- •Хх ғасыр басындағы көркем аударма
- •3.Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
- •Жыраулар шығармалары олғаулар тақырыбы Өмір Ел Адам Туған жер Азаматтық Адамгершілік, достық
- •«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі
- •7. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •8. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- •10. Дамыта оқыту технологиялары.
- •8. Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы
- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •33. Лирика жанры, оның түрлері
- •34. Драма жанры, оның түрлері
- •35. А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы
- •36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
- •37. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (б.Кежебаев, м.Жолдасбеков, х.Сүйіншәлиев, н.Келімбетов)
- •«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.З.Д. Vіі – б.З. Іх ғасыр мұралары.
- •Орта түркі дәуірі – х – хіі ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
- •38. Абайдың табиғат лирикасын оқыту
- •39. Аңыздық проза және оның түрлері
- •40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
- •41. Мысал жанрын оқыту.
- •42.Роман жанрын оқыту.
- •43.Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (к.Төгісов,к.Кемеңгеров)
- •44. «Зар заман» ақындары поэзиясының стилі.
- •45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары
- •46.М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі
- •47.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
- •48.Абай аудармалырының шеберлік қырлары
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.
Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:
Қазақ халқының төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б.
Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)
-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)
-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)
-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отырып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т.б.
