- •«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» ақ
- •Өндірістік тәжірибенің есебі Ақмола қаржы-экономикалық колледжінің
- •_______________ Оразханұлы рауанның________ ____
- •1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы
- •2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
- •2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
- •2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)
- •3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы
- •Қаржылық есептілік
- •5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру
5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру
5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)
Бұл бағдарлама Америка Құрама штаттарының ең жоғары білікті мамандары ойластырып шығарған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» АҚ арнайы бағдарламасы. Бұл бағдарламаны Қазақстан Республикасы бойынша «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның таралған филиалдары, орталық аппараты бір база бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан бұл бағдарлама Республикалық деңгейдегі ауқымды, көпдеңгейлі бағдарламаның бірі болып табылады. Оның ішінде бухгалтерлік есептің барлық негізі қалыптасқан. Жалпы бұл бағдарламаның басқа бағдарламадан аййырмашылығы өте көп. Бұл бағдарламаның базасы арнайы сәйкестендірілген, бекітілген, барлық қауіпсіздік техникалық қауіпсіздігі сақталған ғимаратта орналасады. Оның қорытындылары бойынша ай сайын жауапты тұлғалар орталық аппараттың «Ақпараттық қамтамасыз ету» бөліміне, ал ол өз кезегінде басшыларға есеп беріп отырады.
Бұл бағдарламамен жұмыс жасағанда әр филиал бухгалтериясы 4 санды мәнмен кодталып өздеріне тиесілі кішігірім базаға кіреді де қажетті операцияларды орындайды. Бағдарламаның тиімділігі - әкімшілікке қажетті ақпараттарды керек кезінде қол астында болуында. Бұл бағдарлама республикалық деңгейде жұмыс жасағандықтан, мұндағы бір ерекшіліктің бірі қате орындалған операцияларды жоюға болмайтығында. Бұл бағдарламаның жасаушыларының сақтық шарасы болып келеді. Яғни, қате жасалған операцияларды жоймайды, тек қана оларға кері оперция жасайды. Мысалға, белгісіз себептерден кассадан жұмыскерге ақша төленді деген операция орындалды. Оған келесі шоттар корреспонденциялары қойылады:
Дт 1250 Кт 1010
Бұл қателікті жою үшін бухгалтер оған кері операция орындайды. Яғни:
Дт 1010 Кт 1250
Сонд айналым ведомостіндегі қалдық 0-ге тең болады.
Бағдарламаның көрінісі келесі суреттерде көрсетілген:
Бағдарламаға бастапқы кірген кездегі көрініс.
Операцияны бастаудағы бастапқы мәліметтер енгізу.
1 позиция. Дебет бойынша проводка.
2 позиция. Кредит бойынша проводка.
Орындалған операцияның көрінісі.
5.2. Фаворит
SAP бағдарламасы қолданысқа енбей тұрып Қазақстан Республикасында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компанисы» АҚ-на арналып жеке дара Фаворит бухгалтерлікң бағдарламасы жасалып шығарылды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасында тек қана осы компания жұмыс жасайды. Себебі бұл бағдарлама темір жолда қызмет көрсету аясына сәйкестендірілген. Бұл бағдарламаны қазіргі уақытта тек қана SAP бағдарламасында қарастырылмаған операциялар есебін жүргізуде қолданады. Мысалға, жұмыскерлерге еңбекақы есептеу. Оның да операцияларды ақтайтын дереектер қоры жеке арнай ғимаратта орналасқан Бұл бағдарлама әлі де қажетті болғандықтан оның қорытындылары SAP бағдарламасының базасына ай сайын енгізіліп отырады. Содан соң ғана қорытындылары жайлы есеп беріледі.
Дәл бүгінгі жағдайда бұл бағдарламаның қажеттілігі азайып барады. Себебі Қазақстан Республикасының ірі компаниялары халықаралық аренаға шығу үшін тиімдірек бағдарламаларды қолдануды жөн көрді. Сол себепті бұл бағдарлама қолданыстан шығуға бет алды.
5.3. СЕӨЖ (СОНО)
2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Салық есептілігін тарсыруға арналған жаңа бағдарлама қолданысқа енгізілді. салық есептілігін өндеу жүйесі өз ішінде бастапқыда қолданылған ЭФНО, ИСИД, НДС, СГДС бағдарламаларын біріктірді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қарастырылған барлық салықтар бойынша декларациялар, оларды өндеу жолдары, оларды салық басқармаларына электронды түрде жіберу, жіберілген салық есептілігіне хабарландырулар алу қарастырылған. Бұл бағдарламаны қолданысқа енгізу 2009 жылдың 1 тоқсанына жоспарланғанмен салық төлеушілер арасына түсініспеушілік көбейгендіктен және салық басқармасында техникалық ақаулар болғандықтан бұл бағдарлама толығымен өнделуге қайтарылды. Бастапқы бағдарлама жаңартылмай қалып, жаңа бағдарлама толық өнделмей қалғандықтан түгел салық төлеуші салық есептілігін қағаз түрінде салық басқармасына ұсынды.
Бұл бағдарламаның көрінісі келесідегідей:
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында үлкен маңызға ие ірі компаниялардың бірі болып табылады. Жалпы Республика бойынша 85 000 жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде 51 000 әкімшілік-басқарма қызметкерлері болса, қалғаны 34 000 басқа да шаруашылық жұмысшылары болып табылады.
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы өз алдында жеке мақсаты, міндеті бар филиалдардың бірі болып табылады. Ол орталық аппараттың шаруашылық қызметтерін ұйымдастырғандықтан орталық аппараттың жанында жұмыс жасайды. Астана қаласы бойынша адамдары жұмыспен қамтамасыз ету саны 450 жұмыс орны. Оның ішіндегі 150 адам әкімшілік-басқармада, қалған 300 шаруашылық жұмысшылары. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ үлес жұмысшылар бойынша үлес салмағы 0,53%.
Филиалдың бухгалтериясы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға сәйкестендірілген балық нормативтік актілерге сәйкес жұмыс жасайды. Штаттық кесте бойынша бухгалтерияда 10 қызметкер бар. Оның ішінде 1 бас бухгалтер, 1 бөлім бастығы және 8 бухгалтер.
Теориялық негіздегі білімімді тәжірибе жүзінде сынай келіп мен өз ісімнің білікті маманы болу үшін келесі ережелерді қатаң сақтау керек екендігін түсіндім:
Қоғам белгілеген этикалық және эстетикалық тәртіптерге толығымен бағыну;
Жұмыс орнында еңбек келісімшартында, жарғыларда, бұйрықтарда белгіленген ережелерді қатаң сақтау;
өзіңе белгіленген құқықтар мен міндеттерді толығымен білу жәнке оларға бағыну;
берілген жұмыстарды уақтылы әрі ұқыптылықпен орынлдау және оның қорытындыларына жауап беру;
белгілеген қызмет бабының толық зерттеу, жаңартуларын игеру.
Қорытындылай келсек бухгалтерлік есеп пәнінен өндірістік тәжірибе ойдағыдай өтті. Тәжірибе барысында өзімді білікті маман ретінде сезіндім және өзіме жүктелген жауапкершілік пен оқу орнының сенімін толық сезіндім. Болашақта өз ісімнің білікті маманы болатыныма сенімдімін.
ҚОСЫМШАЛАР
Бухгалтерлік есеп пәнінен өндірістік тәжірибе құжаттары жеке арналған бумаға тігілген. Қосымшалардың жеке тақырып бойынша топталуындағы саны 9:
Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшесінің (филиалдың) және бухгалтерияның жұмысын ұйымдастыру
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру
Еңбекақы бойынша бастапқы құжаттар
Тауарлы-материалдық құндылықтар қозғалысы бойынша құжаттар
2008 жылдың 4 тоқсанында келіп түскен ТМҚ тізімі
Негізгі құралдырдың қозғалысы бойынша құжаттар
Жергілікті салықтар бойынша салық есептілігі
Қаржылық есептілік (1-бөлім)
Қаржылық есептілік (2-бөлім)
