Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adebiet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.83 Кб
Скачать

41. Мысал жанрын оқыту.

Мысал-тұспалмен, иширимен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрлардан, мысалы, ертегіден ерекшілігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарлаасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі.

Мысал жанры сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған.Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз адебиетінде осы жанрдың элементтері кездесіп отырған.Ақын жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мысалы, Абай, Ыбырай, Дулат, А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші М.Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихында Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кібына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсариннің жақсы білген де, зор бағалаған»,-дейді. Зерттеуші Абайдың Крылов мысалдарынан оның хаманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа, сатира жақтарын көп алмай, оның орнына өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, Оны Абай төрт жол өлеңмен береді.

Мысалдың басты мақсаты – адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Мәселен, ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын алып көрейік. Мысалдың мәні-адам бойындағы міншіл, күншіл қасиеттерді болдфрмау, еңбекке жақын болып, қоғамға пайдалы болуды насихатту. Осы ретте, мысал акейіпкерлері бидай мен қаңбақтың диалогі беріліп, екеуінің өздерінің қасиеттерін санамалап, кімнің мағыналы өмір кешіп жатқаны сарапқа салынады. Қаңбақ:

Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай тұрысың?

Жүрмейсің, кқрмейсің, кезбейсің.

Не бар, не жоқты да сезбейсің.

Көктемде шығып.

Күз болса бұғып,

Бастарың салбырап,

Тұрғандардың маужырап,-

Деген күншіл қаңбақ бидайды сөгіп, өзінің таяз ойының таразысына салады. Өзін асқақ ұстап, жөнсіз әрекет тірлігін дәріптейді:

Мен болсам міне,

Күні мен түні

Ұшарымды жел біліп,

Қонарымжды сай біліп,

Сайран салып жүргенім,

Қызық өмір сүргенім.

Қаңбақтың бұл есірген мінезіне шыдамаған бидай оны ащы сөзбен түйрей жөнеледі:

Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай жүрісің?

Белгілі тұрағың жоқ,

Бас түгіл құлағың жоқ.

Қаңғырған қаңбақсың,

кімге пана болмақсың?

Бидай өздерінің дән мен әнге, бақ пен даңққа, ерлік пен жеңіске толы мағыналы өмірін қарсы уәж етеді. Қаңбақ пен бидай дауының дұрыстығын саралауды ақын оқырманның өздеріне салмақтауды тапсырады. Осы мысалы талдауда жиі қолданылатын рөлге бөліа оқыту арқылы, мұғалім оқушылардың мадамның мәнез құлқы, кәсібі, іскерлігі туралы пікірлерін ашық айтуға бейімдейді. Ол үшін мынадай сұрақтар қоюға болады:

  1. Бидай мен қаңбақтың таласынан не түсіндіңдер?

  2. Қаңбақ секілді өмір сүруді дағды еткен адам кездесе ме?

  3. Сәнді, абыройлы өмір сүру дегенді қалай түсінесің?

  4. Өмірдің мағынасы неде?

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін мақал мәтелдер мен қанатты сөздер келтіріп мәнін ашқызуға болады. Мысалы: «Кәсіп, кәсіп түбі -нәсіп», «Ердің атынеңбек шығарады», «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес». Осыдан соң , мысалда кездесетін астарлы ой, ишарат мағынаның ерекшелігін ашып, мәтіннен дәлел келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]