Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adebiet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.83 Кб
Скачать

45.М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қазақ фольклоры нұсқаларын жинау ісімен көп шұғылданғаны мәлім. Олардың ішінен «Желкілдек», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Алтын бас, күміс аяқ», «Сайын батыр», «Қырғызға барған батыр» сияқты нұсқалармен қатар Бұхар жырау, Сақау, Шөже, Шортанбай, Орынбай т. т. көптеген ақын сөздерін де кездестіреміз. Мәшһүрдің ескі сөздердің қалпын бұзбай дұрыс жазып алуды борыш санағандығы сондай, жыр нұсқалары табиғи көне түрін мол сақтағандығымен көзге түседі. Мұның бір себебі – ол дастандарда, халықтың жайын, түрлі аңыздарын жетік білетін кәрі құлақ даналар, жыраулар сарқыны мол кезде жинап үлгерген. Бұл салада қалдырған мұрасының әдебиет ғылымы үшін қаншалықты құнды екені өзінен-өзі түсінікті болса керек. Тек сол материалдарды екшеп, татымдыларын кітап етіп жарыққа шығаруды ойластырған абзал. М.Ж. Көпеев жинағандарының бірі – «Желкілдектің» оқиға- лық, композициялық, тілдік т. т. ерекшеліктері жөнінде толып жатқан қажетті қорытындылар жасауға болады. «Желкілдек» батырлар жырына кей жағынан ұқсай да бермейді. Әдетте батырлар жырында кездесетін қара сөздерде шұбалыңқылық байқалатынды. Одан гөрі оның (жырдың) өлеңдік жағына көбірек назар салынатынды. Ал, «Желкілдекте» қара сөздің ырғақтылығын молайтып, сөздің шұбалаңқылығын азайтуға, интонацияға көңіл қойғандық сезіледі. Мұны мына бір үзіндіден-ақ көруге болады. Нармамбеттің екі қызы болған, бірінің аты – Күнікей, бірінің аты – Тінікей болған. Екі қыз ұйықтағанда түс көрген, таңертең жеңгесіне келеді. Бір шапанды жамылады, екеуі бір жеңнен басын шығарады, жеңге, дейді: бір түс көрдік, от жағалай іс көрдік, екіде қара тең көрдік, жоры, жеңге. 172 Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Жылама әкем деді: жауға мен барайын, бір келгенін бір қырайын, екі келгенін екі қырайын, біріне бірін қоспайын. Әкесі айтты балаға: сенің алар жауың жоқ, бойың сенің өскен жоқ, бұғанаң әлі қатқан жоқ, балақта жүнің өскен жоқ»

Мәшһүр Жүсіп заманындағы ақындар салты бойынша, шығыс қиссаларымен сарындас шығармалар жазады. Солардың бірі – «Гүлшат–Шеризат». Қиссаның тілі композициялық құрылысына қарағанда, шығыстық сюжетті бұлжытпай қайталамаған. Шығар- мада Бағдат, Шынмашын аттары аталып, оқиға сол жақта болып жатқанмен, Көпеев түпнұсқаға өзінше өңдеп, моральдық, әділдік, ғашықтық жайын сөз еткен. Қиссада жаманшылық уәкілдері жаза- сын тартып, әділдіктің баянды болғаны түсіндіріледі. Дүниеге сатылып зұлымдық істегендер, кісі қанын жүктеген мансапқорлар әшкереленеді. Жазықсыз қаза болған анасының қасында, иесіз жерде жалғыз қалған Шеризатты үштен беске келгенше арыстан асырап, оны кейін адам қауымына қосады. Шеризаттың батыр, мархаматшыл, кешірімшіл болғаны, махаббаты берік, өзіне сай Гүлшаттай жар тапқаны сөз болады. Жендеттер қолынан өлген ханым әлдеқандай қасиетті адам дәрежесінде сипатталады, кеудесінен «бұлақтай аққан сүт» бірнеше жылға дейін таусылмайды, қорғансыз жетім қалған Шеризат ана сүтін қорек етіп аман қалады. Өлтіріп өңшең жауыз тастап кетті, Тірі жан өлген жаннан қорек етті. Еш нәрсе сүттен басқа азық болмай, Талпынып екі мен үш жасқа жетті. Шеризаттың әкесі қайтыс болар алдында жақындарын, таныстарын жинап: «Тілеп алған баланың дүниеге келуін көрмей ол дүниеге сапар шекпекпін. Ханымнан ұл туса, орнымды басып патша болсын, қыз туса, қабағын шыттырмай тәрбиелеп сүйгеніне қосыңдар. Тағымды әзірше уәзірім Парақзатқа қалдырдым», – деп өсиет айтады. Парақзат патшаға берген уәдесінен таяды. Ханым ұл тапса, патша болудан махрұм қалармын деген арам ой көкейін теседі. Бірнеше адамды сатып алып, ханымды өлтіруді тапсырады. Уәзірдің бұйрығы бойынша, «толғағы қысып отырған» ханымды аулаққа апарып, кескілеп өлтірген жендеттер табанда арыстанға тап болып, түгел ажалға ұшырайды. Енді олар өлтіріп болғанша, босанып үлгерген ананың омырауына өрмелеп, шырқырап жыла- ған нәресте жайы сөз болады. 173 ІІІ бөлім. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы туралы зерттеулер мен естеліктер Әкеден, анадан бірдей айырылып, жетім қалған Шеризат ержетіп, ел аралап жолға шығады. Шешесін өлтірткен патшаның еліне келеді. Сарайда сайран салып жатқан сол патшаның қызы Гүлшат аруды көреді. Қалам қасты нұрлы көз, Ақ бетіңе пар келмес, Сарт тоқыған аппақ бөз. Гүлшаттан көптен дәмеленіп жүрген бір жігіт еркімен табысқан жастардың жасырын кездесіп жүргенін біліп қояды, оны қыздың әкесіне жеткізеді. Уәзір Шеризатты ұстап келу үшін қанша нөкер қосып Алмас, Қоймас деген екі алыбын аттандырады. Шеризат соғыс үстінде алыптарды нөкерлерімен өлтіреді. Тығылып қалған біреу-екеу ғана Шеризаттың қаһарлы айбынын, көрсеткен күшін патшаға айтып барады. Оның өлген патшаның тірі қалған баласы екені мәлім болады. Үрейі ұшқан Парақзат патша бас ұрып, Шеризаттан кешірім сұрайды. Шеризат оны зынданға салдырады, басын алмақшы болады. Бұл іске ара түскен Гүлшат Ақжүністің Қартқожақ өмірін шола сөйлегеніндей Шеризаттың ерліктерін шұбырта айта келіп: Қылыш ұстап болаттан, Жеті жасқа жетпей-ақ. Оздың шығып санаттан. Камшат бөрік басыңда, Барлық қыздар қасыңда Дұшпандарың жеңгенде, Қане мүйізің шыққаны? – дейді. Өстіп қиссада Гүлшаттың қаталдықты, қайырымсыздықты- кешірімділікпен жеңуді қостайтын адам екені көрсетілген. Шеризат «Көңіл ашылғандай қисса айтып берсең, әкеңнің жазығын кешемін», – дейді. Гүлшат оған Мәһи Мәнзал сұлудың бастан кешкен оқиғасын айтып береді. Оның қайырымдылығын үлгі етеді. Ертегі айту үстінде Гүлшат кейде Шаһаризадаға да ұқ- сап кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]