- •Хх ғасыр басындағы көркем аударма
- •3.Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
- •Жыраулар шығармалары олғаулар тақырыбы Өмір Ел Адам Туған жер Азаматтық Адамгершілік, достық
- •«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі
- •7. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •8. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- •10. Дамыта оқыту технологиялары.
- •8. Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы
- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •33. Лирика жанры, оның түрлері
- •34. Драма жанры, оның түрлері
- •35. А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы
- •36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
- •37. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (б.Кежебаев, м.Жолдасбеков, х.Сүйіншәлиев, н.Келімбетов)
- •«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.З.Д. Vіі – б.З. Іх ғасыр мұралары.
- •Орта түркі дәуірі – х – хіі ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
- •38. Абайдың табиғат лирикасын оқыту
- •39. Аңыздық проза және оның түрлері
- •40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
- •41. Мысал жанрын оқыту.
- •42.Роман жанрын оқыту.
- •43.Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (к.Төгісов,к.Кемеңгеров)
- •44. «Зар заман» ақындары поэзиясының стилі.
- •45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары
- •46.М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі
- •47.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
- •48.Абай аудармалырының шеберлік қырлары
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б. Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізіледі. Мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады. Әдеби мұралардың көлемі ұшан-теңіз. Оның, барлығын әдебиеттік оқу сабақтарында түгел қамту мүмкін емес. Бағдарламалық материал негізінде оның көлемін кеңейту, сыныптан тыс жүргізілген әртүрлі жұмыстар арқылы іске асырудың жолдары.
Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, түсінуі оқырмандық қызығушылының қалыптасуы сыныптан тыс оқумен толықтырлады. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.
Факультативтік сабақ. Оның сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың арасын жалғастырушылық сипаты. Ерекшеліктері. Арнаулы бағдарлама арқылы жоғары сыныптарда өтілетіні.
