- •Хх ғасыр басындағы көркем аударма
- •3.Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
- •Жыраулар шығармалары олғаулар тақырыбы Өмір Ел Адам Туған жер Азаматтық Адамгершілік, достық
- •«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі
- •7. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •8. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- •10. Дамыта оқыту технологиялары.
- •8. Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы
- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •33. Лирика жанры, оның түрлері
- •34. Драма жанры, оның түрлері
- •35. А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы
- •36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
- •37. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (б.Кежебаев, м.Жолдасбеков, х.Сүйіншәлиев, н.Келімбетов)
- •«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.З.Д. Vіі – б.З. Іх ғасыр мұралары.
- •Орта түркі дәуірі – х – хіі ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
- •38. Абайдың табиғат лирикасын оқыту
- •39. Аңыздық проза және оның түрлері
- •40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
- •41. Мысал жанрын оқыту.
- •42.Роман жанрын оқыту.
- •43.Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (к.Төгісов,к.Кемеңгеров)
- •44. «Зар заман» ақындары поэзиясының стилі.
- •45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары
- •46.М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі
- •47.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
- •48.Абай аудармалырының шеберлік қырлары
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек(Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов,Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).
58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
“Қалқаман-Мамыр” - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. «Қалқаман – Мамыр» поэмасын ақын «тарихи хикая» деп атап, «Мұтылған» деген лақап атпен жариялаған. Поэма – Қалқаман мен Мамыр арасындағы махаббат драмасына құрылған, жанры жағынан лиро-эпикалық дастан. “Қалқаман-Мамыр” – өте күрделі шығарма. Күрделі болатыны, ең алдымен туынды арқауы аңызға айналып кеткен, ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде өткен нақты оқиғаға құрылған. Олай болса, нақты оқиғаның ізінен ауытқы май, халқымыздың салт-дәстүрінің өзіндік бояу-нақышын сақтай отырып, Қалқаман мен Мамыр сынды қос ғашықтың тағдырын бү гін гі күн көрермендерінің көңіліне қонақтата білу үлкен шеберлікті талап ететіні айтпаса да белгілі. Расында да, бір жағынан қазақ ара сындағы сол кездегі түсінік-танымға да баттас ты рып қара бояуды жаға салуға болмайды. Өйт кені, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазақ үшін халықтық генофондты таза сақтаудың сенім ді жолы еді. Екінші жағынан, еш бұйрыққа көнбейтін махаббат құдіретіне бас имеу тағы да мүмкін емес. “Қалқаман-Мамыр” — ел бірлігі, ұлт тұтастығы, ағайын арасының амандығы үшін, киелі салтымызды, қазақы қалпымызды сақтау үшін қандай құрбандыққа да бара алатын халықтық қасиетімізді асқақтата айтатын ардақты туынды.
