Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Жоспарлық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

2. Экономиканы басқарудың әміршілдік-әкімшілік үлгісі қай елдерде қолданылады?

3. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.

4. Қазақстанда жекешелендіруді және мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды атаңдар.

5. Қазақстан Республикасында меншік формаларын қайта жаңартудың әрбір кезеңіне сипаттама беріңдер.

Тестілік сұрақтар

1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:

А) неоклассикалық;

В) неокейнсиандық;

С) институционалдық;

D) болжамдық-прагматикалық;

Е) неолибералдық.

2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) нарықтық қайта жаңаруларды жеделдету;

В) инфляцияның баяулығы және ұлттық валютаны және қаржыны тұрақтандыратын ақша реформасы;

С) салық кодексін дайындау;

D) трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы, дамуы;

Е) шағын және орта кәсіпорындарды жекешелендіру.

3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету;

В) олардың жекешелендіруден кейінгі қызметінің тиімділігін арттыру;

С) кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру;

D) экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру;

Е) трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы және дамуы.

4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) экспорттық әлеуетті кеңейту;

В) ұлттық тауар өндірушілерді қорғау;

С) сыртқы сауда айналымының тұрақты өсуі және сыртқы сауданың актив сальдосы;

D) теңгенің өзге елдің валютасына айналу мүмкіндігі; ұлттық экономиканың дүниежүзілік нарыққа толық ауқымда қосылуы;

Е) экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру.

5) Қазақстан экономикасын реформалау ... Кезеңде өтті:

А) 1 кезеңде;

В) 2 кезеңде;

С) 3 кезеңде;

D) 4 кезеңде;

Е) 5 кезеңде.

5-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ: ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ

Факторлар мен мемлекеттік

ІС-ШАРАЛАР

5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

5.2 Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін экономикалық саясаттың түрлері

5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • экономикалық өсу факторларын;

  • экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясаттың түрлерін;

  • экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-9, 12-17

5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

Экономикалық өсу экономикалық дамудың құрамды бөлігі. Экономикалық өсудің өзі қарама қайшылықты. Мәселен, олардың сапасын нашарлату есебінен, тазалау құрылғыларындағы үнемдеу немесе өмір жағдайын нашарлату есебінен материалдық игіліктерді, өндіріс пен тұтыну көлемін ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Мұндай өсу орнықсыз болып саналады немесе мүлде мағынасын жоғалтады. Сондықтан да экономикалық өсу, ол әлеуметтік тұрақтылықпен және әлеуметтік саланың жақсаруына деген сеніммен ұштасқанда ғана мағынаға ие болады.

Экономика ауқымдарының ұзақ уақыт бойы тұрақты ұлғаюы, яғни абсолютті түрде, сол сияқты халықтың жан басына шаққанда ҰЖӨ-нің, ІЖӨ-нің немесе ҰТ-тың үдемелі өсу процесі экономикалық өсу болып түсіндіріледі. Ол тікелей түрде ІЖӨ-нің және оның құрамды бөлігінің сандық ұлғаюынан көрінеді. Тиісінше, экономикалық өсуді өлшеу үшін тұтастай түрдегі немесе халықтың жан басына шаққандағы өнімді нақты шығару көлемінің қарқыны немесе абсолюттік өсім көрсеткіштері пайдаланылады.

Экономикалық өсуді талдау кезінде нақты және әлеуетті өсуді ажырата білу көзделеді. Нақты өсу – бұл ҰЖӨ-нің нақты жыл сайынғы ұлғаюы немесе статистикалық органдар мерзімді жариялап отыратын өзге де макроэкономикалық көрсеткіштер.

Әлеуетті өсу – бұл экономика солай өсуі тиіс, жылдамдық. Әлеуетті өсуді қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып мыналар саналады:

  • ресурстардың – табиғи ресурстардың, сондай-ақ еңбек пен капиталдың ұлғаюы;

  • осы ресурстар технологиялық прогресс, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру немесе өндірісті ұйымдастыруды жақсарту арқылы пайдаланылатын, тиімділіктің артуы.

Экономикалық өсудің, аз дегенде, төрт негізгі факторы бар. Біріншіден, жұмыс күші санының көбеюі. Өндіргіш жабдықтардың (физикалық капиталдың) жинақталуы өсудің екінші көзі болып саналады.

Үшінші фактор – технологиялық прогресс. Ең соңында, өнімділіктің өзі экономиканың өлшемінен (мөлшерінен) немесе экономикалық агенттердің тәртібінен туындауы мүмкін. Негізгі факторлардан өзге, өндірістің экономикалық жағдайлары мен экономикалық өсудің бірсыпыра жанама факторлары: мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері (салық және баға саясаты, өндірістің бәсекеге қабілетті нарықтық жағдайын жасау, салалар және өңірлер бойынша өндірісті тиімді орналастыру, халықтың кірістерін бөлудің ерекшеліктері, белсенді сыртқы экономикалық стратегия және т.б.) өмір сүреді. Теориялық тұрғыдан экономикалық өсудің: экстенсивті және интенсивті екі үлгісін бөліп көрсетуге болады. Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі жағдайында өндіріс көлемін кеңейтуге өндіріс факторларын (жұмыс күшін, жерді, шикізатты, отынды) қосымша тарту есебінен қол жеткізіледі. Аталған жағдайда өндіріс көлемінің өсуі жиынтық шығындардың өзгеруімен қоса жүреді. Әдетте, қандай да бір факторлардың үлес салмағына қатысты осы өсуді туғызатын экономикалық өсудің басым түрде интенсивті немесе экстенсивті үлгісі туралы айтады. Шынайы өмірде ерекше экстенсивті немесе интенсивті дамудың өмір сүрмейтіндігі түсінікті, соған қарамастан, әрбір мемлекет өз дамуының қандай да бір сатыларында, экстенсивті немесе интенсивті түрде дамиды, негізінен, осындай дамудың табыстылығы, қандай өсу үлгісінің басым екендігімен айқындалады. Нақты ҰЖӨ-нің үлестік өсуіне қатысты экономикалық өсуді оның сондай үлгісіне жатқызу қабылданған: егер интенсивті факторлардың есебінен ҰЖӨ-нің жартысынан көбі өндірілетін болса, онда мұндай экономика басым түрде интенсивті дамиды және оған керісінше болады.