- •Хх ғасыр басындағы көркем аударма
- •3.Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
- •Жыраулар шығармалары олғаулар тақырыбы Өмір Ел Адам Туған жер Азаматтық Адамгершілік, достық
- •«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі
- •7. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •8. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- •10. Дамыта оқыту технологиялары.
- •8. Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы
- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •33. Лирика жанры, оның түрлері
- •34. Драма жанры, оның түрлері
- •35. А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы
- •36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
- •37. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (б.Кежебаев, м.Жолдасбеков, х.Сүйіншәлиев, н.Келімбетов)
- •«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.З.Д. Vіі – б.З. Іх ғасыр мұралары.
- •Орта түркі дәуірі – х – хіі ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
- •38. Абайдың табиғат лирикасын оқыту
- •39. Аңыздық проза және оның түрлері
- •40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
- •41. Мысал жанрын оқыту.
- •42.Роман жанрын оқыту.
- •43.Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (к.Төгісов,к.Кемеңгеров)
- •44. «Зар заман» ақындары поэзиясының стилі.
- •45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары
- •46.М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі
- •47.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
- •48.Абай аудармалырының шеберлік қырлары
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған Алаш идеясының арғы тегі ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы т.б. сияқты «Зар заман» ақындарының қазақтың азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық. Тек ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласының әр тұсында басталған поэзиядағы отаршылыққа наразылық идеясы мен Кенесары Қасымұлы, Исатай-Махамбет бастаған ашық күрескерлік ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық мәдени-саяси қозғалысқа айналды. ХІХ ғасырда ескіше хат таныған ақындар тығырықтан шығар жол таппай күңіреніп, жалаң қылыш асынған батырлар мұздай қаруланған жауға қарсы шапса, ХХ ғасырда еуропалық терең біліммен жарақтанған қазақ зиялылары азаттық идеясын өркениетті түрде жаңа сатыға көтерді. Олар білек күшімен емес, білімнің мысымен күресті. Ұлы мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары да өзінің алдындағы қазақ халқына ойы азық, сөзі темірқазық болған ұлт данышпандарының ұлы қайнарынан сусындады. «Олар кімдер еді?» дегенде әрине, алдымен ұлы Абай Құнанбаевты атар едік.
ХХ ғасырдың алғашқы он – жиырма жылындағы қазақ әдебиетінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов шығармалары жоталанып көзге түседі. Міржақыповтың «Оян, қазақ!» кітабы «Қалың елім, қазағым» деп тебіренген, іші қанжылай еміренген Абайдың өзекжардымұңының жалғасы сынды, ұлт жігерін одан әрі қарай қайрау іспетті шықты. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Бернияз Күлеев, Спандияр Көбеев сынды тұлғалы таланттардың ақындық шабытты шаттары мен қоғамдық қайраткерлерінің белсенді күндері осы кезеңге тұспа-тұс келді. ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жаршысы, Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаш туы астында, Біз – алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған. Жерімізді шимайлаған, Өшті залым қарасы. Жасасын, алаш, жасасын!
Ақынның бұрыннан бері ішінде қайнап жүрген бүкіл арманы осылай ұран болып шығады. Ол Алаш партиясының ұранын құптап, бостандық жолындағы алдағы күнге жасаған жоспарына шаттана қосылады. «Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады.
81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Қазақ жыраулар поэзиясының хандық дәуірдегі ел өмірінің көркем бейнесі болып табылатынын дәйектейтін сипаттардың бірі – жыр-толғаулардың кейіпкерлері мен қаһармандары. Жыраулардың негізгі қаһармандары – ел, ел билеген хандар және қол бастаған батырлар. Хандар мен батырлардың жыраулар поэзиясында маңызды орын иеленуі де замана тынысымен тікелей байланысты. Ел ішіндегі береке мен жердің бүтіндігіне алаң жыраулар елге тұтқа тұлғалардың ұсақ-ұлаң кемшіліктерінің өзі ел тағдырында зор маңыз алатынын анық түсінетіндіктен, өз қаһармандарының жақсы әрекеттерін халыққа өнеге ете, асқақтата жырласа, көңілге кірбің түсіретін мінездерін аяусыз сынайды және мұндай шығармашылық мінез: «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің. Қымыз ішіп қызарып, Мастанып, қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге сөйлейсің?!» – деп айбындана сөйлейтін Асан қайғыдан бастап, бір сәт астамшылыққа бой алдырған ханды: «Ай, Абылай, Абылай, Сен мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Әбілмәмбет патшаға Қызметкер болып тұр едің...» – деп сабасына түсіретін Бұқар жырауға дейінгі аралықта бұлжымас дәстүрге айналған тағылымды жол сияқты көрінеді. Жыраулар поэзиясында ел өмірінің алуан мазмұнда көрініс табуы және солардың бәрінде береке-бірлікті ұлағат етуге бағдар ұсталуы – жыраулардың өз дәуіріндегі өмір шындығын алға тарта отырып, елді жақсылыққа бастауды мақсат тұтқан және сол мақсат жолында қызмет қылған қайраткер тұлғалар болғандығының айқын айғағы.
