Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Қажеттілігі

    1. Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

    2. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

    3. Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері

    4. Мемлекеттің экономикалық функциялары

    5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар

Тақырыпты зерделеген студент, мыналарды білуі тиіс:

  • экономиканы мемлекеттік реттеу предметі, обьектісі;

  • экономикадағы және нарықтағы «сәтсіздікке ұшырауларды» мемлекеттік реттеудің қажеттілігі;

  • мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары;

  • мемлекеттің функциялары;

  • экономиканы мемлекеттік реттеу теориялары.

Әдебиеттер: 1-4, 12-19;

1.1 Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Қазіргі жағдайдағы экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) ұдайы өндіріс процесінің құрамды бөлігі болып саналады. ЭМР-дің нақты бағыттары, формалары, ауқымдары нақты кезеңдегі қандай да бір елдің экономикалық және әлеуметтік проблемаларының сипатымен және өткірлігімен айқындалады. Экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетуде, өндіріс пен капиталды шоғырландыруда ЭМР-дің обьективті мүмкіндігі пайда болады. ЭМР арқылы соларды түзеуге шақырылған проблемалардың, қиындықтардың күшейе түсуі, оның ықтималдығын шындыққа айналдырады.

Мемлекеттік және қоғамдық субьектілер сезінген және интерпретацияланған экономикалық, әлеуметтік, әлемдік шаруашылық, сондай-ақ экологиялық проблемалардың өткірлігі, мемлекеттік органдар тарапынан нақты акциялар өткізуді талап етеді.

«Көрінбейтін қол» теориясының негізін қалаушы Адам Смиттің өзі ЭМР-дің қажеттілігін теріске шығармайды. Ол, былай деп жазды: мемлекеттің аса маңызды 3 міндеті бар: әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сот төрелігіне жіберу және оны құру және ұстау жекелеген тұлғалар мен шағын топтарға тиімсіз болуы мүмкін, белгілі бір қоғамдық мекемелер құру және ұстау міндеттілігі, өйткені олардан алатын пайда ешқашанда олардың шығындарын өтей алмайды. Бұл жерде сөз, нарықтық тетік арқылы жететін шектен тыс болатын, қоғамдық тауарлар туралы болып отыр, өйткені бұл тауарлар тым ірі көлемде қаражат салуды талап етеді. Қоғам оны айналып өте алмайтын, бұл өзіндік тектегі «ұжымдық тауар: ұлттық қорғаныс, іргелі (фундаменталды) ғылым, ғарыштық зерттеулер, коммуникациялық құрылғылар, электр-энергетикасы, білім беру, денсаулық сақтау (профилактикалық денсаулық сақтау), ескерткіштерді қорғау және т.б. болып табылады.

Қазіргі батыс экономистері, таза қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулер жеке нарықтарды барабар қамтамасыз ете алмайтын бірден-бір тауарлар және қызмет көрсетулер болып саналмайды деп есептейді. Жеке адамдар төлейтін бағаға қарағанда, бұл ретте тіпті шығындар аз болғанның өзінде, олар қандай да бір тауарды немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жағдайында емес болатын кез келген уақытта, біз, толымды емес нарық деп аталатын, нарықтың жетілмегендігімен бетпе-бет келеміз. Нарықтар банктердің банкрот болуы жағдайында салымдарын жоғалтып алудан салымшыларды сақтандыру, ауылшаруашылығы бағаларының ауытқуынан туындаған фермерлердің тәуекелін сақтандыру, су тасқындарынан, өрттерден және т.б. сақтандыру міндеттерін орындай алмайды деп есептеледі. Сондықтан да сақтандыру нарығы мемлекеттік сақтандырумен толықтырылады.

Мемлекет өзге аяларда да нарықты толықтырады. Мысалы, қалаларды реконструкциялау және жаңарту аясы көптеген зауыттардың, саудагерлердің және өзге бизнесмендердің іс-қимылдары мен күштерін үйлестіруді қажетсінеді және осы үйлестіру функциясын мемлекет өзіне алады. Ол нарықтық экономика субьектілерінің алдына, осы жағдайларда не қажет болады, соларды өндіру талабын қояды.

Нарықтың іс-қимылындағы осындай жетілмегендік жайлары өте көп кездеседі, олардың кейбірін нарықтың «сәтсіздікке ұшырауы» деп те атайды. Нарық субьектілерінің қызметі туралы, қоғамның қажеттіліктері туралы, тұтыну стандарттары туралы нарықтың аз ақпарат беруін солардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан да бірқатар елдерде, несие берушілердің (кредиторлардың) қарыз алушыларды (заемшыларды) хабардар етіп отыруы, ал өндірушілер тауарлардың, тамақ өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің тиісті сапасын сақтауы үшін, оны ескертетін заңдар қабылданады. Бұл ақпарат өзінің негізі бойынша, сондай-ақ нарық оны жасай алмайтын қоғамдық тауар болып саналады.

Нарықтың өзінің жұмыс істеуімен қоса жүретін және оның өзін-өзі бүліншілікке ұшыратуына ықпал ететін бірқатар мән-жағдайлар өмір сүреді. Бұл – экономикадағы монополияландыру үрдісі және нарықтық экономиканың өзінің даму циклдық сипаты. Бұл үрдістер экономиканы оның тиімділікке жету жолынан тайдырып, қоғамдық прогресті тежейді. Осындай жағдайларда, нарық қызметін реттейтін аса маңызды тетік ретінде, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттің тиісті монополияға қарсы заңдарды әзірлеуі мен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің белгілі бір «шеңберін» жасау өмірлік қажеттілікке айналады. Тоқырау кезеңдеріндегі – жұмыссыздықтың, инфляцияның, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік жиынтығының бұзылу циклдік даму зардаптарын бәсеңдетуде – экономиканың құлдырауын жоюға және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі қажетті экономикалық шараларды жүзеге асыруға мемлекет қана қабілетті. Атап айтқанда осы жерде мемлекеттің күші мен өзінің реттеушілік функцияларын орындаудағы қабілеті неғұрлым анық көрінеді.

Сондай-ақ оның кірістерді теңдей және әділ бөлуге қабілетсіздігі сияқты нарықтың жетілмегендігін де көруге болады. Парето бойынша, нарықтық экономика тиімді болуы мүмкін және нарық заңдары тұрғысынан әділ бөлу, сөзсіз кірістерді маңызды түрде дифференциациялауға және қоғамның маңызды бөліктерінің әлеуметтік қорғалмаушылығына әкеледі. Осындай жағдай халықтың көпшілігін, оның ішінде бизнесмендердің өзін қанағаттандыра алмайды, өйткені бұл елеулі әлеуметтік қақтығыстармен, жұмысшылармен және жұмыс берушілермен өзара қарымқатынастағы шиеліспен, жиынтық сұраныстың азаюымен қолайсыздықтарға әкеліп соғады және бұл микродеңгейдегі тиімділікке ықпал етпейді. Сондықтан да аз қамтамасыз етілгендерді және халықтың кедейшілікке ұшыраған жіктерін, қарияларды, мүгедектерді және т.б. қолдау үшін кірістерді қайта бөлу, мемлекеттің аса маңызды міндеті болып саналады.

Сыртқы эффектілер (экстерналдар) нарықтық тетік шешпейтін проблемалар қатарына жатады. Олардың ішінде неғұрлым белгілері – бұл өмір сүретін ортаны (әуе және су бассейіндері, жерлер) ластау, қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарға ысырапшылдық қарым-қатынас. Мемлекет қана, тиісті құралдар: айыппұлдар, нормалар, тыйымсалулар, бағалар және т.б. арқылы осы теріс сыртқы эффектілерге тез әрекет алу мүмкіндіктеріне ие.

Осылайша, қауқарсыздық немесе нарықтың «сәтсіздікке ұшырауы» мемлекеттің экономика аясындағы негізгі мотиві ретінде қатысады.

Экономикалық әдебиеттерде «Экономиканы мемлекеттік реттеу» түсінігіне бірқатар анықтамалар беріледі. Мәселен, қазақстандық экономистер Н.Мамыров пен Ж.Ихданов мынадай анықтама береді: «Экономиканы мемлекеттік реттеу, олардың ұтымды теңдестірілімдігін және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау мақсатымен әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуының негізгі формасын білдіреді».

Ресей экономисі В.П.Орешиннің анықтамасы бойынша: «Экономиканы мемлекеттік реттеу, экономиканың дамуын тұрақтандыру және өмір сүруші әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгеруші жағдайларға бейімдеу мақсаттарында құқылы мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын заңшығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесін білдіреді».

Осы және өзге анықтамаларды талдау көрсеткендей, онда осы процестің неғұрлым түбегейлі сипаттамаларын, оның обьектілерін және субьектілерін, мақсаттары мен әдістерін және реттеу құралдарын ұтымды көрсетуге деген талпынысты байқаймыз. Сонымен бірге осы анықтамадағы «араласу» сөзін көп авторлар сыни тұрғыдан қабылдайды. «Араласу» сөзі бір дербес жүйенің (мемлекеттің) екіншісіне араласуы туралы түсінікті туғызады. Бірсыпыра экономистер мемлекет сыртқы орта емес, қазіргі экономиканың құрамды бөлігі деп есептейді.

Кез келген анықтамада қандай да бір түсініктің мәнін, оның аспектілерінің бүкіл алуандығын, жүзеге асыру мен жұмыс істеуінің нақты формаларын толық көрсету мүмкін емес, солай десек те оның жалпы түрінде, ол, осы процестің, обьектілердің, мақсатты айқындамалардың және реттеу құралдарының аса маңызды белгілерін қамтуы тиіс.

Сондықтан да бұл экономиканы мемлекеттік реттеудің күрделі және санқырлы процесіне, экономиканы теңдестірілімді және тұрақты дамыту мен оны өзгеруші ішкі және сыртқы жағдайларға бейімдеу мақсатында мемлекеттік басқару органдарының шаруашылық жүргізуші субьектілер мен әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәртібіне тікелей және қолайлы ықпал етуінің мемлекеттік шаралар жүйесі ретінде анықтама беруге болады.