Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Өтпелі экономика

Соңғы уақытта экономистер тағы бір экономикалық жүйені – жоспарлы жүйеден нарықтық жүйеге трансформациялану сатысындағы, өтпелі экономиканы бөліп көрсете бастады. Өйткені, осындай түсінік, дәлме-дәл айтқанда соңғы жылдары пайда болды, ол осы заманғы экономикалық жүйелер жіктеуінен өзінің орнын әлі ала қойған жоқ. Сондай-ақ, осы жүйеде мемлекет қандай орын алуы тиіс екені де әлі ашылып көрсетілмеген. Бұл ретте мемлекеттің мынаны естен шығармағаны дұрыс: экономикаға араласу обьективті байланыста туындаған шекараларға ие, артық араласу экономикалық ынталандыруларды әлсіретуге, пайда болған нарықтық тетіктің жұмыс істеу тиімділін төмендетуге әкелуі мүмкін.

Нарықтық жүйе

«Таза» капитализм, ресурстарға жеке меншікпен және экономикалық қызметті үйлестіру және оны басқару үшін нарықтар жүйесін және бағаларды пайдаланумен сипатталады. Экономикадағы мемлекеттің рөлін теріске шығаратын, дәлірек айтқанда рөлін төмендетіп көрсететін, экономика ғылымындағы либералдық ағымдар, өзінің бастауын осы заманғы саяси экономиканың негізін қалаушы Адам Смиттен алады. Ол экономика ғылымына «көрінбейтін қолдар» және «түнгі күзетші» принциптерін енгізді. Сонымен бірге А.Смит өмір сүрген уақытта мемлекет болды және ол сол кездерде шаруашылық өмірге белсенді түрде араласты. А.Смиттің оны көрмеуі және осы проблемалар туралы ойланбауы мүмкін емес еді. Қорытындысында, ол, мемлекет, сол бойынша нарықтық байланыстар жүзеге асырылатын ойын ережелерін қорғауы тиіс немесе «түнгі күзетші» рөлі және қандай да бір өзге функцияларды атқаруы тиіс деген қорытындыға келді. Фридрих фон Хайек, ХХғасырдағы еркін нарықтың неғұрлым табанды және принципті жақтасы болды, соның арқасында либералды экономикалық теорияның «екінші тынысы» ашылды. Оның жақтастарының ішінен П.Самуэльсон, М.Фридмен және т.б. сияқты ірі экономистерді атап өткен лайықты. Бірақ та осы заманғы «неолибералдық» экономикалық теория экономикадағы мемлекеттің рөлін елемейді, оған екінші кезекте орын береді және экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету үшін дәйекті түрде күреседі.

Аралас жүйе

Қазіргі уақытта басым көпшілік авторлар, нарықтық экономика, мемлекеттік және жеке сектор өзара іс-қимыл жасайтын аралас экономиканы білдіретінін атап өтеді, бұл ретте ол нақтысында мемлекеттік те, жеке де болып саналмайды, оған екі сектор да кіреді. Экономиканы басқаруда мемлекеттің араласуына әртүрлі көзқарас танытатын саяси партиялардың билікке келуі, жеке бизнеске үлкен еркіндік беру жолымен, яки мемлекет тарапынан үлкен ойын ережелерін қорғауы тиіс өктемдіктер жүргізу арқылы экономиканың даму барысына ықпал етуі мүмкін.

Аралас экономикада мемлекет пен жеке сектор (кәсіпорын мен тұтынушылар) тұтастай алғанда, қоғам үшін маңызды рөл атқарады. Олардың кейбірінің көбірек әміршілдік жүйені қалайтынына, ал кейбірінің, негізінен, нарықтық әдістерге сүйенетіндігіне қарамастан, бүкіл елдердің экономикалық жүйелері аралас болып саналады.

4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары

Әміршілдік-әкімшілік жүйені мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктерге ұшырау проблемасын қарастырып көреміз.

- реттеудегі шығындар үкіметтің шешімдер қабылдаудағы қателік жіберу ықтималдығымен түсіндіріледі. Бұл, ең алдымен, себептік-салдарлық байланысын анықтау өте қиынға соғатын, жағдайлар;

- реттеу шығындары салық жүйесінің күткендегідей жұмыс жасамауымен байланысты. Салықтар, мемлекеттік машинаны қозғалысқа келтіретін, өзіндік «отын» рөлін атқарады. Жеткіліксіз, әсіресе шамадан тыс салық салу нарықтың жұмыс істеуіндегі, ең алдымен, баға дабылын (сигналын) бұрмалау арқылы, жағымсыз зардаптарға әкеледі;

- билікті қатыстыру, басым көпшілігінің мүдделері есебінен тар шеңбердегі тұлғалар мүдделері үшін осы құралды (инструментті) пайдалану, мемлекеттік реттеу мақсаттарын қарама-қарсы нәтижелерге әкеледі;

- уақытша лагтар проблемасы: шешімдер қабылдау кезінде, алдыға мақсаттар қою кезінде және сол сияқты реттеу құралдары (инструменттері) мен әдістерін таңдау кезінде, «кешігу әсерін» туғызатын экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асырудағы шығындар, тиімді еместіктің тағы бір фактісі болып саналады. Экономикалық процестер лезде жасалмайды және ресурстар шығындарын ғана емес, сонымен бірге уақыт шығындарын да талап етеді. Сондықтан да экономикалық саясатты іске асыру барысында кешігу әсері туындайды, мақсаттардың құралдардың (инструменттер) өзгерісінен туындайтын өзгерісін айқындайтын лаг пайда болады.

Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің қауқарсыздығы ерекше маңызға ие болады:

- салық салу жүйесінің шығындары: үкімет, шамадан тыс жоғары ресми салықтан өзге, өндірушілерден аз дегенде үш салық түрін: а) төрешілдік салық; б) мафиалық салық; в) инфляциялық салық алады, бұл халықтың иығына салынған ауыр жүк болып саналады. Бұл ақпаратты бұрмалайды, түпкі өнімге ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларына да бағаның дұрыс белгіленбеуіне әкеледі. Нәтижесінде, әрқашанда неғұрлым тиімді қолданылатын салаға ұмтылатын капитал, аз салық салынатын аяны таңдайтын болады. Мұнан өзге осындай салық салудың деструктивтілігі:

1. ұлттық капиталдың шетелге кетуі;

2. жаңа өндірісті бастаудың мақсатқа сай келмеуі;

3. шағын және орта кәсіпкерлікті тұншықтыру;

4. қаржы қызметтерін көрсету нарығын гиперболизациялау;

5. экономиканы қылмыс жайлау сияқты әсерлерді туғызады.

- экономикалық дағдарыстың тереңдеуі: бірде-бір посткеңестік экономикада нарыққа өту кезінде, әрине, бірінші кезеңнің әміршілдік-әкімшілік жүйенің базасы мен тетіктерін күйретумен байланысты екендігіне қарамастан, әлеуметтік қиындықтар туғызусыз, экономикалық дағдарыстың тереңдеуінсіз айналып өткен жоқ.

Нарықтық ортада әлі толық құрылып үлгермеген нарықтың жекелеген элементтері, бұрынғы реттеу құралдарымен (инструменттерімен) қарама-қарсы әрекет ете отырып, экономикалық процестің тепе-теңдігін бұзады, кейбір дәрежеде бүлдірушілік әсерін тигізеді.

Нарықтың құралдары (инструменттері) мен бүкіл қажетті элементтері нарықтық ортада орнығып, нарықтың инфрақұрылымы толық құрылып, нарықтық тетіктің тиімді жұмыс жасауы үшін қажетті жағдай жасалған уақытта, аталған кезең аяқталады. Сонымен бірге, осы кезең неғұрлым ұзаққа созылса, экономика мен қоғамдағы дағдарыс фазасы соғұрлым ұзаққа созылады. Басқалай айтсақ, өтпелі кезеңдегі экономикалық құлдырау болмай қоймайды. Нарықтық қайта құрулардың жылдамдығы мен бағасы реформаланатын жүйенің қарсыласу дәрежесіне қатысты болады;

- әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі: экономикадағы және қоғамдағы жалпы тұрақсыздық ретінде әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі экономикалық құлдырау салдары болып саналады. Әлеуметтік-экономикалық трансформациялану жағдайларында әлеуметтік тұрақсыздық әсіресе күрт күшейе түседі және үкіметке сенімсіздік көрсетумен қоса қабаттаса жүреді, бұл айтылғандар экономиканы дағдарыстан алып шығу мен нарықтық тетіктің жұмыс істеуі үшін барабар орта қалыптастыру бойынша шешімді және қатаң кешенді шаралар жүргізуді қиындататыны анық. Әлеуметтік тұрақсыздықты күшейтудің маңызды факторы – қоғамды жікке бөлуге және қоғамдық мүдделерді белдеулерге бөлуге (поляризациялауға) әкелетін, кірістерді бөлудегі теңсіздіктің күшеюі мен кірістер деңгейлеріндегі үлкен алшақтық;

- аномия проблемасы мен «алдын-ала болжап білуге болмайтын» әсерлердің күшеюі: нормативтік жүйелердің құлдырауы болатын қоғамның жай-күйі, яғни аномия құбылысы дәстүрлі түрде социологиялық проблема болып есептелді. Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, бұл проблема экономикада өткір сезіледі. Қоғамдық өмірдің барлық жақтарының күрт өзгеруі процесінде, алдымен заңды тәртіп, содан кейін дәстүрлі тәртіп бұзылады. Заңдардың жаңадан жасалған жүйесі бірден үйлесім тауып кетпейді, нарықтық процестердің дамуы мемлекеттің заң шығарушылық және реттеушілік функциясын көрсетеді. Егер үкімет, билікті сақтағысы келетіндер мен нарықтық реформаларды тиімді жүргізуге мүдделілер арасында ымыраға шақырушы болып тұрса, онда үкімет шешімі әлсіз болып шығады, тіпті кейбір жағдайда алдыға қойған мақсатқа қайшы келетін болады. Бұл әсіресе, экономикалық дағдарыс, ала шапқын инфляция жағдайында қауіпті, яғни әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, үкіметке деген сенімді үзеді. Қоғамдағы мүдделердің белдеулерге бөлінуі күшейіп, билік әлсізденеді. Бедел де, нақты көшбасшылар да жоқ болып, жұртшылықтың саяси наразылығы күшейе түсетін болады.