- •«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» ақ
- •Өндірістік тәжірибенің есебі Ақмола қаржы-экономикалық колледжінің
- •_______________ Оразханұлы рауанның________ ____
- •1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы
- •2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
- •2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
- •2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)
- •3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы
- •Қаржылық есептілік
- •5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» ақ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
Толық атауы: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалы.
Қысқартылған атауы: «ҚТЖ»ҰК»АҚ-«ШБ» филиалы
СТТН: 620300217668, сериясы 62 № 0139167
Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген.
Статистикалық идентификациялық код (ОКПО): 39741820859
Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.
Телефон: (7172) 93-80-88
Факс: (7172) 32-82-27
Электронды кілтті қолдануға келісім: 04.04.2008 күні №620312563984.
Обьектіні жасаған тұлға: «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы»АҚ, СТТН 620100210058.
Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409
Бюджетпен есеп айырысудағы жауапты тұлға: Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы, СТТН 240210097103
Банктік реквизиттері:
«Наурыз банк» АҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалы
БИК 191801427, СТТН 301700005167, ЖИК 000421251
«Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Астанадағы филиалы.
БИК 195301603, СТТН 031400075489, ЖИК 000421251
ОКЭД: 70320 – Жылжымайтын мүлікпен басқару.
Көлемі: Ірі (жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады)
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционершлік қоғамының орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін ҚР заңнамасына, Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ «Шаруашылық басқарма» туралы ережеге сай жүұмыс істейді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық белгісі, және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері бар. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін сал, күтіп ұстау және жетілдіру;
тасымалдау процесін басқару;
магистраль темір жол желісіне қызмет көрсету;
темір жол көлігімен жүктерді, соның ішінде қауіптілерін тасымалдауды жүзеге асыру;
темір жол жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
маркетингтік қызмет;
көліктердің әр түрін қатыстырып, тура және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу арқылы теміржолдық транзиттік көліктік коридорларды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысы;
Сыртқы экономикалық қызмет пен шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
өнімнің, көрсететін қызметтердің экспорты (импорты)
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардын, ақпаратты өндеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, жасау;
ақпараттық қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады.
Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:
филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын аумақтағы ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың авариясыз жұмыс імтеуінқамтамасыз ету;
Қоғамның атынан Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шарттар жасасу;
Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
Қоғам атынан әкімшілік пен өндірістік ғимараттарда жалпы жөндеу, өрлеу жұмыстарын және эанасатын аумақтарды абаттандыру жұмыстарын орындауға шарттар жасасу;
Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру;
Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау;
Негізгі құралдарды есепке алу;
Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тауарлық-материалдық қорлармен қамтамасыз ету;
Қоғамның орталық аппаратының қызмет етуі үшін қажетті ТМҚ қоймалық есепке алынуын жүргізу;
Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның әкімшілік шығыстар лимиттерін сақтауына, оның ішінде коммуналдық қызметтерді төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
Филиалдың негізгі құралдарын, тауарлы материалдық қорларын күзету болып табылады.
Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде басқару қөұрылымы келесі сызбада көрсетілген:
(1-сызба)
Филиал оған Қоғам бекітіп берген құралдардан тұратын мүлікке, сондай ақ Қоғамның теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдарға, құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есептелетін мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.
