- •«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» ақ
- •Өндірістік тәжірибенің есебі Ақмола қаржы-экономикалық колледжінің
- •_______________ Оразханұлы рауанның________ ____
- •1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы
- •2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
- •2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
- •2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)
- •3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы
- •Қаржылық есептілік
- •5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру
Қаржылық есептілік
4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік
Жалпы «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ «Щаруашылық басқармасы» филиалысалық салынатын обьектілер негізінде келесі салықтар бойынша ҚР ҚМ СК Астана қаласының салық департаменті «Сарырқа» және «Есіл» аудандары бойынша салық департаменттерінде тұр:
Жер салығы;
Мүлік салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жеке табыс салығы;
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
Жер үсту су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Бұл салықтарды филиал өз алдына жеке төлеп және есептеліп отырады. Бірақ Қазақстан Республикасының негізгі салықтары бойынша, яғни корпоротивті табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін тек қана орталық аппараттың «Салықтармен жұмыс жасау» бөліміне тапсырады. Яғни жыл соңында әрбір филиал бойынша жарғыда белгіленгендей ағымдағы жылды қорытындылап, сол жыл үшін есептілікті тапсыру міндет болып табылады. Бірақ бюджетпен есеп айырысуға жауапты тұлға орталық аппаратқа белгіленген салық мерзіміне дейін 10 жұмыс күніне дейін тапсыруы керек. Жалпы салық есептілігінің құжатталуы келесі нысандарда жүргізіледі:
100.00 – корпоротивті табыс салығы. Орталық аппаратқа жүйеленген кесте түрінде электронды түрде жыл сайын тапсырылады.
200.00 – жеке табыс салығы. 210.00 резидент еместердің жеке табыс салығы. Салық басқармасына әр тоқсан сайын электронды және қағаз түрінде ұсынылады.
300.00 – қосылған құн салығы. Орталық аппаратқа жүйеленген кесте түрінде электронды түрде тоқсан сайын тапсырылады.
600.00 - әлеуметтік салық. Тоқсан сайын салық басқармасына кез-келген нысанда тапсырады.
700.00 – меншікке салынатын салық бойынша декларация. Әр жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады.
701.00 – жер салығы бойынша есеп. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 ақпанға, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 мамырға, 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 тамызда, 1 қазандағы жағдай бойынша 15 қарашада тапсырылады.
702.00 – көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп. Әр жылдың 5 шілдесіне дейін тапсырылуы керек.
703.00 – мүлікке салынатын салық бойынша есеп. . 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 ақпанға, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 мамырға, 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 тамызда, 1 қазандағы жағдай бойынша 15 қарашада тапсырылады.
860.00 – жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 870.00 -қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. Тоқсан сайын кез-келген нысанда салық басқармасына тапсырылады.
Салық басқармасындағы салық базасында бюджетпен есеп айырысу бойынша тұлға болып «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының бас бухгалтері Көшкімбаева Б.Қ.тіркелген. Бірақ бухгалтерия бөлімінде тікелей салықпен айналысатын бөлім бастығы Ашуова Г.А. Сол себепті әрбір салық есептілігін тапсырған сайын ол филиалдың басшысы Марков В.Ю., бас бухгалтер Көшкімбаева Б.Қ. атынан сенімхат алып салық есептілігін тапсыруға құқық алғаннан кейін салық басқармасына өткізеді.
Жалпы филиал өз бетімен жеке дара тәуелсіз қызметпен айналыспайтындықтан оның кірістерін де, шығыстарын да орталық аппарат көтереді. Сондықтан салықты төлеу алдында «Қазақстан Темір жолы»Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы орталық аппаратқа белгілі себептер негізінде қаржыландыруға өтініш жазады. Өтінішке рұқсат берілген жағдайдан кейін орталық аппараттың есеп айырысу шотынан «Шаруашылық басқарма» фииалының есеп айырысу шотынаақша қаражаты аударылады. Түскен ақшаны филиалдың бюджетпен есеп айырысуға жауапты тұлға әр салық бойынша бюджетпен есеп айырысады. Ол келесі корреспонденцияда көрсетіледі:
№ |
Операция азмұны |
Дебе |
Кредит |
1 |
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Орталық аппаратынан «Шаруашылық басқарм» филиалына қаржыландыру болды. |
1030 |
1241 |
2 |
Әлеуметттік салық №312 төлем тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 1 тоқсаны үшін төленді |
3150 |
1030 |
3 |
Жұмыскерлердің еңбекақысынан жеке табыс салығы ұсталынды. |
3350 |
3120 |
4 |
Жеке табыс салығы № 299 төлем тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 1 тоқсаны үшін төленді |
3120 |
1030 |
5 |
Қоршаған ортаны ластағаны үшін және жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы бюджетке аударылды. |
3190 |
1030 |
6 |
Мүлік салығы төленді |
3180 |
1030 |
7 |
Жер салығы төленді |
3160 |
1030 |
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі
Бастапқыда айтып кеткендей корпоротивті табыс салығы және қосылған құн бойынша салық бойынша операцияларсалық басқармасымен тікелей жүргізілмейді. Яғни, «Шаруашылық басқарма» филиалы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылғандықтан оның корпоротивті табыс салығы бойынша салық салынатын обьектілері тікелей орталық аппараттың балансына апарылады. Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдері туралы кодексінде көрсетілгендей КТС бойынша төлеушілер болып тек қана заңды тұлғалар болып табылады, ал олардың құрылымдық бөлімшелері бұл салық бойынша тіркеуге тұруға құқығы жоқ.
Жалпы корпоротивті табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша кішігірім декларация орталық аппаратқа тапсырылатындықтан ол декларация электронды түрде бір-бірімен жанасқан «Microsoft Office Excell» кесте түрінде тапсырылады. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысының 2006 жылы 13 желтоқсанда бекіткен декларация түрінде тапсырады. Оны электронды түрде толтыру барсында келесі тәртіптер сақталуы керек:
Кестенің ұяшықтарының форматын өзегртпеу;
Филиалдың реквизиттерін толық көрсету;
Барлық көрсеткіштерді нақты, бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп толтыру;
Толтырылуға тиіс барлық қосымшаларды толтыру;
Декларацияны толтырғаннан кейін өз қарауымен оған түсініктеме, мазмұнын толықтыратын хат жазу.
Корпоротивті табыс салығы декларациясы өз ішінде бірнеше қосымшалардан тұрады. Олар:
Тауарды, қызметті өткізуден түскен кіріс;
Ғимараттарды, құрылыстарды және аммортизациялануға жатпайтын активтерді сатқандағы құн өсімінен түскен кіріс;
Күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер;
Сыйақылар;
Басқа да кірістер;
Бағамдық айырма;
Басқару және жалпы әкімшілік бойынша шығыстар;
Өткізілген тауарлар, қызметтер бойынша шығыстар;
Сыйақы бойынша шығыстар;
резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары;
өзге де шегерімдер;
әлеуметтік салға салық салу;
Күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар;
қызметкерлерді оқытуға, біліктілігін көтеру үшін кеткен шығыстар;
амортизациялық аударымдар, жөндеуге кеткен шығыстар, тіркелген активтер бойынша аударымдар;
пайдалануға бірінші рет енгізілген тіркелген активтер бойынша аударымдар;
шетелдік, оның ішінде басқа елде салық салуда жеңілдігі бар кірістер;
ҚҚС бойынша Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылған салық салынатын кірісті есептеу;
шет ел салығын есептеу;
салық міндеттемесін есептеу;
өзге де халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кіріс;
стандарттық салық жеңілдіктерін алғанда салық міндеттемесін есептеу;
өз өндірісінің тауарларын өткізетін салық төлеушілер тиіс КТС кеміту сомасының есебі;
КТС бойынша декларацямен кірістер және шығыстар туралы есепті салыстыра тексеру;
кен орындарын игеру зардаптарын жоюға аударымдар;
геологиялық зерттеулер мен дайындық жұмыстарының шығыстары, жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары;
бухгалтерлік баланс;
кірістер мен шығыстар туралы есеп;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс);
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс);
