің әрбір аталған деңгейі жағдайында салық жүйесін барынша тиімді ету және сол мезгілде мүмкіндіктер бойынша салықтарды жинақтаудың бұрмалаушы әсерінен болған шығындарды мемлекеттік кірістерді ұлғайтудан алған пайдалармен (тиімділіктермен) теңестіру – оның міндеттері болып саналады. Адам капиталын ұлғайту арқылы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру ұсынылып отырған еңбек қызметін көрсетудің санын ұлғайту оның тағы бір басқа жолы болып саналады.
3. Еңбек өнімділігі
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған тиімді саясат әзірлеу күрделі іс болып саналады. Сонымен бірге, егер экономикалық өсудің жаңа теориялары шынайы (сенімді) және технологиялық жақсартулар шынында да капиталды қалыптастырумен байланысты болса, ал инвестициялау процесінде жағымды сыртқы нәтижелер іс жүзінде маңызды түрде болса, онда инвестицияларды көтермелеу пайдасына салмақты дәлелдер бар деген сөз. Үкімет осындай саясат жүргізе отырып, технологиялық өзгерістерге оң ықпал етіп, осылайша өсу әлеуетін арттыра алған болар еді.
Роберт Лукас әзірлеген өсудің жаңа теориясында, өнімділіктің өсуі, физикалық капиталға емес, адам капиталына салынатын инвестициялармен тығыз байланысқан. Лукас сондай-ақ, нақты адамның адам капиталына салатын инвестициялары аталған жеке адамның ғана емес, сонымен бірге өзге адамдардың еңбек өнімділігін арттырады деп дәлелдейді. Басқалай айтсақ, адам капиталына саналатын инвестициялар нәтижесінде туындайтын жағымды сыртқы әсерлер өмір сүреді. Оның өзіндік бағалаулары бойынша бұл әсер барынша елеулі. Лукас, адам капиталының сыртқы әсеріне (эффектісіне) қатынасы бойынша АҚШ-тағы инвестицияларды шығарудың икемділігі 0,4-ті құрайтынын есептеп шығарды. Осылайша, адам капиталының жағымды сыртқы эффектісінің 10%-ға ұлғаюы шығаруды 4%-ға ұлғайтуға әкеледі. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: адам капиталын ұлғайтатын білім беру, кәсіби даярлық және қызметтің өзге де түрлері қазіргі дәрежеден көбірек болатындай мөлшерде мемлекеттен субсидиялануы тиіс.
5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу
Дамыған елдердегі экономикалық өсуді ынталандырудың мемлекеттік стратегиясы әртүрлі кезеңдерде өзіндік ерекшеліктерге ие болды және әртүрлі тұжырымдамалармен қаруланды.
1929-1933 жылдардағы «ұлы дағдарыстан» кейін АҚШ-та қалыптасқан мемлекеттік реттеу жүйесі басым түрде сұраныс факторларын немесе басты түрде ақша-несие құралдары (инструменттері) арқылы жиынтық сұранысты басқаруға бағдарланған болатын. Мәселен, капитал жұмсауды ұлғайтуды ынталандыру төмен пайыздық мөлшерлемелер (ставкалар) негізінде, ал шектеу – оларды көтеру жолымен жүрді.
90-шы жылдары АҚШ-та жаңа экономикалық саясат жария етілді, оның мәні жиынтық сұранысты ынталандыру экономикасын перспективалық инновациялық технологияларға инвестицияларды ынталандыру негізінде ұсыныс экономикасына өту болып табылады.
Ұсыныс экономикасының жақтаушылары, экономикалық жүйенің өндірістік әлеуетін арттыратын факторларға тірек жасады. Экономикалық өсуге мемлекеттің ықпал етуінің келесі үш бағыты белгіленеді, ол:
ҒТП-ны ынталандыру және ғылыми зерттеулерді дамыту;
мемлекеттік ауқымда білім беру, кадрлар даярлау, білікті кадрларды қайта даярлау шығыстарын ұлғайту;
салық жүйесін түбірінен қайта құру.
Өндірістің жоғарғы өсу қарқыны, әлеуметтік мәселелерді: жұмыссыздықты, жұмыспен қамтуды шешу, кірістер деңгейін көтеру аталған саясаттың басты мақсатына айналды.
Әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономикада, әлеуметтік қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға, білім беруге бағытталатын мемлекеттік шығыстардың маңызды көлемде ұлғаюы байқалатынын атап өту керек, бұл айтылғандар «адам капиталының», экономикалық өсудің және ұлттық байлық қорын жинаудың аса маңызды факторы ретінде адамның шығармашылық, новаторлық қызметінің өсе түсіп отырған рөлімен көп дәрежеде байланысты болады. Бұл дамыған елдер үшін ғана емес, сонымен бірге дамыған елдерге де тән болып саналады.
Мемлекеттік саясаттың экономикалық өсуді ынталандыратын басқа бағыттары – салық және өзге де преференцияларды заңдық реттеу, жекелеген салалар мен өңірлерді мемлекеттік бюджеттен тікелей немесе жанама субсидиялау жолымен өндірістің бәсекеқабілеттілігін және оңтайлы құрылымдарын ұстап тұру болып саналады. Бұл әсіресе көлік және коммуникациялық инфрақұрылымдарға қатысты. Іргелі және қолданбалы зерттеулерге, конструкторлық әзірлемелерге мемлекеттік қолдау көрсетуге үлкен маңыз беріледі.
Түйін
Экономика ауқымдарының ұзақ уақыт тұрақты ұлғаюы, яғни абсолютті түрде, сол сияқты жан басына шаққандағы ҰЖӨ-нің, ІЖӨ-нің немесе ҰТ-тың үдемелі өсу процесі экономикалық өсу болып түсіндіріледі. Ол ІЖӨ-нің және оның құрамды бөліктерінің тікелей сандық ұлғаюынан көрінеді. Тиісінше, экономикалық өсуді өлшеу үшін тұтастай түрдегі немесе халықтың жан басына шаққандағы өнімдерді шығарудың нақты көлемінің өсу қарқындары немесе абсолюттік көрсеткіштері пайдаланылады.
Капиталдың еркін қозғалуы жағдайындағы ашық экономикада инвестициялардың жинақтарға тең болуы тиіс екендігі міндетті емес, өйткені елдер әлемдік нарықтағы ақшаларды әлемдік пайыз мөлшерлемесімен (ставкасымен) алып пайдалануы және осылайша, ағымдағы операциялардың тапшы шотына ие болуы мүмкін. Ішкі инвестицияларды жүзеге асыру жағдайында, инвестициялық жобамен қамтамасыз етілетін, көлемі бойынша әлемдік пайыз мөлшерлемесіне (ставкасына) сәйкес келетін қарыз (борыш) пайыздарын төлеу үшін жеткілікті табыс алына ма деген тұрғыда ғана оның маңызы бар.
Адам капиталын ұлғайту арқылы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру, ұсынылатын еңбек қызметін көрсету санын арттыру жолы болып саналады.
Адам капиталының жағымды сыртқы эффектісін 10%-ға ұлғайту өнім шығаруды 4% ұлғайтуға әкеледі. Одан шығатын қорытынды, адам капиталын ұлғайтатын білім беру, кәсіптік даярлық және қызметтің өзге де түрлерін мемлекет субсидиялауы тиіс дегенді білдіреді.
Әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономикада көп дәрежеде ұлттық байлық жасау мен экономикалық өсудің аса маңызды факторы ретінде «адам капиталы», адамның шығарымашылық, новаторлық қызметі рөлінің өсе түсуімен байланысты әлеуметтік қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға, білім беруге мемлекеттік шығыстардың маңызды көлемде ұлғайғандығы байқалады.
