Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adebiet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.83 Кб
Скачать

  1. Хх ғасыр басындағы көркем аударма

Көркем шығарма аудармасын көркем аударма деп атаймыз. Көркем шығарманың басты мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жету және әдеби бейне жасау.

Көркем аударманың бірнеше түрі бар. Олар поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатира аудармасы, көркем проза аудармасы және ән мәтіндерінің аудармасы болып ажыратылады.

Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналады. Көркем шығарманы немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен мағынасын бере отырып аудару керек. Сонымен бірге, аудармашы эпитет, метафора сияқты тәсілдерді пайдалана білуі керек.

Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте эпитет (әсірелеп суреттеу), метафора (ауыспалы мағына) және сөйлемнің ритмика семантикалық ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің орасан зор мөлшерін пайдалана алады. Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары деңгейде жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Эпитеттер. Олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін, тұлғалану деңгейлерін есепке ала отырып аудару.

Теңеулер. Құрылымдық ерекшеліктерін оған қатысты сөздердің стилистикалық бояуын есепке ала отырып аудару кезінде қолданылады.

Метафора. Құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару.

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайдатүпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік  шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абайнеміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма").

2.Әдебиеттану ғылымы. Текстология.

Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология,тарихнама, библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны — әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны). Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес.

Текстология 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б.М.Томашевский енгізді (1920). Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы “мәтіннің сыны” деп аталады (Р.Бентли, Ф.Вольф). Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты.Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д.С. Лихачев мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографиямен, археографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде Текстология “автор еркіндігі” деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы, т.б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы не қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады. Осындай текстол. салыстырулар арқылы Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық толық шығармалар жинағы, М.Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы жарық көріп келеді. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” еңбегіндегі бұрын басылмай қалған сөйлемдер, мәтіндер қалпына келтіріліп, ғылыми түсініктемесі жазылып, тұңғыш рет толығымен жарияланды. Ежелден жалғасқан бай әдеби мұра мен ақын-жыраулар поэзиясын, бүгінгі күнге дейінгі қазақ қаламгерлері шығармаларының мәтіндерін салыстыра зерттеу – текстологияның негізгі міндеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]