Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу

Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы сыртқы және ішкі факторлармен өзара байланысты қарастырылады. Сыртқы факторлар басты рөл атқарады, яғни олар ұлттық экономиканың нарықтық экономикаға трансформациялану процесін айқындайды.

Ішкі факторлар, әзірге сыртқы факторлардан туындайтын болып саналса да, экономикалық қайта жаңаруларда барған сайын көбірек рөл атқарады, ол:

- саяси күштердің өркениетті формалардағы күресін жоққа шығармайтын, саяси тұрақтылық;

- қылмыстың өсуімен қоса қабаттаса жүрсе де, құқықтық демократияландыру;

- тоталитарлық төрешілдіктің тежегіш күшін әлі де толық жойып үлгермеген, өзінің іргетасын бекітіп жатқан мемлекеттілік;

- халықтың өмірлік күші және оның шығармашылық мүмкіндіктерінің сарқылмайтындығы;

- көптеген кәсіпорындардың жекешелендіруден кейінгі дамуының шектеулі тиімділігі жағдайындағы жекешелендірудің шапшаңдай түсуі.

Өтпелі экономикадағы мемлекеттік реттеудің формалары:

- жаңа қазақстандық мемлекеттілікпен айқындалған құқықтық (бастапқы және дәстүрлі) мемлекеттік реттеу. Биліктердің демократиялық бөлінуін көрсете отырып, олар нарықтық реформалардың саяси-құқықтық басымдығын қамтамасыз етеді, өтпелі экономиканың дамуына жәрдемдеседі, мемлекеттік реттеудің бүкіл формаларын қалыптастыру мен дамытудың заңдық базасы болып қызмет етеді. Алғашқы кезеңдегі оларды жүзеге асыру енжарлықпен және тіпті мемлекеттік реттеудің заң шығару және сот формаларының әрекетсіздігімен сипатталады.

- әкімшілік-командалық жүйе институттарын ығыстырып шығаратын және өтпелі экономика институттарын нығайта түсетін, мемлекеттік реттеудің институционалдық формалары. Олардың пәрменділігі әзірге әлі де жақсарта түсуді қалайды, сонымен бірге олардың саны өсіп, нәтижелері де жақсара түсетін болады. Бұл – шектемелі мемлекеттік меншік, оның түрлері, нарық, бәсекелестік және нарықтық реттеліс.

- әкімшілік-командалық жүйе сол арқылы өтпелі экономикаға трансформацияланатын мемлекетік реттеудің функционалдық (нысаналы) формалары. Бұл ретте дағдарысқа қарсы реттеудің кейнсиандық әдістері, инфляцияға қарсы несие-ақша және тапшылыққа қарсы қаржылық саясаттың монетаристік әдістері, сондай-ақ өнеркәсіп, аграрлық және құрылымдық саясаттағы ұлттық нарықтың инфрақұрылымдарын қалыптастыру саласындағы экспорттық және импорт алмасу саясатындағы әкімшілік әдістер қолданылады.

Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесі.

Макродеңгейде:

- нарықтық қайта жаңаруларды жеделдету;

- инфляцияның баяулығы және ұлттық валюта мен қаржыны тұрақтандыратын ақша реформасы;

- салық кодексін дайындау;

- кәсіпкерлердің қалың топтарын қалыптастыру;

- халықтың нарықтық ойлауы мен нарықтық мінез-құлқын қалыптастыру;

- трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануына, тұрақтануына және дамуына көшу.

Микродеңгейде:

- орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету;

- олардың жекешелендіруден кейінгі қызметінің тиімділігін арттыру;

- кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру;

- экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшілік пен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру;

- еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорғалуын күшейту.

Жаһандық деңгейде:

- экспорт әлеуетін ұлғайту;

- ұлттық тауар өндірушілерді қорғау;

- сыртқы сауда айналымының орнықты өсуі;

- теңгені екінші бір елдің валютасына айналдыру мүмкіндігі; ұлттық экономиканың дүниежүзілік нарыққа толық ауқымда қосылуы.

Мемлекеттік реттеудің институционалдық ішкі жүйесі оның обьектілерін оған жетудің мақсаттарымен және тетіктерімен органикалық түрде байланыстырылады. Негізгі обьектілердің ішінен мыналарды атап өтуге болады: жалпы және жеке еңбек бөлінісі, нарық, жеке меншік және мемлекеттік сектор, банктер және ақша айналымы, қаржы және бюджет, әлеуметтік сала.

Тоталитарлық жүйеден нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасына қалған мұра, жас тәуелсіз мемлекетке бір мезгілде шешуге тиіс, келесідей көптеген проблемалар қалдырып кетті:

- Қазақстанның өндіргіш күштерінің айқын түрде шикізаттық бағытталушылықта дамуы;

- өндірісті техникалық жарақтандырушылықтағы артта қалушылық;

- халық шаруашылығындағы қолмен атқарылатын еңбек деңгейінің жоғарылығы;

- материалдық-техникалық, әлеуметтік аялардағы бетімен жіберушілік;

- бюджеттік ұйымдардағы еңбекақы деңгейінің төмендігі;

- тұрғын үй проблемасы;

- еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қорғау дәрежесінің төмендігі;

- халықтың өмір деңгейінің жалпы төмендігі.

Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау кезеңдері.

Бірінші кезең – (1989-1991 жылдар) – экономикалық қайта жаңарулардың алдындағы алдын-ала кезең.

Екінші кезең – (1992-1993 жылдар) – ұлттық институционалдық қайта жаңарулардың басталуы.

Үшінші кезең – (1993-1996 жылдар) – ұлттық валютаны енгізу және монетарлық саясатқа екпін жасау.

Төртінші кезең – (1997-1999 жылдар) – экономиканың орнықсыз тұрақтануы.

Бесінші кезең (1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін) – экономикалық өсудің орнықтылығы

Түйін

1. Қолданыстағы мүліктік қатынастар және ұйымдық формалар негізінде қоғамда жасалатын бүкіл экономикалық процестердің жиынтығы, осы қоғамның экономикалық жүйесін білдіреді.

2. Ресурстарға деген меншік формаларына негізделетін әлеуметтік-экономикалық қатынас; шаруашылық қызметінің ұйымдық формалары; шаруашылық тетігі, яғни макроэкономикалық деңгейдегі қызметті реттеу тәсілі; шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындаңғы экономикалық байланыстар экономикалық жүйенің негізгі элементтері болып саналады.

3. Өтпелі экономикадағы мемлекеттік реттеуді қалыптастыру сыртқы және ішкі факторлармен өзара байланыста қарастырылады.

4. Макродеңгейдегі өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- нарықтық қайта жаңаруларды жеделдету;

- инфляцияның баяулығы және ұлттық валютаны және қаржыны тұрақтандыратын ақша реформасы;

- салық кодексін дайындау;

- кәсіпкерлердің қалық топтарын қалыптастыру;

- халықтың нарықтық ойлауы мен нарықтық мінез-құлқын қалыптастыру;

- трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы және дамуы.

5. Микродеңгейде өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету;

- олардың жекешелендіруден кейінгі қызметінің тиімділігін арттыру;

- кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру;

- экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру;

- еңбек ұжымдарының әлеуметік қорғалуын күшейту.

6. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- экспорттық әлеуетті кеңейту;

- ұлттық тауар өндірушілерді қолдау;

- сыртқы сауда айналымының тұрақты өсуі және сыртқы сауданың актив сальдосы;

- теңгенің өзге елдің валютасына айналу мүмкіндігі; ұлттық экономиканың дүниежүзілік нарыққа толық ауқымда қосылуы.