Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон мем реттеу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру

Экономиканың мемлекеттік секторы, тұтастай немесе ішінара орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарына жататын, шаруашылық жүргізуші субьектілердің кешенін білдіреді.

Көптеген елдерде:

- үкіметке жататын жария меншік;

- жергілікті басқару органдарына жататын коммуналдық меншік;

- бір шаруашылық жүргізуші субьекті ішінара жататын, аралас меншік;

- орталық билікке және ішінара жергілікті биліктерге жататын және сол уақытта оған жеке капитал қатысатын, меншік болып ажыратылады.

Мемлекеттік секторға алуан түрлі және өзарабайланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар сатылы (иерархиялы) принцип бойынша құрылған.

Біріншіден, бұл мемлекетке жататын мүлікке иелік етумен, пайдаланумен және билеумен, мемлекеттік бюджетке және бюджеттен тыс қорларға қаражат жинаумен және оларды жұмсаумен байланысты мемлекеттік басқару органдары ішілік қатынас.

Екіншіден, бұл мемлекеттік сектор бойынша олардың арасында құқықтар мен міндеттерді бөлудегі орталық, өңірлік және жергілікті органдар арасындағы қатынас.

Үшіншіден, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін, инвестициялық саясатты жүзеге асыратын, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы қатынас.

Ұлттық меншік

Шаруашылық жүргізуші обьектілердің жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтуі мемлекет иелігіне алу деп аталады. Мемлекет иелігіне алу, оның даму қиын кезеңдерінде нарықтық экономика жүйесін жаһандық басқару мен тұрақтандырудың қуатты құралы (инструменті) болып қызмет етеді. Мемлекет иелігіне алудың мақсаттары мен негізі алуан түрлі болуы мүмкін. Мемлекет иелігіне алу тәртібі: мәжбүрлеу және ерікті сияқты екі жақты болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектордың функциялары экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттарымен тығыз өзарабайланысты. Оларға мыналар жатады: сыртқы экономикалық байланыстарға, инвестицияларға, сатып алуларға, тапсырыстарға, жеңілдік бағалар бойынша тауарлар сатуға және қызметтер көрсетуге, мемлекеттік сектордағы обьектілердегі жұмыспен қамту саясатына, НИОКР-ге, мемлекеттік мекемелердегі кадрлар даярлау мен қайта даярлауға қатысу.

3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі

Жекешелендіру – бұл мемлекеттік меншік обьектілерінің жеке меншікке өтуі. Жекешелендірудің пайдасына, негізінен, дәлелдердің келесі екі тобы ұсынылады:

1. идеологиялық-нарықтық экономика жеке меншікке негізделуі тиіс;

2. экономикалық-мемлекеттік кәсіпорындар, нарықтық жағдайлардың өзгеруіне жеткілікті түрде жеңіл тез әрекет етпейді, төрешіл, артық қызметкерлер ұстайды, экономикалық жағынан тиімсіз.

Ел Президентінің «2030 жылғы кезеңге дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы» Жолдауында айтылған, экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралар ішінде, жекешелендіру процесі мен мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру ерекше маңыз атқарады.

Осы міндеттердің табысты шешімін табу маңызды дәрежеде, орталық және сол сияқты жер жердегі бүкіл басқару құрылымдарының өзара іс-қимыл жасау сапасына қатысты болады. «Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру туралы» үкімет Қаулысында мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік меншік реестрін, кәсіпорындардың бірінші басшыларын жалдаудың келісім-шарт (контрактылық) жүйесін жасау, кәсіпорындардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді тексеру көзделген. Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру ретінде ең жоғары пайда алу, тиімділікке қол жеткізу ғана емес, сонымен бірге халықтың әл-ауқатын арттыру деп те түсіну керек.