- •Хх ғасыр басындағы көркем аударма
- •3.Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
- •Жыраулар шығармалары олғаулар тақырыбы Өмір Ел Адам Туған жер Азаматтық Адамгершілік, достық
- •«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі
- •7. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •8. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- •10. Дамыта оқыту технологиялары.
- •8. Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы
- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •33. Лирика жанры, оның түрлері
- •34. Драма жанры, оның түрлері
- •35. А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы
- •36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
- •37. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (б.Кежебаев, м.Жолдасбеков, х.Сүйіншәлиев, н.Келімбетов)
- •«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.З.Д. Vіі – б.З. Іх ғасыр мұралары.
- •Орта түркі дәуірі – х – хіі ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
- •38. Абайдың табиғат лирикасын оқыту
- •39. Аңыздық проза және оның түрлері
- •40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
- •41. Мысал жанрын оқыту.
- •42.Роман жанрын оқыту.
- •43.Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (к.Төгісов,к.Кемеңгеров)
- •44. «Зар заман» ақындары поэзиясының стилі.
- •45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары
- •46.М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі
- •47.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
- •48.Абай аудармалырының шеберлік қырлары
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. 4 мәрте қайта басылған. Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.Екінші бөлім – «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды. Үшінші бөлім – «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан өзінше әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып берілді. Ыбырай Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдәсін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды негізге алған. «Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары» - деп аталатын төртінші бөлім оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын алды. Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып енгізілген. Алтыншы бөлім – «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және тағы басқа жағдайларға байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, А.А.Бобровниковке, орыс – қазақ мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа жазған хаттары іріктеліп берілді. Кітап соңында Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер берілді. Бұған енгізілген материалдар да жинақ үшін арнайы аударылды. Мұнда педагог – жазушы, қоғам – қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болуы туралы некрологтан және Н.И.Ильминскийдің, әріптестері Ф.Д.Соколов пен А.А. Мозохиннің ол туралы естеліктерінен үзінділер берілді.
68. Шығарма жаздыру.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар: 1.Тақырыпты толық аша білу; 2 Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу; 3.Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы; 4.Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы; 5.Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек; 6.Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады; 7.Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды. 1.Мазмұндылығы мен идеялылығы; 2.Ой – пікірдің жүйелілігі; 3.Стилі; 4.Граматикалық сауаттылығы; Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
Шығарма көлемі мен уақыты: 5– сынып – 0,5-1 бет;6 - сынып – 1-1,5 бет; 7 - сынып – 1,5-2 бет; 8 - сынып – 2-3 бет; 9 - сынып – 3-4 бет; 10 - сынып – 4-6 бет; 11 - сынып – 6-8 бет;
Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет. Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең – жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек. Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
69. Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары. Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етеді. «Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды. Сауыр емес, шап болды... Заманға сай адамы - Қу заманға сұм басшы Сорымызға тап болды...» - десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлеңінде:
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері –
Жемтікке қонған күшіген...
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.
