Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adebiet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.83 Кб
Скачать

65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.

Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметке енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Атап айтқанда: жоба, үлгіні қорғау, дөңгелек үстел, пікір-сайыс, «ХХІ ғасыр – көшбасшы» интеллектуалдық марафон және т.с.с. Шығармашылықтың осы түрлерімен  қатар, жоспар құру мен кіріктіру  және атақты адамдардан сұхбат алуды қолдануға болады. Шығармашылықтың келесі бір түрі жоғары сыныптардағы ойын. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы саясаткерлер, ғалымдар, әлеуметтік, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары ролінде және облыс (қала) бойынша проблемалар туралы әр түрлі пікірлердің айтылуы жөнінде. Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады. Білім беру жүйесін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "түрлі"  тапсырмамен анықталады. Оқушылардың шығармашылық деңгейі тапсырманың мазмұнына тәуелді екені тәжірибеде дәлелденген. Егер тапсырма нашар берілсе немесе тапсырма оның өзінің тәжірибесі мен негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.

"Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамүрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т.б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі. Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал. Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып тұр. Біз көбінесе жекелеген эмоционалдық жағдайды екінші бір сезімге ауысуына, оның бет-жүз құбылысы мен ой-сана процесіндегі қозғалысына куә болып отырмыз. Мысалы, бір бөлімнің сонындағы Әмір ағалары Ақбілекті тауып, ауылына алып келе жатқандағы көрініс, сондағы қыз шері-монологы қалай шебер берілген десеңізші:" Осы арам деміммен, арам ауызымен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорқпай, оны құтты қадам мешіттей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған, аяғымен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Мені көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызьГ деп, кім көрінген ішінен түрады-ау! Әлде біреуі әкеммен, не өзімнен егіскен күн айтыпта салады-ау!... " Жалғыздық-ішкі монологтың ең негізгі қасиетті екені белгілі. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ойына, сана ағымына ерік бере алады. Сөйтіп өз-өзімен сөйлесіп кеткенін де сезбей қалады.Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп дамытып отыр. Дәл осындай ойлау динамикассы Ақбілектін ақтарға ұстатып кейін үйіне қайтып келе жатқан Мүқаштың ішкі монологы арқылы да бейнелейді. Аймауытовтың сихологизмінде әсіресе психологиялық өзін-өзі талдау (психологический анализ ) көрнекті орын алады. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бірі әдісі-осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау, жегідей жеу.Бұл әдіс көбнесе өзі қылмыс сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл күйі, жан азабы үстінде кейіпкердің ақтарылуы немесе өз ары алдында ақтаулы жағдайында көрінеді. Және ол сөз қылмыс жасаушының өз атынан айтылады оның екі түрі болады: өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өзін ашуы (самораскрытие героя). Осы екінші түрде кейіпкер өзінің ойы мен сезімі, ішкі өмір ағының айтады, ол мезгіл өзі қылмыс жасаған сәтке сәйкес кёледі. Кейіпкер дәл сол сәтте қандай көңіл күйде болды не сезінді т.б. туралы әңгімелейді. Ал, бірінші жағдайда өзінің әлеміндегі жәй-күй мен жан арпалысы, өз ісін таразға салу тұрғысынан жан-жақты айтылады. Осы орайда айтылған теориялық тұжырымға Аймауытов бейнелеп отырған Мұқаш бейнесі, оның ішкі монологы нақты дәлел бола алады.Аймауытов адам психологиясын, жан-жүйедегі дүлей толқындардың сыртқа сыр беріп қалатын осынау оңтайлы әдістерін де әдемі түрлендіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]